Тазалау Және Күту - Philips FC8715 Manual Del Usuario

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 29
Қолмен жүргізу
Роботты қашықтан басқару құралындағы түймелермен қолмен жүргізуге болады (FC8715, FC8710,
FC8705).
1 Роботты бөлмеде (сурет 31) жүргізу үшін қашықтан басқару құралындағы іске қосу/тоқтату
түймесінің үстіндегі және астындағы, әрі сол-оң жақтарындағы көрсеткі түймелерді пайдаланыңыз.
Ескертпе: Роботты биіктік айырмашылықтары мен баспалдақтарға жақын жүргізу кезінде абай
болыңыз.
Ескертпе: Вакуумдау функциясы және бүйірлік щеткалар тек робот алға жүрген кезде жұмыс
істейді. Сол жақ, оң жақ немесе артқы түймелер тек роботты басқаруға арналған.
Қашықтан басқару құралындағы тазалау уақыты түймесін
пайдалану
FC8715, FC8710, FC8700: Робот 35 минут бойы тазалауы үшін қашықтан басқару құралында тазалау
уақыты түймесін басыңыз. Тазалау уақыты аяқталса, робот тоқтайды (сурет 32).
Тазалау және күту
Шаң контейнерін босату және тазалау
Шаң контейнерінің толы болу индикаторы тұрақты қызыл түсте жанса, шаң контейнерін босатыңыз
және тазалаңыз.
1 Қақпақты (сурет 33) алыңыз.
2 Шаң контейнері қақпағының тұтқасын жоғары тартып, шаң контейнерін шаң контейнері бөлімінен
(сурет 34) көтеріп алыңыз.
Ескертпе: Шаң контейнерін алғанда немесе қайта салғанда, қозғалтқыш желдеткішінің қалақтарын
зақымдап алмаңыз.
3 Шаң контейнерінің (1) қақпағын ақырын көтеріңіз және сүзгіні (2) шығарыңыз (сурет 35).
4 Шаң контейнерін босату үшін оны қоқыс шелегі үстінен сілкіңіз. Шаң контейнерінің ішін және сүзгіні
шүберекпен немесе қылдары жұмсақ тіс щеткасымен тазалаңыз. Сонымен қатар, шаң
контейнерінің (сурет 36) түбіндегі сору саңылауын тазалаңыз.
Абайлаңыз: Шаң контейнерін және суды сумен немесе ыдыс жуу машинасында тазаламаңыз.
5 Сүзгіні қайтадан шаң контейнеріне (1) салыңыз. Содан кейін шаң контейнерін (2) (сурет 37)
қақпақпен жабыңыз.
6 Шаң контейнерін шаң контейнері бөліміне қойыңыз және роботтың (сурет 38) үстіңгі қақпағын қайта
жабыңыз.
Абайлаңыз: Әрқашан шаң контейнерінің ішінде сүзгі бар екенін тексеріңіз. Егер роботты шаң
контейнерінің ішінде сүзгі болмай пайдалансаңыз, қозғалтқыш зақымдалуы мүмкін.
Робот тазалау
Жақсы тазалау өнімділігін сақтау үшін кейде құлау датчиктерін, дөңгелектерді және бүйірлік
щеткаларды және сору саңылауын тазалап тұру керек.
1 Роботты еден бетіне аударыңыз.
2 Құлау датчиктерінен (сурет 39) кірді немесе мамықты кетіру үшін қылдары жұмсақ щетканы
(мысалы, тіс щеткасын) пайдаланыңыз.
Қазақша
115

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Fc8710Fc8705Fc8700

Tabla de contenido