Сулы Суыту/Щаңсоруды Қосыңыз; Қолданысқа Енгізу - Bosch GDB 180 WE Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GDB 180 WE Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 22
Бұрғылау коронкасын орнату
Бұрғылау коронкаларын орнатудан бұрын тексеріп
u
шығыңыз. Тек ақаусыз бұрғылау коронкаларын
орнатыңыз. Зақымдалған және деформацияланған
бұрғылау коронкалары қауіпті жағдайларды тудыруы
мүмкін.
Орнатудан бұрын бұрғылау коронкаларын тексеріп
шығыңыз. Бұрғылау коронкасының бұрандасын аздап
майлаңыз немесе тот басудан қорғайтын затты себіңіз.
1 1/4 дюйм UNC бұрғылау коронкасын (7) бұрғылау
шпинделіне (6) бұрап қойыңыз.
Бұрғылау коронкасының нық бекітілгеніне көз
u
жеткізіңіз. Қате немесе нашар бекітілген бұрғылау
коронкалары жұмыс кезінде босап, сізге қауіп төндіруі
мүмкін.
Бұрғылау коронкасын алып тастау
Бұрғылау коронкасын алмастыру кезінде
u
қорғаныш қолғап киіп жүріңіз. Электр құралы ұзақ
уақыт жұмыс істесе, бұрғылау коронкасы қызып кетуі
мүмкін.
Бұрғылау коронкасын (7) айыр тәрізді кілтпен (кілт ені
41 мм) босатыңыз. Бұл ретте екінші айыр тәрізді кілтпен
(кілт ені 32 мм) бұрғылау шпинделінің (6) артқы ілмегін
тіреп тұрыңыз.
Сулы суыту/щаңсоруды қосыңыз
Дымқыл немесе құрғақ бұрғылау коронкалары жетерлік
ретте суымаса, алмас бөлшектері зақымдануы мүмкін
немесе бұрғылау коронкасы тесікті жабуы мүмкін. Сол
үшін дымқыл бұрғылауда сулы суыту жетерлік болуына
көз жеткізіңіз, ал құрғақ бұрғылауда шаңсору жұмыс
істеуіне.
Бар тесікті үлкейту үшін оны әбден жабып бұрғылау
коронкасын жетерлік суыту керек.
Қосылған шлангтар, бұғаттау клапандары немесе
u
жабдықтар бұрғылауға кедергі жасамауы керек.
Сумен суытуды жалғау
Суға жалғағыш адаптерді (14) жұдырықша
жалғастырғышқа (10) орнатып, оны сағат тілінің
бағытымен тірелгенше бұрап бекітіңіз.
Су жапқыш шүмекті (12) бұрап бекітіңіз. Су жеткізу
құбырын шүмекке жалғағыш бөлшекке (13) жалғаңыз.
Суды жылжымалы қысымдалған су багынан (керек-
жарақ) немесе стационарлық су жалғағышы арқылы
жеткізуге болады.
Шаңсорғышты жалғау
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
Bosch Power Tools
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Сору адаптерін (15) жұдырықша жалғастырғышқа (10)
орнатып, оны сағат тілінің бағытымен тірелгенше бұрап
бекітіңіз.
Осы жүйеге мақұлданған және ұсынылған ылғалды/
құрғақ сорғыштың (қараңыз „Керек-жарақтар/қосалқы
бөлшектер", Бет 120) сорғыш шлангісін (17)
аспирациялық келте құбырға (16) енгізіңіз.
Пайдалану
Қолданысқа енгізу
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
Жұмысты бастамас бұрын жауапты инженермен,
u
сәулетшімен немесе құрылыс басқармасымен
жоспарланған саңылаулар жөнінде кеңесіңіз.
Арматураларды тек құрылыс инженерінен рұқсат
алып ажыратыңыз.
Бұрғылау кезінде, қабырға немесе еденді тесу
u
кезінде тиісті бөлмелерде кедергілердің жоқтығын
тексеріп шығыңыз. Құрылыс орнын жауып, кернді
қорама қалып арқылы құлаудан қорғаңыз.
Жылыстау тогынан қорғаныс автоматының (PRCD)
жұмысын тексеру
Жұмысты әр бастамас бұрын жылыстау тогынан қорғаныс
автоматының (PRCD) (18) ақаусыз жұмыс істеуге
қабілетін тексеріп шығыңыз:
– Жылыстау тогынан қорғаныс автоматындағы (PRCD)
TEST түймесін басыңыз. Қызыл түсті бақылау
индикаторы сөнеді.
– RESET түймесін басыңыз. Электр құралы енді қосылуы
керек.
Егер қызыл түсті бақылау индикаторы TEST түймесі
басылғанда сөнбесе немесе электр құралын қосу кезінде
қайта-қайта сөніп тұрса, электр құралын өкілетті Bosch
клиенттерге қызмет көрсету орталығында тексерту керек.
Жылыстау тогынан қорғаныс автоматы (PRCD)
u
ақаулы болса, электр құралын пайдалануға
болмайды.
Қосу
Жылыстау тогынан қорғаныс автоматындағы (PRCD) (18)
RESET түймесін басыңыз.
Ылғалды бұрғылау: су жапқыш шүмекті (12) өткелге
орнатыңыз.
Қазақ | 119
1 609 92A 4SW | (03.04.2019)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Professional gdb 180 we

Tabla de contenido