Bosch GHJ XS 12+18V Unisex Professional Manual Original página 90

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 19
90 | Қазақ
Жылытылатын киім заттары үшін қауіпсіздік
нұсқаулары
Егер киім затын пайдалану кезінде төмендегі
u
белгілер пайда болса киім затын жылдам шетке
қойып дәрігерге хабарласыңыз. Әйтпесе қызып кету
немесе ыстық өту қауібі бар болады.
– Алғашқы белгілер:
кез келген жайсыздық; қатты терлеу; мойын ауруы;
жүрек айну; бас айналу немесе ұйқышылдық
– Ыстықтан шаршау/ыстық өту бегілері:
Жүрек айну мен құсу; соғып тұрған бас ауруы; бас
айналу немесе ұйқышылдық; тер шықпауы; қызыл,
ыстық және құрғақ тері; бұлшық еттің босандығы
немесе түйілулер; тахикардия; жиі және үстірт тыныс
алу; абыржу, бағытсыздану немесе былқылдаған жүріс
сияқты жүріс өзгерістері; есеңгіреу.
Егер ыстыққа сезімді қылатын әлсізденуларыңыз
u
болса немесе сізде медициналық имплантанттар
орнатылған болса осы киім затын пайдаланбаңыз.
Дәрігер немесе медициналық имплантант
өндірушісінен осы қызатын киім затын пайдалану
мүмкіндігін сұраңыз.
Жылы қоршауда әрекет жасасаңыз киім өнімінің
u
қыздыруын өшіріңіз. Ыстық өту қауіпі бар.
Балаларды, нашар, ұйықтап жатқан немесе естен
u
танған адамдарлы немесе қан айналысы бұзылуы
бар адамдарды ысыту үшін пайдаланбаңыз. Қызып
кетудің алдын алу үшін киген адам киім затының
температурасымен өз көңіл-күйін байқауы керек.
Киім заты емханаларда пайдалануға арналмаған.
u
Киім затын салынған аккумулятормен қызудан,
u
мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан
және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қаупі бар.
Киім затына ешқандай ине немесе басқа басқа
u
өткір заттарды тигізбеңіз. Зақымдалған қыздырғыш
немесе зақымдалған айыр кабелі киім затының қате
жұмыс істеуіне алып келіп тоқ соғу немесе өтр қаупін
жоғарылатады.
Айыр кабелін басқа мақсатта пайдаланбаңыз,
u
мысалы киім затын тасымалдау немесе тарту үшін
немесе аккумуляторды салу үшін. Кабельді
майдан, өткір заттардан немесе жылжитын
құрамдастардан алыс ұстаңыз. Кабельді бүкпеңіз.
Зақымдалған қыздырғыш немесе зақымдалған айыр
кабелі киім затының қате жұмыс істеуіне алып келіп
тоқ соғу немесе өтр қаупін жоғарылатады.
Киім заты су өтпейтін емес. Өткен су тоқ соғу қаупін
u
жоғарылатады. Егер киім затына су тисе
аккумуляторды бірден ажыратып аккумуялтор
адаптерінен шығарыңыз.
Қызған киім затын бүктемелемеңіз және үстіне зат
u
қоймаңыз. Зақымдалған қыздырғыш немесе
зақымдалған айыр кабелі киім затының қате жұмыс
істеуіне алып келіп тоқ соғу немесе өтр қаупін
жоғарылатады.
1 609 92A 4VV | (07.12.2018)
Киім затының күту және тазалау нұсқауларын
u
ескеріңіз. Мұқияттық сақталмаса тоқ соғу немесе өрт
қаупі пайда болады.
Киім затын сақтауға қоюдан алдын толық
u
суытыңыз.
Киім затында тозу немесе зақымдану белгілері
u
пайда болуын жүйелік түрде тексеріңіз. Егер
осындай белгілер бар болса немесе киім заты тиісті
ретте пайдаланбаған болса киім затын басқа
пайдаланбай сатушыға қайтарыңыз.
Киім затын тек білікті маманға және арнаулы
u
бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы киім затының
қауіпсіздігін сақтайсыз.
Аккумуляторды пайдалану үшін қауіпсіздік
нұсқаулары
Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі
u
бар.
Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс
u
пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы
мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып
қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және
шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу
тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
Аккумулятор дұрыс пайдаланылмаған немесе
u
зақымдалған жағдайда, аккумулятордан сұйықтық
ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ теріге
тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық
көзге тисе, медициналық көмек алыңыз.
Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе
күйдіруі мүмкін.
Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
u
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді
u
тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан,
тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден
және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз.
Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа
тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
Мысалы, аккумуляторды жылудан,
сондай-ақ, үздіксіз күн жарығынан,
оттан, судан және ылғалдан қорғаңыз.
Жарылу қаупі бар.
Бұл аккумуляторларды тек өзіңіздің Bosch өніміңізде
u
пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті,
артық жүктеуден сақтайсыз.
Тек өндіруші сипаттаған зарядтағышмен қайта
u
зарядтаңыз. Батарея жинағының бір түріне сай
зарядтағыш басқа батарея жинағымен қолдануда өрт
қауіпіне адып келуі мүмкін.
Аккумуляторды кәдеге жарату туралы
u
нұсқауларды ескеріңіз.
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido