Descargar Imprimir esta página

Қауіпсіздік Жөніндегі Кеңестер; Сүзгілерді Дұрыс Пайдалану; Жауапкершілік Туралы Ақпарат - MSA OptimAir 3000 Manual De Funcionamiento

Ocultar thumbs Ver también para OptimAir 3000:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 53
ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТЕР
1.
Қауіпсіздік жөніндегі кеңестер
1.1.
Сүзгілерді дұрыс пайдалану
OptimAir 3000 сүзгілері - қоршаған орта атмосферасында белгілі қауіпті
материалдар (қауіпті газдар, булар мен ұсақ бөлшектер) бар болған
жағдайда көмектесетін респираторлық қорғанысқа арналған респираторлық
сүзгілер болып табылады. Оларды тек бетперде және күшейткіші бар
OptimAir 3000 сүзу құрылғысымен бірге пайдалану қажет. Сүзгілер басқа
сүзу құрылғыларымен бірге пайдалануға арналмаған. Осы нұсқаулықта
сипатталған сүзгілер 89/686/EEC Директивасына сай жасалған. Сапа
жүйесінің ЕО талаптарына сәйкес сертификатталуын және бақылауын
орындаған: IFA, Institut für Arbeitsschutz der Deutschen Gesetzlichen
Unfallversicherung, Alte Heerstr. 111, DE-53757 St. Augustin.
Сүзгілерді пайдаланған кезде OptimAir 3000 басқару нұсқауларын қатаң
орындау қажет. Респираторлық қорғаныс құрылғыларын қолдануға арналған
қауіпсіздік кеңестері мен шарттарын аса мұқият оқып, орындау қажет. Оған
қоса, пайдаланушының елінде қолданылатын қолданыстағы ұлттық заң
ережелері де пайдалану қауіпсіздігі мақсатында ескерілуі тиіс*. "OptimAir
3000, 3000A және 3000EX", сәйкес бетперделер мен зарядтау құрылғысын
пайдалану нұсқауларын да орындау қажет.
Қауіпті!
Бұл бұйым адам өмірі мен денсаулығын қорғауға арналған. Дұрыс
пайдаланбау, күтіп ұстамау немесе қызмет көрсетпеу құрылғының
жұмысына әсер етіп, сол арқылы қолданушының өміріне қатер
төндіруі мүмкін.
Пайдаланбас бұрын бұйымның жұмысқа жарамдылығын тексеру
керек. Егер жұмысқа жарамдылық сынағы сәтсіз болса, бұзылған
болса, білікті қызмет көрсетілмесе/күтіп ұсталмаса, түпнұсқалық
MSA қосалқы бөлшектері қолданылмаған болса, өнімді пайдалануға
болмайды.
* Германияда кемінде BGR 190 және G26 кәсіби бірлестіктердің принциптері.
1.2.
Жауапкершілік туралы ақпарат
MSA компаниясы өнімді дұрыс пайдаланбаған немесе мақсатқа сай емес
түрде пайдаланған жағдайлар үшін жауапкершілік көтермейді. Өнімді таңдау
мен пайдалану жұмыскердің жеке жауапкершілігі болып табылады.
Егер бұйым осы нұсқаулықтағы нұсқауларға сәйкес пайдаланылмаса,
жөнделмесе және күтіп ұсталмаса, ол үшін жауапкершілік туралы кінарат-
талаптар, кепілдіктер, сондай-ақ бұйымға қатысты MSA берген кепілдіктер
жарамсыз болады.
104
OptimAir 3000 арналған сүзгілер
MSA

Publicidad

loading