Descargar Imprimir esta página

Bosch GBH Professional 2-28 Manual Original página 141

Ocultar thumbs Ver también para GBH Professional 2-28:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 27
Жұмыс құралын ауыстыру
Шаңнан қорғайтын қақпақ (4) жұмыс кезіндегі бұрғылау
шаңының құрал ұстағышқа кіріп кетуіне жол бермейді.
Құрылғыны орнату кезінде шаңнан қрғайтын қақпақтың
(4) зақымдалмағанын тексеріңіз.
Шаңнан қорғайтын қақпақ зақымдалса, оны дереу
u
ауыстыру керек. Оны қызмет көрсету
шеберханасында орындау ұсынылады.
SDS plus құралын алмастыру
SDS plus алмалы-салмалы аспабын енгізу (D суретін
қараңыз)
SDS plus бұрғылау патроны  алмалы-салмалы аспапты
қосымша құралдарды пайдаланбай оңай әрі жайлы түрде
алмастыруға мүмкіндік береді.
– GBH 2-28 F: SDS plus ауыстырмалы бұрғылау
патронын (2) енгізіңіз.
– Алмалы-салмалы аспаптың жалғанатын ұшын тазалап,
аздап майлаңыз.
– Алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішіне автоматты
түрде бекітілгенше бұрап енгізіңіз.
– Құралды тарту арқылы оның бекітілуін тексеріп
шығыңыз.
SDS plus алмалы-салмалы аспабы жүйе салдарынан еркін
қозғалады. Сол себептен бос жүріс күйінде радиалды
ауытқу пайда болады. Бұл саңылаудың дәлдігіне әсер
етпейді, себебі бұрғылау кезінде бұрғы өз бетімен ортаға
келтіріледі.
SDS plus алмалы-салмалы аспабын шығару (E суретін
қараңыз)
– Бекіткіш бұранданы (5) артынан жылжытып, алмалы-
салмалы аспапты шығарыңыз.
Ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау
патронындағы құралды ауыстыру
GBH 2-28 F
Алмалы-салмалы аспапты енгізу (F суретін қараңыз)
Нұсқау: SDS plus жоқ құралдарды соққымен бұрғылау
немесе қашау үшін пайдаланбаңыз! SDS plus жоқ
құралдар және олардың бұрғылау патроны соққымен
бұрғылау және қашау кезінде зақымдалады.
– Ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронын (1)
енгізіңіз.
– Ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронының
ұстағыш сақинасын (19) мықтап ұстаңыз. Құрал
бекіткішін алдыңғы төлкені (18) құрал енгізілгенше
бұрау арқылы ашыңыз. Ұстағыш сақинаны (19) нық
ұстап тұрып, алдыңғы төлкені (18) шерту дыбысы
анық естілгенше көрсеткі бағытымен күштеп бұраңыз.
– Құралдың берік бекітілгенін тарту арқылы тексеріңіз.
Нұсқау: құрал бекіткіші тірелгенше ашылған болса, құрал
бекіткішін жабу кезінде шерту дыбысы естілуі мүмкін
және құрал бекіткіші жабылмайды.
Бұл жағдайда алдыңғы төлкені (18) көрсеткі бағытына
қарсы бір рет бұраңыз. Сонан соң құрал бекіткішін
жабуға болады.
Bosch Power Tools
– Соғуды/айналуды тоқтату қосқышын (11) "Бұрғылау"
күйіне бұраңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару (G
суретін қараңыз)
– Ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронының
ұстағыш сақинасын (19) мықтап ұстаңыз. Алдыңғы
төлкені (18) құралды шығару мүмкін болғанша бұрау
арқылы құрал бекіткішін ашыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
GDE 16 Plus (керек-жарақ) арқылы шаң сору
(H суретін қараңыз)
Шаң сору үшін GDE 16 Plus (20) қажет.
Шаңсорғыш өңделетін дайындамаға сәйкес келуі керек.
Денсаулыққа зиянды, обыр туғызатын немесе құрғақ шаң
түрлері үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
GDE 18V-26 D (керек-жарақ) арқылы шаң
сору
Шаң сору үшін GDE 18V-26 D сорғыш құрылғысы қажет.
GDE 18V-26 D құрылғысын пайдаланған кезде оған
қатысты пайдалану бойынша нұсқаулықтағы мақсаты
бойынша қолдану бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Шаң жинағыш қап (керек-жарақ)
(I суретін қараңыз)
Шаң сорусыз оңай жинау үшін шаң жинағыш қап (21)
қажет болады.
Пайдалану
Іске қосу
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
Қазақ | 141
1 609 92A 9A8 | (15.04.2024)

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Gbh professional 2-28 f