Музыканы Bluetooth арқылы
ойнату
Bluetooth арқылы өніміңізді Bluetooth
құрылғысымен (iPad, iPhone, сенсорлы
iPod, Android телефоны немесе ноутбук
сияқты) қосыңыз, сонда құрылғыда
сақталған дыбыстық файлдарды осы өнімнің
динамиктері арқылы тыңдай аласыз.
Қажетті әрекеттер
•
Қолдау көрсетілетін Bluetooth
құрылғысы:
•
Bluetooth профильдері: A2DP, AVRCP
•
Bluetooth нұсқасы: Bluetooth Low
Energy мүмкіндігі бар Bluetooth V4.1
•
Негізгі құрылғы (сол жақ және оң жақ
негізгі динамиктер) мен Bluetooth
құрылғысы арасындағы жұмыс ауқымы —
шамамен 10 метр (30 фут).
Ескертпе
•
Музыка ағыны құрылғы мен осы өнім арасындағы
қабырға, құрылғыны жабатын металл корпус немесе
бірдей жиілікте жұмыс істейтін жақын жердегі басқа
құрылғылар сияқты кедергілерден үзілуі мүмкін.
•
Егер осы өнімді басқа Bluetooth құрылғысымен қосу
керек болса, ағымдағы Bluetooth байланысын үзіңіз.
Негізгі құрылғыдағы Bluetooth
функциясы
1
Негізгі құрылғы режимінен Bluetooth
режиміне ауысу үшін қашықтан басқару
құралындағы
» BT дисплейде жыпылықтайды.
2
Bluetooth құрылғысында Bluetooth
қызметін қосыңыз, байланысты бастау
үшін Philips E6 опциясын іздеп тауып,
таңдаңыз (Bluetooth қызметін қосу
жолы туралы Bluetooth құрылғысының
пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз).
» Қосылу барысында дисплей
панелінде BT жыпылықтайды.
түймесін басыңыз.
3
Дисплейде BT жанғанша күтіңіз.
» Егер байланыс сәтті болса, дисплей
панелінде BT жанады.
» Байланыс орнатылмаса, дисплей
панелінде BT үздіксіз жыпылықтайды.
4
Bluetooth құрылғысында дыбыс
файлдарын немесе музыканы таңдап,
ойнатыңыз.
•
Ойнатып жатқанда қоңырау
шалынса, музыканы ойнату уақытша
тоқтатылады (бұл мүмкіндік жалғанған
мобильді телефонға байланысты).
•
Bluetooth құрылғысы AVRCP
профилін қолдайтын болса, жолды
өткізу үшін қашықтан басқару
құралындағы
басыңыз немесе ойнатуды уақытша
тоқтату/жалғастыру үшін
түймесін басыңыз.
•
Музыка ағыны үзілсе, Bluetooth
құрылғысын негізгі құрылғыға жақын
қойыңыз.
5
Bluetooth құрылғысынан шығу үшін басқа
көзді таңдаңыз.
» Bluetooth режиміне қайта ауысқанда,
Bluetooth байланысы қалпына келеді.
•
Bluetooth байланысын үзу үшін
қашықтан басқару құралындағы
түймесін басып тұрыңыз.
Бір көлемді динамиктегі Bluetooth
Сол жақ немесе оң жақ көлемді динамикті
негізгі құрылғыдан тәуелсіз оқшау Bluetooth
динамигі ретінде пайдалануға болады.
/
түймесін
KK
21