Жұмыс техникасы
Агрегатты қалай ұстау және қалай
жүргізу қажет
Агрегатқа тек қана бір оператор
қызмет көрсетеді – жұмыс аймағында
бөгде адамдардың болуына рұқсат
берілмейді.
Итергіш тұтқаны қолмен нықтап
ұстаңыз.
Агрегатты алдыға қарай жылжытып,
жылдамдықты реттеңіз.
2 - 3 см-лік аздаған кедір-бұдыр
жерлер, итергіш сапты сәл
басыңқырау арқылы еңсеріле алады.
Сыпыру нәтижесі нашарлаған кезде,
тәрелке тәрізді қылшақтардың
немесе сыпырғыш біліктің* (* тек қана
KG 770) бұғатталмағанын немесе
тозбағанын тексеріңіз.
KG 550, KG 770
Қоқысқа арналған контейнердің толу
деңгейі
Егер сыпырған кезде жиналатын
қоқыс бүйірден сыртқа қарай шығып
жатса, демек, қоқысқа арналған
контейнер толып кеткен.
Жұмысты жалғастыру үшін,
контейнердегі кірді артқа қарай
төңкеру мақсатымен агрегатты
алдынан сәл көтеріңіз. Осылайша,
қоқысқа арналған контейнердің
сыйымдылығын қолдану жақсы
болады.
Қатты қоқысты, мысалы шағылды
сыпырған кезде, толып кеткен
қоқысқа арналған контейнердің
ауырлық орталығы артқа қарай
жылжиды. Соның салдарынан
тәрелке тәрізді қылшақтар мен
сыпырылатын қабаттың арасындағы
байланыс азайып, сәйкесінше
нашарлайды.
Техникалық қызмет көрсету және
жөндеу
Агрегатқа үнемі техникалық қызмет
көрсетіп отырыңыз. Осы пайдалану
нұсқаулығында сипатталған
техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын және жөндеу
жұмыстарын ғана орындау керек.
Жұмыстардың барлық бас түрлерін
мамандандырылған дилерге тапсыру
қажет.
STIHL компаниясы, техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын және
жөндеу жұмыстарын тек қана STIHL
компаниясының мамандандырылған
дилеріне тапсыруға ұсыныс береді.
STIHL компаниясының
мамандандырылған дилерлері
біліктілікті арттыру курстарына үнемі
қатысып тұрады және олардың
иелігіне техникалық ақпарат
ұсынылады.
Жоғары сапалы қосалқы бөлшектерді
ғана қолданыңыз. Олай болмаған
жағдайларда, жазатайым
оқиғалардың орын алуынан немесе
агрегаттың бұзылуынан қауіптілік
төне алады. Қандай да бір сұрақтар
туындаса мамандандырылған
дилерге жүгініңіз.
STIHL компаниясы STIHL
компаниясының түпнұсқалы қосалқы
бөлшектерін қолдануға ұсыныс
береді. Олар өздерінің қасиеттері
жағынан агрегатпен оңтайлы түрде
келістірілген және пайдаланушының
талаптарына сай келеді.
Агрегаттың құрылымына қандай да
бір өзгерістерді енгізбеңіз, бұл
жағдайда қауіптілік төнуі мүмкін –
жазатайым оқиға қаупі төне алады!
Тәрелке тәрізді қылшақтарды немесе
сыпырғыш білікті* (* тек қана KG 770)
ауыстыру үшін, қолыңызды өткір
заттармен тырнап алмау мақсатында
берік қолғап киіңіз.
қазақ
285