STERWINS 40VPS2-24.1 Instrucciones De Montaje página 239

Ocultar thumbs Ver también para 40VPS2-24.1:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 34
8.2 АУЫСТЫРУ
5.1 -сурет
ЕСКЕРТУ! Ара шынжырын ұстаған кезде, əрқашан
қорғаныс қолғабын киіңіз.
Ара шынжырын жəне шинаны ауыстыру
Егер бағыттауыш ойығы тозса немесе шинадағы тісті дөңгелегі зақымдалса не тозса, шинаны
ауыстыру қажет.
Автоматты түрде шынжыр майлауды тексеру
Қатты қызып кетуді немесе шинаға жəне онымен байланысқан ара шынжырына кейінгі
зақым келуін болдырмау үшін, автоматты түрде шынжыр майлау функциясының жұмыс істеп
тұрғандығын тұрақты түрде тексеріп тұрыңыз. Осы мақсатта шина ұшын тегіс бетке (тақта,
ағаш кесігі) туралап, сапты араны іске қосыңыз. Май мөлшерінің артуы автоматты түрде
шынжыр майлау функциясының дұрыс жұмыс істеп тұрғанын білдіреді.
Ара шынжырын майлау
Тексеру жəне реттеу жұмысын орындау алдында, əрқашан батарея блогын құрылғыдан
шығарыңыз. Техникалық қызмет көрсету барысында жарақат алуды болдырмау үшін,
қорғаныс қолғабын киіңіз. Ара шынжырында май болмаса, сапты араны пайдаланбаңыз.
Сапты араны жеткіліксіз ара шынжырының майымен пайдалану құрылғыны зақымдайды.
Тек арнайы ара шынжырын пайдаланыңыз (тозуға қарсы гидравликалық май). Температура
жағдайына назар аударыңыз. Араны əртүрлі температурада пайдалану əртүрлі майды
пайдалануды қажет етеді. Суық ауа райында жеткілікті май деңгейін қамтамасыз ету үшін,
сұйық (тұтқырлығы төмен) майды пайдаланыңыз.
8.3 ӨТКІР АРА ШЫНЖЫРЫ
ЕСКЕРТУ! Ара шынжырын ұстаған кезде, əрқашан
қорғаныс қолғабын киіңіз.
Ара шынжырын өкілетті қызмет көрсету орталығында кəсіби түрде қайрап беруін сұраңыз
немесе тиісті қайрау жинағын пайдаланып шынжырды қайраңыз. Сондай-ақ қайрау
жинағымен берілген қайрау жөніндегі нұсқауларды орындаңыз. Өнім тісі мен тарағының
арасындағы ұзындық кесу тереңдігі болып табылады. Ара шынжырын қайрау барысында
келесі жағдайларды ескеру қажет.
- Егеу бұрышы
- Кесу бұрышы
- Егеу күйі
- Дөңгелек егеудің диаметрі
- Егеу тереңдігі
Шынжырды қайрау үшін келесі əрекеттерді орындаңыз:
- Қорғаныс қолғабын пайдаланыңыз.
- Шынжырдың дұрыс керілгеніне көз жеткізіңіз.
- Шинадағы шынжырды құлыптау үшін, шынжыр тежегішін қосыңыз.
Диаметрі кесу тісінің тереңдігінен 1,1 есе үлкен шынжыр егеуін пайдаланыңыз. Егеу
диаметрінің 20% бөлігі кескіштің үстіңгі пластинасынан жоғары екеніне көз жеткізіңіз. Шинаға
перпендикуляр бұрышта жəне қозғалыс бағытына 25° градуста қайраңыз. Əрбір кесу тісін тек
ішінен сыртына қарай егеңіз. Алдымен ара шынжырының бір жағын егеңіз, содан кейін араны
айналдырып, процесті қайталаңыз. Бірдей жүрістер арқылы əр кесу тісін қайраңыз. Кескіштің
барлық ұзындығын тең ұстаңыз. Əр 5 рет қайрағаннан кейін, қауіпсіз тереңдік өлшегіштің
биіктігін тексеріңіз. Егер тереңдік өлшегіштері де кесілсе, бастапқы үлгісін қалпына келтіру
маңызды. Тереңдік өлшегіштің биіктігін тексеру үшін тереңдік өлшегіштің өлшеу құралын
пайдаланыңыз. Тереңдік өлшегіштің өлшеу аспаптары көптеген құрал сатушыларында
қолжетімді болып табылады
239
FR
ES
PT
IT
EL
PL
RU
KZ
UA
RO
BR
EN

Hide quick links:

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido