Еңісті Өлшеу Режимі; Өлшеу Құралының Дәлдігін Тексеру Және Калибрлеу - Bosch GAM 270 MFL Professional Manual De Instrucciones

Ocultar thumbs Ver también para GAM 270 MFL Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 37
182 | Қазақ
Қажет болса, көлденең және тік еңіс бұрыштарын тек жұмыс режимін
ауыстыру үшін қосу/өшіру түймесі (14) басылмай тұрғанда ғана қайта
шақыруға болады. Бұрышты шақыру үшін MTR2 (16) түймесін басыңыз.
Дисплейде MTR және есептелген көлденең еңіс бұрышы, ал MTR2 (16)
түймесі қайта басылғанда BVL және тік еңіс бұрышы көрсетіледі.
"Қарапайым еңіс" режимінен "Стандартты өлшеу" режиміне қайтып
оралу үшін MTR1 (15) түймесін 1 с аз басыңыз.
"Қос еңіс" жұмыс режимі бойынша нұсқаулар
Есептелетін көлденең еңіс бұрышын MTR тек тік кесіктер үшін реттеуі 0°
шамасын құрайтын дөңбек және бұрыштық аралар үшін қабылдауға
болады. Тік кесіктер үшін реттеу 90° шамасында болса, ара үшін
бұрышты келесідей есептеу керек:
90° – көрсетілген бұрыш MTR = арадағы реттелетін бұрыш.
Еңісті өлшеу режимі
Лазерді қосу/өшіру
Лазер сәулесін қосу үшін лазерді қосу/өшіру түймесін (18) басыңыз.
Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз
u
және тіпті алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Лазер сәулесін өшіру үшін лазерді қосу/өшіру түймесін (18) қайтадан
басыңыз.
Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз қалдырмаңыз және
u
өлшеу құралын пайдаланудан соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен
адамдардың көзін шағылыстыру мүмкін.
Лазерді пайдаланбасаңыз, оны электр қуатын үнемдеу үшін өшіріңіз.
Өлшем бірлігін ауыстыру (B суретін қараңыз)
Әрдайым "°", "%" және "мм/м" өлшем бірліктерінің арасында ауысуға
болады. Ол үшін өлшем бірліктерін ауыстыру түймесін (20) қажетті
өлшем бірлігі (k) немесе (m) индикаторында пайда болғанша басыңыз.
Ағымдағы өлшеу мәні (n) автоматты түрде есептеледі.
Өлшем бірлігінің реттеуі өлшеу құралын өшіріп қосқанда сақталады.
Дыбыстық сигналды қосу/өшіру
Дыбыстық сигнал түймесі (19) дыбыстық сигналды қосып өшіруге
мүмкіндік береді. Дыбыстық сигнал қосылып тұрғанда, дисплейде
дыбыстық сигнал индикаторы (o) пайда болады.
Дыбыстық сигнал реттеуі өлшеу құралын өшіріп қосқанда сақталады.
Өлшеу мәнінің индикаторы және туралау көмекші құралдары
(F суретін қараңыз)
Өлшеу мәні (n) өлшеу құралын әр қозғалтқан сайын жаңартылады.
Өлшеу құралының елеулі қозғалыстарынан кейін өлшеу мәнін ол бұдан
былай өзгермегенше оқымай тұрыңыз.
Өлшеу құралының күйіне байланысты өлшеу мәні мен өлшем бірлігі
дисплейде 180°-қа бұрылған күйде көрсетіледі. Осылайша индикаторды
бас үстінен жұмыс істеген кезде де оқуға болады.
Өлшеу құралы туралау көмекші құралдары (h)/(i) арқылы оны мақсатты
мәнге қол жеткізу үшін қандай бағытпен еңкейту керектігін көрсетеді.
Мақсатты мән көлденең немесе тік сызықты стандартты өлшеу
әрекеттерінде Hold функциясында сақталған өлшеу мәні болып
табылады.
Мақсатты мәнге қол жеткізген жағдайда, туралау көмекші құралының
көрсеткісі (h)/(i) сөнеді және дыбыстық сигнал қосылып тұрғанда,
үздіксіз сигнал беріледі.
Еңістерді жанасусыз өлшеу/көшіру
Лазердің көмегімен еңістерді ұзақ қашықтарда да жанасусыз өлшеуге
немесе көшіруге болады.
Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз
u
және тіпті алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Белгілеу үшін әрдайым тек лазер нүктесінің ортасын
u
пайдаланыңыз. Лазер нүктесінің көлемі қашықтықпен өзгереді.
Еңістерді өлшеу үшін өлшеу құралын лазер сәулесі өлшенетін
жазықтықтың бойымен өтетіндей етіп туралаңыз. Еңістерді көшіру үшін
өлшеу құралын қажетті еңіс өлшеу мәні (n) ретінде көрсетілетіндей етіп
туралап, еңісті лазер нүктесінің көмегімен мақсатты жазықтықта
белгілеңіз.
Нұсқау: еңістерді лазердің көмегімен көшірген кезде лазер өлшеу
құралының астыңғы жиегінен 30 мм шамасына шығып тұруын
қамтамасыз етіңіз.
Өлшеу құралының дәлдігін тексеру және калибрлеу
Еңісті өлшеу дәлдігін тексеру
Маңызды өлшеу әрекеттерін орындамас бұрын, температураның шұғыл
өзгерістерінен кейін және қатты соққылардан кейін өлшеу құралының
дәлдігін тексеріңіз.
45°-тан кем еңістерді өлшемес бұрын, тексеру тегіс, шамамен көлденең
жазықтықта, ал 45°-тан артық еңістерді өлшемес бұрын, тегіс, шамамен
тік жазықтықта орындалуы тиіс.
Өлшеу құралын қосып, көлденең немесе тік жазықтыққа қойыңыз.
1 609 92A 58L | (22.11.2019)
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido