Bosch GDR Professional 14,4 V-LI MF Manual Origina página 130

Ocultar thumbs Ver también para GDR Professional 14,4 V-LI MF:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 25
130 | Қaзақша
Литий-иондық аккумулятор „Electronic Cell Protection
(ECP)" арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған.
Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс
схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа
қозғалмайды.
 Электр құралы автоматты ретте өшкеннен соң
қосқыш/өшіргішті басқа баспаңыз. Әйтпесе
аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Аккумулятор теріс температуралық коэффициенті бар
температураны басқару функциясымен жабдықталған, ол
тек 0 °C–45 °C температуралық режим шектерінде
зарядтауға мүмкіндік береді. Осылайша ұзақ пайдалану
мерзіміне қол жетеді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.
Аккумуляторды шешу
Аккумулятордың 7 екі бекіту басқышы бар, олар
аккумудяторды ашу пернесі 8 кездейсоқ басылып
аккумулятор түсіп кетуінен сақтайды. Аккумулятор электр
құралында орнатулы болса, оны серіппе жайында ұстап
тұрады.
Аккумуляторды 7 шығару үшін ашу пернесін 8 басып,
аккумуляторды электр құралынан алға тартып
шығарыңыз. Тартқан кезде күш салмаңыз.
Жұмыс құралын ауыстыру (А суретін
қараңыз)
 Электр құралын (мысалы қызмет көрсету,
аспаптарды алмастыру т.б.) пайдалануда және
оларды тасымалдау және сақтауда айналу
бағытының реттеушісін орта күйге жылжытыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Алмалы-салмалы аспапты орнату
Бекіту төлкесін 2 алға тартып алмалы-салмалы аспапты
тірелгенше аспап патронына 1 жылжытып бекіту төлкесін
2 жіберіп алмалы-салмалы аспапты бекітіңіз.
Бұрау үшін тек 12 (DIN 3126-E6.3) шарлық ысырмасы бар
қондырма биталарды пайдаланыңыз. Басқа қондырма
биталарды 14 шарлық ысырмасы бар әмбебап бита
ұстағышы 13 арқылы орнатыңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз
Бекіту төлкесін 2 алдынға жылжытып алмалы-салмалы
аспапты шешіңіз.
1 609 92A 0C1 | (19.9.13)
Пайдалану
Қағатын бұрауыш жұмыс істеу әдісі
Аспап патроны 1 алмалы-салмалы аспабпен электр
қозғалтқыштан беріліс пен қағу механизмы арқылы
жүргізіледі.
Жұмыс әдісі екі басқышқа бөлектенеді:
Бұрау мен тарту (қағу механизмі жұмыста).
Қағу механизмі бұранда қатып қозғалтқыш жүктелгенде
іске қосылады. Қағу механизмі де осылай қозғалтқыш
күшін бір қалыпты бұрап қағуларға айналдырады. Бұранда
немесе сомындарды босатуда бұл әдіс керісінше
орындалады.
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
 Тек электр құралыңыздың зауыттық
тақтайшасында белгіленген қуатты түпнұсқалық
Bosch литий-иондық аккумуляторын
пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды пайдалану
жарақаттану және өрт қаупін тудыруы мүмкін.
Реверсивті ауыстырып-қосқыш 9 орташа қуатқа реттеп
электр құралын кездейсоқ қосылуынан сақтайсыз.
Зарядталған аккумуляторды 7 алдынан электр құралының
тұтқасына аккумулятор бекем бұғатталғанша салыңыз.
Айналу бағытын орнату (В суретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышының 9 көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті 10 басқанда бұл мүмкін емес.
Оң жаққа айналу бағыты: бұрандаларды бұрап кіргізу,
сомындарды тарту және бұрғылау үшін айналу бағытының
ауыстырып-қосқышын 9 солға тірелгенше басыңыз.
Сол жаққа айналу бағыты: бұрандалар, сомындар және
бұрғыларды босату немесе бұрап алу үшін айналу
бағытының ауыстырып-қосқышын 9 оңға тірелгенше
басыңыз.
Пайдалану түрін орнату (C суретін қараңыз)
„Бұрғылау/бұрау" ауыстырып-қосқышымен 4 электр
құралының пайдалану түрін таңдаңыз.
Ескертпе: Пайдалану түрін тек электр құралын өшіріп
өзгертіңіз! Әйтпесе электр құралын зақымдау мүмкін.
Пайдалану түрін өзгерту үшін „Бұрғылау/бұрау"
ауыстырып-қосқышын 4 керекті күйіне жылжытыңыз.
Егер „Бұрғылау/бұрау" ауыстырып-қосқышын 4
тірелгенше жылжытып болмаса, қохсқыш/өшіргішті 10
жай басып „Бұрғылау/бұрау" ауыстырып-қосқышын 4
керекті күйге жылжытудан алдын қайта жіберіңіз.
 „Бұрғылау/бұрау" ауыстырып-қосқышын 4
әрдайым тірелгенше жылжытыңыз. Толық
аыуыстырылмаған „Бұрғылау/бұрау" ауыстырып-
қосқышы 4 жағдайында электр құралы зақымдануы
мүмкін.
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Gdr 18 v-li mfGdr professional 18 v-li mf

Tabla de contenido