Техникалық Күтім Және Қызмет - Bosch GBM 13 HRE Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GBM 13 HRE Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 20
OBJ_BUCH-2508-002.book Page 95 Wednesday, June 8, 2016 3:03 PM
Бұрғы патронын шешу (E суретін қараңыз)
Тісті тәждік бұрғы патронын 1 шешу үшін ішкі алты қырлы
кілтті 11 тісті тәждік бұрғы патронына 1 тіретіңіз. Электр
құралын тұрақты негізге, мысалы верстакқа қойыңыз.
Электр құралды қатты ұстап тісті тәждік бұрғы патронын 1
ішкі алты қырлы кілтпен 11 сағат тіліне қарсы бұрап
босатыңыз. Бекем тұрған тісті тәждік бұрғы патронын ішкі
алты қырлы кілттің 11 ұзын тұтқасына жай қағып босатуға
болады. Ішкі алты қырлы кілтті тісті тәждік бұрғы
патронынан шығарып тісті тәждік бұрғы патронын толық
бұрап шығарыңыз.
Бұрғы патронын орнату (F суретін қараңыз)
Тісті тәждік бұрғы патронын орнату кері әдісте
орындалады.
Бұрғылау патронын шамамен 10–15 Нм бекіту
моментімен бекемдеуге болады.
Бекіту бұрғысын 10 сағат тіліне қарсы ашылған жылдам
тартылатын бұрғылау патронына бұрап кіргізіңіз.
Әрдайым жаңа бекіту бұрандасын пайдаланыңыз, өйткені
оларда бірнеше рет пайдаланудан соң жойылатын бекіту
желімі бар.
Шаңды және жоңқаларды сору
 Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
 Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
 Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Айналу бағытын орнату
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышының 2 көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті 3 басқанда бұл мүмкін емес.
Bosch Power Tools
Оң жаққа айналу бағыты: Бұрғылау және шуруптарды
бұрап бекіту үшін айналу бағытының ауыстырып-
қосқышын 2 солға тірелгенше басыңыз.
Сол жаққа айналу бағыты: Бұрандалар мен сомындарды
босату немесе бұрап алу үшін айналу бағытының
ауыстырып-қосқышын 2 оңға тірелгенше басыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті 3 басып
тұрыңыз.
Басылған қосқыш/өшіргішті 3 құлыптау үшін құлыптау
пернесін 4 басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, қосқыш/өшіргішті 3 жіберіңіз
немесе құлыптау пернесімен 4 құлыптанған болса,
қосқыш/өшіргішті 3 қысқа уақыт басып жіберіңіз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Айналу моментін орнату
Қосқышты/өшіргішті 3 басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті 3 жай басқанда, электр құрал
төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші
артқанда айналымдар саны артады.
Пайдалану нұсқаулары
 Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
күйде салыңыз. Айналатын алмалы-салмалы аспаптар
түсіп кетуі мүмкін.
Металда тесіктер жасау үшін жоғары сапалы, тез кесетін
болаттан жасалған мүлтіксіз, өткірленген бұрғыларды
пайдаланыңыз. Тиісті сапаға Bosch керек-жарақтары
бағдарламасы кепілдік береді.
Бұрғы өткірлеу құралымен (жабдық) 2,5–10 мм
диаметрлік спиральды бұрғыны өткірлеу мүмкін.
Дәл жұмыстарды орындау үшін бұрғылау штативін
(жабдық) пайдаланыңыз.
Керек-жарақ ретінде берілетін қысқыш аспапты бекем
бекітуге көмектеседі. Ол аспаптың бұралуына және
жарақаттарға жол бермейді.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды
тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының
авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету
орталықтарында орындаңыз.
Қaзақша | 95
1 609 92A 2AE | (8.6.16)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido