STERWINS 8VGS2-3IN1.1 Instrucciones De Montaje página 183

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 28
2.12 БАТАРЕЯНЫ ЗАРЯДТАУ ҚҰРАЛЫНА АРНАЛҒАН ҚАУІПСІЗДІК
НҰСҚАУЛАРЫ
• 8 жастан асқан балалар жəне дене, сезім мен ақыл-ой қабілеттері шектеулі
немесе пайдалану бойынша тəжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғалар осы
құрылғыны ересектердің бақылауында болған жағдайда жəне құрылғыны
қауіпсіз жолмен пайдалану жөнінде нұсқаулар алып, ықтимал қауіптерді
түсінетін жағдайда пайдалана алады. Балалардың осы құрылғымен
ойнауына жол бермеңіз. Тазалау жəне пайдаланушы тарапынан техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын балаларға ересектердің бақылауынсыз
орындауға болмайды.
• Қуат сымы зақымдалған болса, қауіптің алдын алу үшін оны өндіруші,
қызмет көрсету агенті немесе сəйкес біліктілігі бар адамдар ауыстыруы
керек.
• Балалардың батареяны зарядтағыш құралмен ойнамауына көз жеткізу
үшін оларды қадағалап отыру қажет.
• Батареяны зарядтағыш құралын пайдалану алдында, барлық нұсқауларды
жəне батареяны зарядтағыш құрал мен батареядағы сақтандыру белгілерін
оқып шығыңыз.
• Бірге берілген батарея блогы болмаса, басқа батарея блогын
зарядтамаңыз. Бірге берілген зарядтағыш құрал мен батарея блогы бірге
жұмыс істеу үшін арнайы жасалған.
• Зарядтағыш құрал тек бөлме ішінде пайдалануға арналған болғандықтан
батарея блогын тек бөлмеде зарядтаңыз.
• Қайта зарядталмайтын батареяларды зарядтамаңыз.
• Зарядтағыш құралды ылғалдан қорғаңыз. Ток соғу қаупі бар!
• Зарядтау кезінде жақсылап желдетілуіне көз жеткізіңіз.
• Зарядтағыш құралдың үстіне ешқандай зат қоймаңыз, себебі ол қызып
кетуі мүмкін. Зарядтағыш құралды кез келген жылу көзіне жақын қоймаңыз.
• Аса қажеттілік туындамаса, ұзартқыш сымды қолданбаңыз. Тиісті ұзартқыш
сымды қолданбау өрт шығу, ток соғу қаупін тудыруы мүмкін.
• Зарядтағыш құрал қатты соғылса, құлап қалса немесе басқа жолмен
зақымдалған болса, оны пайдаланбаңыз. Зарядтағыш құралды өкілетті
қызмет көрсету орталығында тексеріңіз жəне жөндеңіз.
• Зарядтағыш құралды бөлшектемеңіз. Дұрыс емес қайта құрастыру өрттің
шығуы, электр тогының соғуы немесе өлім қаупіне əкелуі мүмкін.
183
FR
ES
PT
IT
EL
PL
RU
KZ
UA
RO
EN

Publicidad

Capítulos

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido