Сағат тілінің бағытына қарсы бұрау үшін өлшеу
құралындағы түймесін (4) немесе қашықтан басқару
құралындағы сағат тілінің бағытына қарсы бұрау түймесін
(29) басыңыз.
Сағат тілінің бағытымен бұрау үшін өлшеу құралындағы
түймесін (3) немесе қашықтан басқару құралындағы
сағат тілінің бағытымен бұрау түймесін (36) басыңыз.
Айналу жазықтығын тік күйде бұрау
Өлшеу құралының тік күйінде лазер нүктесін, лазер
сызығын немесе айналу жазықтығын оңай теңестіру
немесе параллельді туралау үшін ±8,5% шамасындағы
диапазонда X осі бойынша бұрауға болады.
Функцияны іске қосу үшін өлшеу
құралындағы еңісті реттеу
түймесін (14) немесе қашықтан
басқару құралындағы еңісті реттеу
түймесін (31) басыңыз. Y осінің
еңісті реттеу мәзірі көрсетіледі, Y
осінің белгісі жыпылықтайды.
Айналу жазықтығын бұрау үшін өлшеу құралындағы ▲ (4)
немесе ▼ (3) түймесін немесе қашықтан басқару
құралындағы жоғары еңкейту түймесін (30) немесе
төмен еңкейту түймесін (35) қажетті позицияға жеткенше
басыңыз.
Тік күйдегі төмен қаратылған перпендикуляр
табанының автоматты функциясы
Өлшеу құралын тік күйде едендегі анықтамалық нүктемен
туралау үшін перпендикуляр табаны ретіндегі айнымалы
лазер сәулесін (8) төмен бұрауға болады.
Перпендикуляр табанының функциясын тек қашықтан
басқару құралының көмегімен немесе Bosch Levelling
Remote App қолданбасы арқылы іске қосуға болады.
Перпендикуляр табаны ретіндегі айнымалы лазер сәулесі
өздігінен нивелирленбейді. Сондықтан перпендикуляр
табанының функциясын іске қосқан кезде өлшеу
құралының нивелирленгеніне көз жеткізіңіз.
Төмен қаратылған перпендикуляр
табанының функциясын іске қосу
үшін қашықтан басқару
құралындағы перпендикуляр
табаны функциясының
түймесін (25) басыңыз. Айнымалы
лазер сәулесін тігінен туралау
барысында дисплейде перпендикуляр табаны
функциясының белгісі көрсетіледі. Туралау сәтті түрде
аяқталғаннан кейін, басты экранда перпендикуляр
табаны функциясының индикаторы (e) жанады.
Нивелирлеу автоматикасы
Шолу
Өлшеу құралы қосылғаннан кейін көлденең немесе тік
күйді тексеріп, шамамен ±8,5% (±5°) өздігінен
нивелирлеу диапазонының аясында бұдырлылықты
автоматты түрде түзетеді.
Bosch Power Tools
Нивелирлеу барысында дисплейде
нивелирлеу белгісі жыпылықтайды.
Өлшеу құралындағы күй
индикаторы (12) және қашықтан
басқару құралындағы тиісті осьтің
күй индикаторы ((34) немесе (33))
бір уақытта жасыл түспен
жыпылықтайды.
Нивелирлеу аяқталғанша айналу тоқтап, лазер сәулелері
жыпылықтайды. Нивелирлеу сәтті түрде аяқталғаннан
кейін, басты экран пайда болады. Лазер сәулелері
үздіксіз жанып тұрады және айналу басталады. Өлшеу
құралындағы күй индикаторы (12) және қашықтан
басқару құралындағы нивелирленетін осьтің күй
индикаторы ((34) немесе (33)) жасыл түспен үздіксіз
жанып тұрады.
Өлшеу құралы 8,5% шамасынан
артық қиғаштанып тұрса немесе
көлденең немесе тік күйден басқаша
орналастырылса, нивелирлеу бұдан
былай мүмкін болмайды. Дисплейде ақау туралы хабар
пайда болып, күй индикаторы (12) қызыл түспен
жыпылықтайды.
Өлшеу құралын қайта орналастырып, нивелирлеу
орындалғанша күте тұрыңыз.
Егер максималды нивелирлеу
уақытынан асырылса, нивелирлеу
ақау туралы хабармен тоқтатылады.
Өлшеу құралын қайта орналастырып, нивелирлеуді қайта
іске қосу үшін қосу/өшіру түймесін (11) қысқаша
басыңыз.
Күй өзгерістері
Өлшеу құралы нивелирленгеннен кейін жүйелі түрде
көлденең және тік күйді тексереді. Күй өзгергенде,
қосымша нивелирлеу автоматты түрде орындалады.
Минималды күй өзгерістері жұмысты тоқтатусыз
теңестіріледі. Астыңғы беттің тербелуі немесе ауа
райының әсерлері автоматты түрде қалпына келтіріледі.
Күй өзгерістері елеулі болған жағдайда, өлшеу
қателерінің алдын алу үшін нивелирлеу процесінің
барысында лазер сәулесінің айналуы тоқтатылып, лазер
сәулелері жыпылықтайды. Дисплейде нивелирлеу белгісі
пайда болады. Қажет болса, соққы туралы ескерту
функциясы іске қосылады.
Өлшеу құралы көлденең және тік күйді автоматты түрде
анықтайды. Көлденең және тік күйлердің арасында
ауысу үшін өлшеу құралын өшіріп, жаңадан
орналастырыңыз және қайта қосыңыз.
Күй қосу/өшіру әрекетінсіз
ауыстырылса, ақау туралы хабар
пайда болып, күй индикаторы (12)
қызыл түспен жылдам
жыпылықтайды. Нивелирлеуді қайта
іске қосу үшін қосу/өшіру
түймесін (11) қысқаша басыңыз.
Қазақ | 479
1 609 92A 6AE | (28.05.2021)