Өлшеу Функциялары - Bosch GIM 60 Professional Manual De Instrucciones

Ocultar thumbs Ver también para GIM 60 Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 27
Өлшеу құралының жанасу беттері мен орнату
u
жиектерін таза ұстаңыз. Өлшеу құралын соққы мен
қағылудан қорғаңыз. Кір бөлшектері немесе пішін
өзгерістері өлшеу қателіктерін тудыруы мүмкін.
Өлшеу құралын қатты соққыдан немесе құлаудан
u
қорғаңыз. Өлшеу құралына қатты сыртқы әсерлер
тигеннен кейін, жұмысты жалғастырудан бұрын әрдайым
дәлдік тексерісін орындау керек(қараңыз „Өлшеу
құралының дәлдігін тексеру және калибрлеу", Бет 114).
Қосу/өшіру
Өлшеу құралын қосу немесе өшіру үшін қосу/өшіру
түймесін (9) басыңыз.
Егер 30 мин ішінде өлшеу құралында ешбір түйме
басылмаса немесе өлшеу құралының еңісі 1,5° шамасынан
артық өзгермесе, еңісті өлшеу және дисплей батареялардың
қуатын үнемдеу үшін автоматты түрде өшеді.
Өлшем бірлігін ауыстыру (A суретін қараңыз)
Әрдайым "°", "%" және "мм/м" өлшем бірліктерінің арасында
ауысуға болады. Ол үшін өлшем бірліктерін ауыстыру
түймесін (8) қажетті өлшем бірлігі (c) немесе (b)
индикаторында пайда болғанша басыңыз. Ағымдағы өлшеу
мәні (e) автоматты түрде есептеледі.
Өлшем бірлігінің реттеуі өлшеу құралын өшіріп қосқанда
сақталады.
Дыбыстық сигналды қосу/өшіру
Дыбыстық сигнал түймесі (7) дыбыстық сигналды қосып
өшіруге мүмкіндік береді. Дыбыстық сигнал қосылып
тұрғанда, дисплейде дыбыстық сигнал индикаторы (g) пайда
болады.
Өлшеу құралы қосылғанда, әдетте дыбыстық сигнал
қосылады.
Өлшеу мәнінің индикаторы және туралау көмекші
құралдары
Өлшеу мәні (e) өлшеу құралын әр қозғалтқан сайын
жаңартылады. Өлшеу құралының елеулі қозғалыстарынан
кейін өлшеу мәнін ол бұдан былай өзгермегенше оқымай
тұрыңыз.
Өлшеу құралының күйіне байланысты өлшеу мәні мен өлшем
бірлігі дисплейде 180°-қа бұрылған күйде көрсетіледі.
Осылайша индикаторды бас үстінен жұмыс істеген кезде де
оқуға болады.
Өлшеу құралы туралау көмекші құралдары (a) арқылы оны
мақсатты мәнге қол жеткізу үшін қандай бағытпен еңкейту
керектігін көрсетеді. Мақсатты мән көлденең немесе тік
сызықты стандартты өлшеу әрекеттерінде Hold/Copy
функциясында сақталған өлшеу мәні болып табылады.
Мақсатты мәнге қол жеткізген жағдайда, туралау көмекші
құралының көрсеткісі (a) сөнеді және дыбыстық сигнал
қосылып тұрғанда, үздіксіз сигнал беріледі.
Өлшеу функциялары
Өлшеу мәнін бекіту/көшіру
Hold/Copy (11) түймесінің көмегімен 2 функцияны
басқаруға болады:
– Өлшеу мәнін бекіту (Hold), өлшеу құралы кейін
жылжытылса да (мысалы, өлшеу құралы дисплей жақсы
көрінбейтін күйде тұрған кезде);
– Өлшеу мәнін көшіру (Copy).
Hold функциясы:
– Hold/Copy (11) түймесін қысқаша басыңыз. Ағымдағы
өлшеу мәні (e) дисплейде бекітіліп сақталады, H
индикаторы жыпылықтайды.
– Hold/Copy (11) түймесін қайтадан басып, Hold
функциясының жұмысын аяқтаңыз. Сақталған мән
жойылады. Қалыпты өлшеу жалғастырылады.
Copy функциясы:
– Hold/Copy (11) түймесін ұзақ басыңыз. Ағымдағы өлшеу
мәні (e) көшіріліп, дисплейде H индикаторы үздіксіз
көрсетіледі.
– Hold/Copy (11) түймесін қысқаша басыңыз. Сақталған
өлшеу мәні (e) дисплейде көрсетіліп, H индикаторы
жыпылықтайды.
– Өлшеу құралын өлшеу мәні көшірілетін мақсатты орынға
қойыңыз. Бұл ретте өлшеу құралын туралау маңызды
болып табылады. Туралау көмекші құралдары (a)
көшірілетін бұрышқа қол жеткізу үшін өлшеу құралын
жылжыту қажет бағытты көрсетеді. Сақталған еңіске
жеткенде, дыбыстық сигнал беріліп, туралау көмекші
құралдары (a) сөнеді.
Bosch Power Tools
Қазақ | 113
1 609 92A 58M | (28.11.2019)

Hide quick links:

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Gim 120 professional3 601 k76 7003 601 k76 800

Tabla de contenido