Stihl KG 550 Manual De Instrucciones página 285

Ocultar thumbs Ver también para KG 550:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 56
Пайдаланушы жазатайым оқиғалар
үшін не болмаса басқа адамдарға
немесе олардың мүлкіне төнетін
қауіптілік үшін жауапты болады.
Агрегатты, оның осы үлгісімен мұқият
танысып алған және қолдануға
жақсылап үйретілген адамдарға ғана
беруге немесе жалға беруге рұқсат
етіледі – әрқашан пайдалану
нұсқаулығын көрсетіңіз.
Агрегатпен жұмыс істейтін адамдар
демалған, дені сау болуы керек және
дене күшінің жағдайы жақсы болуы
қажет.
Денсаулық жағдайы бойынша
жүктеме ұсынылмайтын адамдар,
агрегатпен жұмыс істей алатындығы
туралы дәрігерден кеңес алуы тиіс.
Алкогольді, жауап қайтару қабілетін
төмендететін дәрілерді немесе
есірткіні тұтынғаннан кейін агрегатпен
жұмыс істеуге болмайды.
Киімдер мен жарақтар
Бұдырлы, тайғанамайтын табаны бар
мықты аяқ киім киіңіз.
STIHL компаниясы жеке қорғаныс
жарақтандыруының кең
бағдарламасын ұсынады.
Агрегат үшін
Агрегаттың құрылымына қандай да
бір өзгерістерді енгізбеңіз, бұл
жағдайда қауіптілік төнуі мүмкін.
STIHL компаниясы, қолданысқа
рұқсат етілмеген аспалы
агрегаттарды қолданудың
салдарынан адамға және мүлікке
келтірілген нұқсан үшін жауапты
болмайды.
KG 550, KG 770
Агрегатты тасымалдау
Пайдалану нұсқаулығындағы тиісті
бөлімнің талаптарын орындаңыз.
Агрегатты, қоқысқа арналған
контейнердегі саптан ұстап
тасымаңыз.
Автокөліктің ішінде: Агрегатты
төңкерілуден, тайып кетуден және
бүлінуден қорғаңыз.
Агрегатты тазарту
Агрегатты шаң мен кірден
тазартыңыз - май еріткіштерді
қолданбаңыз.
Пластмассалық бөлшектерді
ылғалды шүберекпен тазарту керек.
Тазарту кезінде тазартқыш құрал
жылтыр бөлшектерді бүлдіре алады.
Тәрелке тәрізді қылшақтарды немесе
сыпырғыш білікті* (* тек қана KG 770)
тазарту үшін, қолыңызды өткір
заттармен тырнап алмау мақсатында
берік қолғап киіңіз.
Агрегатты тазарту үшін жоғары
қысымды жуғыштарды қолданбаңыз.
Судың қатты ағыны агрегаттың
бөлшектерін бүлдіре алады.
Агрегатқа су шашыратпаңыз.
Тәрелке тәрізді қылшақтарды және
сыпырғыш білікті* (* тек қана KG 770)
сығылған ауамен тазартпаңыз. Қатты
ағын қылшақты бұзуы мүмкін.
Құрылғыны сақтау
Егер де агрегат қолданылмаса, оны
ешкімге кедергі келтірмейтіндей етіп
аулақ қойған жөн. Агрегатты
рұқсатсыз қолданудан қорғаңыз.
Агрегатты аударылып кетуден
немесе итергіш тұтқасының
абайсызда қайырылып кетуінен
сақтаңыз.
Итергіш тұтқаның төңкерілу
аймағында агрегатты ұстамаңыз –
итергіш тұтқаның абайсызда
төңкерілуі нәтижесінде дене бөліктері
тұтқа мен шанақтың арасында қалып
қоюы мүмкін – жарақат алу қаупі бар!
Агрегатты құрғақ орынжайдың ішінде
сенімді етіп сақтаңыз.
Құрал-жабдықтар мен қосалқы
бөлшектер
STIHL компаниясы тарапынан осы
агрегатқа рұқсат берілген немесе
өзінің техникалық сипаты жағынан
ұқсас болып келетін бөлшектер мен
құрал-жабдықтарды ғана
монтаждаңыз. Қандай да бір сұрақтар
туындаса мамандандырылған
дилерге жүгініңіз. Жоғары сапалы
бөлшектерді немесе құрал-
жабдықтарды ғана қолданыңыз. Олай
болмаған жағдайларда, жазатайым
оқиғалардың орын алуынан немесе
агрегаттың бұзылуынан қауіптілік
төне алады.
STIHL компаниясы, STIHL
компаниясының түпнұсқалы
бөлшектерін және құрал-
жабдықтарын қолдануға ұсыныс
береді. Олар өздерінің қасиеттері
жағынан бұйыммен оңтайлы түрде
келістірілген және пайдаланушының
талаптарына сай келеді.
қазақ
283

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Kg 770

Tabla de contenido