Техникалық қызмет көрсету
жөніндегі жұмыстар:
Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
көрсетілген техникалық қызмет көрсету
жөніндегі жұмыстарды орындаңыз,
барлық басқа жұмыстарды делдал
өткізуі тиіс.
Қажетті құралдар мен білім жетіспеген
жағдайда дереу делдалға
хабарласыңыз.
STIHL компаниясы техникалық қызмет
көрсету жөніндегі жұмыстарды жəне
жөндеуді орындау үшін тек STIHL
делдалдарына жүгінуді ұсынады.
STIHL делдалдары тұрақты түрде
оқытуды ұсынады жəне техникалық
ақпаратты қамтамасыз етеді.
Аталмыш құрылғы үшін тек қана STIHL
компаниясы рұқсат еткен немесе
техникалық тұрғыдан бірдей
құралдарды, керек-жарақтар мен
аспалы жабдықтарды пайдаланыңыз,
əйтпесе адамдарға зақым келтіру
немесе құрылғының бұзылу қаупі
туындайды. Сұрақтар болған жағдайда
делдалға хабарласыңыз.
STIHL компаниясының түпнұсқа
құралдары, керек-жарақтары мен
қосалқы бөлшектері өз қасиеттері
бойынша құрылғы үшін оңтайлы жəне
пайдаланушының талаптарына сай
келеді. STIHL түпнұсқа қосалқы
бөлшектерін STIHL қосалқы бөлшек
нөмірі, STIHL атауы жəне қажет
болғанда STIHL қосалқы бөлшек коды
бойынша анықтауға болады. Ұсақ
бөлшектерде тек бөлшек нөмірі ғана
болуы мүмкін.
Ескерту жəне нұсқау жапсырмалары
əрқашан таза жəне оқылатын күйде
болуы керек. Зақымдалған немесе
жоғалған жапсырмаларды STIHL
делдалдарының жаңа түпнұсқа
310
жапсырмаларына ауыстырыңыз.
Бөлшекті жаңасына ауыстырған кезде,
жаңа бөлшекте дəл сондай
жапсырманың бар болғанына көз
жеткізіңіз.
Барлық гайкалар, бұрандамалар мен
бұрандалар жақсылап тартылғанын
жəне құрылғының қауіпсіз əрі қалыпты
күйінде тұрғанын байқаңыз.
Құрылғыны тозу белгілері мен
зақымдардың болуына тұрақты тексеріп
отырыңыз, əсіресе ұзақ уақыт
пайдаланбай қоятын кезде
(мысалы, қыс мезгілінің алдында).
Қауіпсіздік түсінігіне орай, тозған жəне
зақымданған бөлшектерді дереу
ауыстыру керек, соның арқасында
құрал қауіпсіз əрі қалыпты қолданыс
жағдайында болады.
4.8 Ұзақ мерзім бойы сақтау
Жабық орынға орнатар алдында
аспаптың сууы үшін 5 минуттай уақыт
беріңіз.
Оқымаған адамға (мысалы, балаларға)
ұсақтағышпен жұмыс істеуге тыйым
салынған.
Ұзақ уақыт сақтау алдында
(мысалы, қыс айларында) құрылғыны
мұқият тазарту қажет.
Құрылғыны тек жұмысқа жарамды
күйінде ғана пайдаланған жөн.
Қойма құрғақ, суыққа төзімді жəне
жабылған болуы керек.
4.9 Пайдаға асыру
Қалдықтар адамдарға, жануарларға
жəне қоршаған ортаға зиян келтіруі
мүмкін, сондықтан кəсіби түрде кəдеге
жаратылуы қажет.
Қалдықтарды қалайша кəсіби түрде
пайдаға асыруға болатындығын білу
үшін қайта өңдеу орталығыңызға
немесе делдалдарға жүгініңіз. STIHL
компаниясы STIHL делдалдарын
ұсынады.
Ауыстырылған агрегат нұсқаулыққа
сəйкес пайдаға асырылатынына көз
жеткізіңіз. Пайдаға асырар алдында,
агрегатты қолданысқа жарамсыз етіңіз.
Төтенше жағдайлардан сақтану үшін
желілік сымды немесе электр
қозғалтқыштың қуат сымын ажырату
қажет.
0478 201 9812 A - KK