190 | Қазақ
Ротациялық лазерге және лазер
қабылдағышына арналған
қауіпсіздік техникасының
нұсқаулары
Қауіпсіз және сенімді жұмыс істеу үшін
барлық нұсқаулықтарды оқып орындау
керек. Берілген нұсқаулар орындалмаған
жағдайда, кіріктірілген қорғаныс
құрылғыларына теріс әсер етілуі мүмкін. Ескерту
тақтайшаларын еш жағдайда оқылмайтын күйге
жеткізбеңіз. ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ
ЖӘНЕ ӨНІМДІ БАСҚАЛАРҒА ТАБЫС ЕТКЕНДЕ ҚОСА
БЕРІҢІЗ.
Абай болыңыз – егер осы жерде берілген
u
пайдалану немесе түзету құралдарынан басқа
құралдан пайдаланса немесе басқа жұмыс әдістері
орындалса бұл қаупті сәулеге шалынуға алып келуі
мүмкін.
Өлшеу құралы лазер ескерту тақтасымен бірге
u
жеткізіледі (графика бетіндегі өлшеу құралының
суретінде белгіленген).
Егер лазер ескерту тақтасының мәтіні еліңіздің
u
тілінде болмаса, алғаш рет қолданысқа енгізбес
бұрын оның орнына еліңіздің тіліндегі
жапсырманы жабыстырыңыз.
Лазер сәулесін адамдарға немесе
жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз
де тікелей немесе шағылысқан лазер
сәулесіне қарамаңыз. Бұл адамдардың
көзін шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқиғаларға
әкелуі немесе көзге зақым келтіруі мүмкін.
Егер лазер сәулесі көзге түссе көздерді жұмып
u
басты сәуледен ары қарату керек.
Лазер құрылғысында ешқандай өзгерту
u
орындамаңыз.
Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) қорғаныш
u
көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру
көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін
қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды.
Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) күннен
u
қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол
қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру
көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық
қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу
қабілетін азайтады.
Өнімді тек білікті маманға және түпнұсқа
u
бөліктермен жөндеуге рұқсат етіңіз. Осылайша
қауіпсіздіктің сақталуына кепіл беріледі.
Балалар лазер өлшеу құралын бақылаусыз
u
пайдаланбасын. Олар білмей адамдардың көзін
шағылыстыру мүмкін.
Жанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң болатын
u
жарылыс қаупі бар ортада жұмыс істемеңіз. Ұшқын
пайда болып, шаңды немесе буды тұдандыруы мүмкін.
1 609 92A 5S3 | (09.09.2020)
Сәулелену көзін көру үшін дүрбі немесе лупа
u
сияқты ешқандай оптикалық жинағыш құралдарды
пайдаланбаңыз. Олар көзіңізге зақым келтіруі
мүмкін.
Өлшеу құралын және магниттік керек-
жарақтарды имплантаттардың және
кардиостимулятор немесе инсулин
сорғысы сияқты басқа да медициналық
құрылғылардың жанына қоймаңыз.
Өлшеу құралы мен керек-жарақтардың
магниттері имплантаттардың және
медициналық құрылғылардың жұмысына
әсер ететін өріс тудырады.
Өлшеу құралы мен магнитті аксессуарды магниттік
u
дерек тасығыштар мен магнитке сезімтал
құрылғылардан алшақ ұстаңыз. Өлшеу құралы мен
аксессуар магниттерінің әсері деректердің қайтымсыз
жойылуына әкелуі мүмкін.
Лазер қабылдағышы жұмыс істегенде, белгілі бір
u
жағдайларда қатты дыбыстық сигналдар шығады.
Сондықтан лазер қабылдағышын құлақтан немесе
басқа адамдардан алшақ ұстаңыз. Қатты дыбыс есту
қабілетін зақымдауы мүмкін.
Аккумуляторларды немесе батареяларды
u
ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар.
Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс
u
пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы
мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып
қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және
шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу
тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
Аккумулятор дұрыс пайдаланылмаған немесе
u
зақымдалған жағдайда, аккумулятордан сұйықтық
ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ теріге
тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық
көзге тисе, медициналық көмек алыңыз.
Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе
күйдіруі мүмкін.
Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
u
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді
u
тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан,
тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден
және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз.
Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа
тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
Bosch аккумуляторын тек өндіруші ұсынған
u
өнімдерде пайдаланыңыз. Осылайша ғана
аккумулятор қауіпті артық жүктемеден қорғалады.
Bosch аккумуляторын тек жинақтағы зарядтағыш
u
құрылғымен зарядтаңыз.
Bosch Power Tools