Hotpoint Ariston FZ G /HA Manual De Instrucciones página 60

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 35
Құрылғыны тоққа қоспастан бұрын төмендегілерді
KZ
тексеріңіз:
• құрылғы жерге қосылған жəне айырғыш заңға
сəйкес болып табылады.
• розетка негізгі деректер кестесінде көрсетілген
құрылғының ең жоғарғы күшіне төзімді (астын қараңыз).
• кернеу негізгі деректер кестесінде көрсетілген мəн
аралығы аумағында (төменге қараңыз).
• розетка құрылғының айырғышына сəйкес келеді.
Розетка айырғышына сəйкес болмаса, өкілетті
маманнан оны ауыстырып беруді өтініңіз.
Бірнеше розеткалар мен ұзартқыш сымдарын
пайдаланбаңыз.
! Құрылғы орнатылғаннан кейін электр кабелі мен
розетка жақын жерде болуы қажет.
! Кабель иілмеуі немесе қысылмауы қажет.
! Кабель жиі тексеріліп, тек өкілетті маманның көмегімен
ғана алмастырылуы тиіс (Көмек бөлімін қараңыз).
! Қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда өндіруші
жауапкершілікті өз мойнына алудан бас тартады.
Газды жалғау
Құрылғыны газ жеткізу жүйесіне немесе газ
баллонына ағымдағы ұлттық заңнамаларға
сəйкес жалғау қажет. Жалғауды іске асырмас
бұрын, пеш пайдаланғыңыз келетін газ жеткізу
жүйесімен сыйысымды екеніне көз жеткізіңіз.
Сыйысымды болмаса, "Газ түрлеріне сəйкестендіру"
параграфындағы нұсқауларды орындаңыз.
Баллоннан сұйық газды пайдаланғанда, ағымдағы
ұлттық заңнамаларға сəйкес келетін қысым
реттегішін орнатыңыз.
! Газ жеткізу жүйесіндегі қысым 1-кестеде (Оттық пен
форсункалардың сипаттары) көрсетілген мəндерге
сəйкес келетінін тексеріңіз, өйткені бұл қуатты тиімді
түрде жұмсап, құрылғыңыздың қауіпсіз əрі ұзақ
жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
! Ендірлген газ пешінің үстіне газ конфоркасын
орнату керек болса, екеуін жалғауға немесе
бір ағыту кранын қолдануға қатаң түрде тыйым
салынады. Екі құрылғы бөлек-бөлек жалғануы
тиіс, жəне екеуін бір-бірінен толығымен тəуелсіз
қылу үшін əрбірінің жеке ағыту краны болуы тиіс
(суреттерді қараңыз).
60
ЖОҚ
OK
Қатты түтік арқылы жалғау (мыс немесе болат)
! Газ жеткізу жүйесіне жалғауды кез келген
құрылғыға еш жүк түспейтін түрде іске асыру керек.
Құрылғының жабдықтары жинағында реттелмелі
L-пішініндегі түтік фитингі бар жəне оның газдың
шығып кетуінің алдын алатын тығыны бар. Түтік
фитингін əр бұраған кезде тығынды орнына қою
керек (тығын құрылғымен бірге беріледі). Газ
жеткізу жүйесінің түтік фитингі – 1/2 оймасы сыртта
орналасқан цилиндр түріндегі жалғау.
Майысқақ буынсыз тот баспайтын болаттан
жасалған түтікті оймасы бар жалғауға қосу
Газ жеткізу жүйесінің түтік фитингі – 1/2 оймасы
сыртта орналасқан цилиндр түріндегі жалғау.
Бұл түтіктер толығымен созылғанда 2000 мм-
ден аспайтындай орнатылуы тиіс. Жалғау
іске асырылғаннан кейін майысқақ металдан
жасалған түтік ешбір қозғалатын бөлшектерге тиіп
тұрмағанына жəне оны ешнəрсе қысып тұрмағанына
көз жеткізіңіз.
! Тек ағымдағы ұлттық заңнамаларға сəйкес келетін
түтіктер мен тығындарды ғана пайдаланыңыз.
Жалғаудың мықтылығын тексеру
! Орнату аяқталғаннан кейін, сабынды сумен
түтік фитингтерінде тесіктердің бар не жоқ екенін
тексеріңіз. Ешқашанда алауды қолданушы
болмаңыз.
Газ түрлеріне сəйкестендіру
Пешті ол арналып өндірілген газ түрінен (белгіде
көрсетілген) басқа газ түріне сəйкестендіру үшін
төмендегі оңай қадамдарды орындаңыз:
• Пештің оттығының форсункасын ауыстыру
1. Пештің есігін толық ашыңыз.
2. Пештің төменгі жағын
сырғытып шығарып алыңыз.

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido