Bosch GAM 270 MFL Professional Manual De Instrucciones página 178

Ocultar thumbs Ver también para GAM 270 MFL Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 37
178 | Қазақ
Сандық бұрыш және еңіс өлшегіші
Өлшемдері (ұзындығы × ені × биіктігі)
IP 54 (шаңнан және шашырайтын судан
қорғалған)
A) Жұмыс аймағын қолайсыз қоршау шарттарында (мысалы тікелей күн
сәулелерінде) қысқарту мүмкін.
B) Тек қана тоқ өткізбейтін лас пайда болады, бірақ кейбір жағдайларда еру
нәтижесінде тоө өткізу қабілеті пайда болуы күтіледі.
C) Лазерсіз жұмыс ұзақтығы
Өлшеу құралының зауыттық тақтайшасындағы сериялық нөмір (13) оны дұрыс
анықтауға көмектеседі.
Монтаждау
Батареяларды орнату/алмастыру (A суретін қараңыз)
Өлшеу құралы үшін алкалин марганец батареясын немесе
аккумуляторын пайдалану ұсынылады.
Батарея бөлімінің қақпағын (5) ашу үшін бекіткішті (6) басып, батарея
бөлімінің қақпағын жоғары қайырыңыз. Батареяларды немесе
аккумуляторларды салыңыз.
Бұл ретте полярлықтың батарея бөлімінің қақпағындағы суретке сәйкес
келгеніне көз жеткізіңіз.
Батарея индикаторы
Батарея индикаторы (b) әрдайым батареялардың немесе
аккумуляторлардың ағымдағы заряд деңгейін көрсетеді:
Индикатор
Қуаты
90−100 %
60−90 %
30−60 %
10−30 %
0−10 %
Заряды таусылған батареяның индикаторы
жыпылықтайды. Жыпылықтау басталғаннан кейін,
индикатор өшкенше өлшеуді шамамен 15−20 минут
орындауға болады.
Барлық батареялар немесе аккумуляторларды бірдей алмастырыңыз.
Тек бір өңдірушінің және қуаты бірдей батареялар немесе
аккумуляторларды пайдаланыңыз.
Өлшеу құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, батареяларды
u
немесе аккумуляторларды өлшеу құралынан шығарып алыңыз.
Өлшеу құралындағы батареялар мен аккумуляторлар ұзақ уақыт
сақтаған жағдайда, оларды тот басуы және заряды өздігінен таусылуы
мүмкін.
Батареяларды алмастырудан бұрын міндетті түрде лазерді
u
өшіріңіз. Кездейсоқ қосылған лазер адамдарды қарықтыруы мүмкін.
Иін ұзартқышын орнату
Иін ұзартқышын (21) алдыңғы жақтан қайырмалы иінге (1)
жылжытыңыз. Иін ұзартқышын өлшеу құралының топсасынан өткізіңіз.
Пайдалану
Іске қосу
Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн сәулелерінен сақтаңыз.
u
Өлшеу құралына айрықша температура немесе температура
u
тербелулері әсер етпеуі тиіс. Оны мысалы автокөлікте ұзақ уақыт
қалдырмаңыз. Үлкен температуралық ауытқулары жағдайында
алдымен өлшеу құралының температурасын дұрыс пайдаланыңыз.
Айрықша температура немесе температура тербелулері кезінде
өлшеу құралының дәлдігі төменделуі мүмкін.
Өлшеу құралының жанасу беттері мен орнату жиектерін таза
u
ұстаңыз. Өлшеу құралын соққы мен қағылудан қорғаңыз. Кір
бөлшектері немесе пішін өзгерістері өлшеу қателіктерін тудыруы
мүмкін.
Өлшеу құралын қатты соққыдан немесе құлаудан қорғаңыз.
u
Өлшеу құралына қатты сыртқы әсерлер тигеннен кейін, жұмысты
жалғастырудан бұрын әрдайым дәлдік тексерісін орындау
керек(қараңыз „Өлшеу құралының дәлдігін тексеру және калибрлеу",
Бет 182).
Қосу/өшіру
Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз қалдырмаңыз және
u
өлшеу құралын пайдаланудан соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен
адамдардың көзін шағылыстыру мүмкін.
Өлшеу құралын қосу үшін қосу/өшіру түймесін (14) басыңыз.
H (a) индикаторы жанып тұрса, бұл соңғы өлшеудің мәнi әлі сақталып
жатқанын білдіреді. Бұл мәнді қосу өшіру түймесін (14) қысқаша басу
арқылы жоюға болады.
1 609 92A 58L | (22.11.2019)
GAM 270 MFL
684 × 52 × 60 мм
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido