Қауіпсіздік Техникасы Бойынша Нұсқаулар; Мақсаты Бойынша Қолдану - Hilti C7/24 Manual De Instrucciones

Ocultar thumbs Ver también para C7/24:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 52
5. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
5.1 Негізгі қауіпсіздік шаралары
Осы Пайдалану бойынша нұсқаулықтың тиісті бөлім-
дерінде көрсетілген қауіпсіздік шараларына қосымша
келесі сақтық шараларын үнемі жəне қатаң сақтау
керек.
Барлық нұсқауларды міндетті түрде оқып шығыңыз!
Бұл нұсқауларды елемеу электр тогының соғуына,
өртке жəне/немесе ауыр жарақаттарға əкелуі мүмкін.
5.2 Мақсаты бойынша қолдану
Құрылғы номиналды кернеуі 7,2–36 В (C 7/36-ACS
құрылғысы) жəне 7,2–24 В (C 7/24 құрылғысы) Hilti
аакумуляторлық батареяларын зарядтауға арналған.
Құрылғы көмегімен тек осы нұсқаулықта көрсетілген
түрлерге жататын Hilti аккумуляторлық батареяла-
рын зарядтаңыз.
Құрылғыны жарылу қаупі бар ортада пайдалануға
тыйым салынады.
Аспапты модификациялауға болмайды.
Сақтандырғыш құрылғыларды өшірмеңіз жəне ескер-
тетін жазулар мен белгілерді алмаңыз.
Айыр бекне саусақтары бүгілген немесе зақымдалған
құрылғыны пайдалануға тыйым салынады (айырды
розеткаға қосқанда тым қатты күш салмаңыз).
Күту жəне техникалық қызмет көрсету бойынша
нұсқауларды орындаңыз.
Бұл аспап жəне оған арналған қосымша жабдық
оқытылмаған қызметкерлер дұрыс емес пайда-
ланғанда немесе мақсатқа сай емес пайдаланған-
да қауіп тудыруы мүмкін.
Радиотехникалық бөлігі бар C 7/36-ACS құрылғысы
дүниенің барлық өліктерінде, бірінші кезекте ЕО жəне
Еуропалық еркін экономикалық аумақтың кез кел-
ген елдерінде пайдалануға жарамды.
5.3 Жұмыс орнын қауіпсіз ұйымдастыру
Жұмыс орнын жақсы жарықтандыруды қамтамасыз
етіңіз.
Жұмыс орнында ретті сақтаңыз. Жұмыстарды өткі-
зу орнында жарақаттану мүмкін заттар болмауы
керек. Жұмыс орнындағы ретсіздік жарақаттану қау-
пін арттырады.
Балаларды аспапқа жақындатпаңыз. Бөгде адамдарға
құрылғыға немесе ұзартқыш кабельге тиюге рұқсат
етпеңіз.
5.4 Жалпы қауіпсіздік шаралары
Аспапты дұрыс қолданыңыз. Оны тек мақсатына сай
жəне тек дұрыс күйінде пайдаланыңыз.
Printed: 08.07.2013 | Doc-Nr: PUB / 5069450 / 000 / 01
Қоршаған ортаның əсерін ескеріңіз. Аспапта кон-
денсаттың пайда болуын болдырмаңыз, онымен
ылғалды жəне дымқыл бөлмелерде жұмыстарды
өткізбеңіз. Аспапты өрт немесе жарылыс қаупі бар
жерде қолданбаңыз.
Қолданылмайтын аспаптарды сенімді жерде сақтаңыз.
Оларды сақтау үшін құрғақ, жоғары орналасқан неме-
се балалар жетпейтін жабық жерді қолданыңыз.
Дене, сезу немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі
немесе қажетті тəжірибесі жəне/немесе білімі жоқ
тұлғаларға бұл құрылғыны жауапты тұлғаның
қарауынсыз немесе нұсқау беруінсіз қолдануға
тыйым салынады.
Балалар оларға аспаппен ойнауға тыйым салынғаны
туралы білуі керек.
5.4.1 Электр құрамдастар
Электр тогының соғуынан қорғау шараларын қол-
даныңыз. Аспаппен жұмыс істегенде жерге қосылған
конструкцияларға (мысалы, құбырларға, жылыту
батареяларына, пештерге, тоңазытқыштарға) тимеңіз.
Тұрақта түрде аспаптың желілік кабелін тексеріңіз.
Зақымдалған кабельді ауыстыру үшін тəжірибелі
маман-электрикті шақырыңыз. Тұрақты түрде ұзартқыш
кабельдерді тексеріңіз жəне зақымдар болса, олар-
ды ауыстырыңыз.
Аспаптың жəне саймандардың техникалық күйін тек-
серіңіз. Зақымдар, жинақ толық емес немесе басқару
бөлшектері дұрыс емес істеген жағдайда құрылғыны
пайдалануға тыйым салынады.
Құрылғыға ештеңе жаппаңыз. Оның желдету тесік-
терін ашық ұстаңыз.
Жұмыс кезінде желілік немесе ұзартқыш кабель
зақымдалған жағдайда, оған тиюге тыйым салына-
ды. Кабель айырын желілік розеткадан шығарыңыз.
Аспапты жөндеуді тек (Hilti сервис қызметінің) маман-
электриктері түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолда-
нып өткізе алады. Əйтпесе жарақаттану қаупі бар.
Желілік кабельді тек мақсатына сай қолданыңыз.
Ешқашан аспапты кабельден ұстап тасымалдамаңыз.
Кабельді желіден кабельдің өзінен емес, тек айыр-
дан ұстап ажыратыңыз.
Кабельді қызудан, май тиюінен жəне үшкір жиектерге
тиюден қорғаңыз.
Ашық ауада жұмыс істегенде тек тиісті ұзартқыш
кабельдерді қолданыңыз.
Ұзартқыш кабельді бірнеше аспап қосылған жəне
бір уақытта жұмыс істеп жатқан розеткалар блогы-
мен бірге қолдануға болмайды.
Кір немесе ылғалды аспапты пайдалануға тыйым
салынады. Құрылғы үстінде жиналатын шаң мен
ылғал жағымсыз жағдайларда электр тогының соғуын
тудыруы мүмкін.
Аккумуляторды құрылғыға орнату алдында оны қарап
шығып, оның құрғақ жəне таза екеніне көз жеткізіңіз.
Аккумулятордың қысқа тұйықталуын болдырмаңыз.
Қысқа тұйықталу тұтануға əкелуі мүмкін.
kk
131

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

C7/36-acs

Tabla de contenido