STERWINS 40VPS2-24.1 Instrucciones De Montaje página 233

Ocultar thumbs Ver también para 40VPS2-24.1:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 34
Қосу/өшіру: 3.6 жəне 3.7 -суреттер
Құралды ҚОСУ үшін, ҚОСУ/ӨШІРУ ауыстырып-қосқыш тетігін қысып тұрып, қауіпсіз құлыптау
түймесін бас бармағыңызбен басып ұстап тұрыңыз. Ауыстырып-қосқыш тетігі қосылғаннан
кейін, қауіпсіз құлыптау түймесін босатып, жұмысты жалғастыруға болады. Қауіпсіз құлыптау
түймесі кездейсоқ іске қосылу қаупін азайтады.
Құралды ӨШІРУЛІ күйіне қою үшін, ҚОСУ/ӨШІРУ ауыстырып-қосқыш тетігін босатыңыз.
ЕСКЕРТУ: Тетік басылып тұрған кезде немесе сапты
ара қозғалып тұрған кезде, батарея блогын салмаңыз
немесе алып тастамаңыз.
Пайдалану қауіпсіздігі бойынша ескертулер
АБАЙЛАҢЫЗ! Қорғаныш көзілдірігін үнемі тағып
жүріңіз. Шаң көп шығатын жұмыс кезінде сүзгілеуші
бет маскасын киіңіз. Сондай-ақ тиісті қолғап пен
берік аяқ киім кию ұсынылады.
• Əр пайдаланар алдында, бос бекіткіштерді жəне зақымдалған бөліктерді
(мысалы, ара жүзіндегі жарықтар) тексеріңіз.
• Əрбір пайдаланар алдында өнімде, батарея блогында, сондай-ақ керек-
жарақтарда зақымдардың бар-жоғын тексеріңіз. Өнім зақымдалған немесе
тозған болса оны пайдаланбаңыз.
• Керек-жарақтар мен жабдықтардың дұрыс бекітілгенін екі рет тексеріңіз.
• Өнімді əрдайым тұтқасынан ұстаңыз. Қауіпсіз тіреу үшін тұтқаны құрғақ
күйінде ұстаңыз.
• Ауа желдеткіштерінің үнемі бөгелмегеніне жəне таза екеніне көз
жеткізіңіз. Қажет болса, оларды жұмсақ қылшақпен тазалаңыз. Бітелген ауа
желдеткіштері өнімнің қызып кетуіне жəне зақымдалуына əкеледі.
• Жұмыс істеген кезде басқа адамдар жұмыс аймағына кіріп, мазаңызды
қашырса, дереу өнімді өшіріңіз. Құралды қоймас бұрын, оның толық
тоқтағанын күтіңіз.
• Тым көп жұмыс істемеңіз. Зейін қойып жұмыс істеу жəне өнімді толық
басқару үшін, тұрақты түрде үзіліс жасап тұрыңыз.
• Өнімді іске қоспас бұрын, оның дұрыс жиналғанын жəне барлық
жылжымалы бөлшектерінің бірқалыпты жұмыс істейтінін тексеріңіз.
• Шаңды жерлерде құрылғы беттерін аздап суланған немесе микротамшылы
тіркемені пайдаланған жөн.
• Өнімді қолайлы сағаттарда ғана қолданыңыз – таңертең ерте емес немесе
адамдардың мазасын алатындай түнде емес.
233
FR
ES
PT
IT
EL
PL
RU
KZ
UA
RO
BR
EN

Hide quick links:

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido