Ықтимал Қате Қолдану; Жүрістер Жиілігі; Сынудан Қорғаныс - Hilti SJD 6 Manual De Instrucciones Original

Ocultar thumbs Ver también para SJD 6:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 17
▶ Осы өнім үшін тек қана T тәрізді білікпен (бір жұдырықшалы білік) ара төсемдерін пайдаланыңыз.
3.3
Ықтимал қате қолдану
Өнімді бұтақтар мен ағаш діңін аралау үшін пайдалануға болмайды.
Өнімді денсаулық үшін зиянды материалдарды өңдеу үшін пайдалануға болмайды.
Өнімді ылғалды ортада орындалатын жұмыстар үшін пайдалануға болмайды.
3.4
Жоңқаны үрлеп шығару құрылғысы
Жоңқаны үрлеп шығару құрылғысы кесу сызығын жоңқадан босату үшін ауа ағынын ара төсеміне
бағыттайды.
3.5
Жүрістер жиілігі
Жүрістер жиілігін орнату дөңгелегінде реттеуге болады. 1-позиция 800 жүріс/минут шамасына, ал 6-
позиция 3000 жүріс/минут шамасына сәйкес келеді.
Қосқыш/ажыратқыштың басылу күшіне байланысты, жүріс жылдамдығы 75 жүріс/минут шамасынан
басталып, орнату дөңгелегінде орнатылған белгілі бір жүрістерге дейін көтеріледі.
3.6
4 сатылы маятник қозғалысы
4 сатылы маятник қозғалысы арқылы кесу тереңдігі мен сапасы өңдеп жатқан материалға байланысты
орнатылады. 4 сатыларды ауыстыру арнайы тұтқаның көмегімен орындалады.
Кесу жиегі қаншалықты таза және дәл болса, соншалықты кіші маятник сатысы таңдалуы мүмкін.
Оңтайлы саты тәжірибеде анықталады.
Құралдың бөлшектерi
0-қадам
1-қадам
2-қадам
3-қадам
3.7
Тежегіш тұтқа
2
Тежегіш тұтқаны үш реттеу күйіне орнатуға болады.
1. Ортаңғы күйі қалыпты реттеу болып табылады: тежегіш тұтқа солға және оңға қарап тұруы тиіс.
Мысалы, жүрістер жиілігін туралауға болады.
Қосқыш/ажыратқышты басып жіберуге болады.
2. Тежегіш тұтқа тек қана солға қаратылуы тиіс: Тасымалдау күйі (аспап іске қосылмауы тиіс.)
Қосқыш/ажыратқыш құлыптаулы, оны басу мүмкін емес.
3. Тежегіш тұтқа тек қана оңға қаратылуы тиіс: Аспап өшірілген соң (қосқыш/ажыратқыш толық
басылған), «қосулы» күйін құлыптап қою үшін тежегіш тұтқаны оңға басуға болады. Құлыптауды
босату үшін, қосқыш/ажыратқышты қайтадан басыңыз.
3.8
Сынудан қорғаныс
Өнім сынудан қорғаныспен жабдықталуы мүмкін.
Сынудан қорғаныс ағаш дайындамаларды аралау кезінде үстіңгі беттің жарылуына жол бермейді.
3.9
Жеткізілім жинағы
Ара төсемі бар маятниктік электр жұқа арасы, қаптама, сорғыш адаптер, сынудан қорғаныс, пайдалану
бойынша нұсқаулық, ішкі алты қырлы гайка кілті.
Оған қоса, өніміңіз үшін рұқсат етілген жүйелік өнімді Hilti орталығында немесе келесі сайтта табуға
болады: www.hilti.com
62
Қазақ
Сипаттамасы
Маятник қозғалысы жоқ
Кіші маятник қозғалысы
Орташа маятник қозғалысы
Үлкен маятник қозғалысы
2150158
*2150158*

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido