- Бұрылғанда және
аэраторды өзіңізге қарай
тартқанда әсіресе сақ
болыңыз.
Шалыну қаупі бар!
- Қозғалтқышты іске қосу
алдында аэратор блогын
тасымалдау күйіне
орнатыңыз.
- Құрылғыны абайлап,
«Құрылғыны іске қосу»
тарауындағы нұсқауларға
сай іске қосыңыз.
- Аяқтар мен жұмыс істеп
жатқан жұмыс
құралдарының арасындағы
жеткілікті қашықтықты
әрқашан сақтаңыз. Дұрыс
орнатылған бас тұтқа
көрсетілген қауіпсіз
қашықтықта орналасуы
керек.
- Қозғалтқышты іске қосу
алдында құрылғыны
еңкейтпеңіз. «Құрылғыны
іске қосу» тарауындағы
нұсқауларға назар
аударыңыз.
- Лақтырманың науасы
лақтырманың қақпағы
немесе шөп жинағышпен
(керек-жарақ – жеткізу
жинағына кірмейді)
жабылмаған болса,
қозғалтқышты қоспаңыз.
- Құрылғыны бұру алдында
вертикуттерді тасымалдау
күйіне орнатыңыз.
F KK
- Назар аударыңыз! Жарақат
алу қаупі бар!
Айналатын
бөліктердің үстіне
немесе астына қолды
немесе аяқты салмаңыз.
Лақтырманың тесігінен
әрқашан алшақ тұрыңыз.
Қозғалтқыш қамтамасыз
ететін қорғанысты тұрақты
түрде сақтау керек.
- Тоқтауы үшін бірнеше
секунд қажет жұмыс
құралдарының
жүрісіне назар
аударыңыз.
- Іске қосу кезінде құрылғы
тудыратын кернеудің кенет
өзгерулеріне байланысты
осы желіге қосылған басқа
құрылғыларда ақаулықтар
пайда болуы мүмкін.
Бұндай жағдайда тиісті
шаралар қолданылуы тиіс
(мысалы, тиісті жабдықтан
басқа электр тізбегіне
жалғау, құрылғыны
импедансы төменірек
электр тізбегінде
пайдалану).
- Қысқа уақыт ішінде жиі
қосу/өшіруді, әсіресе іске
қосу түймесімен және
қозғалтқышты тоқтату
тұтқасымен «ойнауды»
болдырмау қажет.
Қозғалтқыш қызып кетуі
мүмкін.
- Лақтырманың қақпағын
ашу немесе шөп
жинағышты (керек-жарақ,
жеткізу жинағына кірмейді)
шығару алдында
қозғалтқышты өшіріңіз және
аэратор блогын –
тасымалдау күйіне
орнатыңыз.
- Қозғалтқышты өшіріңіз,
желілік ашаны ажыратыңыз
және аэратор блогын
тасымалдау күйіне
орнатыңыз,
- аэраторды тасымалдау
алдында.
- құрылғыны көтеру немесе
жылжыту алдында.
- аэраторды шөпті емес
бетпен жылжыту
алдында.
- Қозғалтқышты өшіріп,
желілік ашаны суырыңыз:
- құрылғыны қалдырмас
бұрын немесе құрылғы
көрінбейтін күйде
болғанда.
- бұғатталған аэратор
блогын босату алдында
немесе лақтырманың
науасындағы бітелуді жою
алдында.
- аэраторды тексеру
немесе тазалау алдында
немесе оның үстінде
жұмыстарды өткізу
алдында.
- бөгде заттар кіргеннен
кейін. Машинада, әсіресе,
аэратор блогында
зақымдар бар-жоғын
қарап шығыңыз және
құрылғыны қайтадан қосу
алдында маманда қажет
техникалық жөндеуді
өткізіңіз.
- егер аэратор қалыпсыз
түрде дірілдей бастаса.
Машинада, әсіресе
аэратор блогында
(пышақ, кесетін десте,
қабаттар, гайкалар)
зақымдардың бар-жоғын
қарап шығыңыз және
қажет болса, маманда
қажетті техникалық
жөндеуді өткізіңіз. Қатты
діріл әдетте ақаулықтың
белгісі болып табылады.