- Бүкіл сынғыш және жеңіл заттарды еденнен алыңыз және
роботтың жалюзилерді немесе перделерді тартатын сымдарға
шатасып қалмауын қадағалаңыз.
- Роботтың басқа құрылғылардың желілік сымдарының үстімен
қозғалуына жол бермеңіз, себебі бұл қауіпті болуы мүмкін.
- Қауіпті жағдай орын алса немесе робот әдеттен тыс әрекет етсе,
я болмаса әдеттен тыс иіс шығарса, роботты өшіріңіз.
- Зақымдап алмас үшін шаң контейнерінде сүзгі жоқ болса немесе
ол шаң контейнеріне дұрыстап салынбаған болса, роботты
пайдаланбаңыз.
- Робот тазалап жатқанда роботты жаппаңыз немесе желдету
саңылауларын жаппаңыз. Бұдан робот қызып кетуі мүмкін.
- Роботты 60°C-тан жоғары немесе -10°C-тан төмен температурада
сақтамаңыз.
- Роботты температурасы 45°C-тан жоғары бөлмеде пайдаланбаңыз.
- Қайта зарядталатын батареяны теспеңіз, бөлшектемеңіз немесе оны
температурасы 60°C-тан жоғары жерлерге қоймаңыз. Қызып кетсе,
зарядталатын батарея жарылуы мүмкін.
Абайлаңыз
- Робот төменгі жағында үш құлаудан қорғау датчигімен
жабдықталған. Бұл құлаудан қорғау датчиктері биіктіктегі
айырмашылықтарды анықтау және оның алдын алу үшін
пайдаланылады. Кейбір жағдайларда, үйдегі нақты жағдайларға
байланысты, құлаудан қорғау датчиктері сатыны немесе басқа биіктік
айырмашылығын уақытылы анықтамауы мүмкін. Сондықтан роботты
осы жағдайларда пайдаланбаңыз немесе оны мұқият бақылаңыз.
- Құлаудан қорғау датчиктерінің үстіне ешбір таспа немесе
жапсырмалар жапсырмаңыз және құлаудан қорғау датчиктерін
жүйелі түрде тазалап отырыңыз. Егер құлаудан қорғау датчиктері
жабылған болса немесе лас болса, робот сатының биіктік
айырмашылығын анықтай алмайды.
- Роботты құмды, қақты, цемент шаңын және ұқсас заттарды сору
үшін пайдаланғанда сүзгінің тесіктері бітеледі.
- Құралды тазалағанда, қыратын шүберектерді, қырғыш тазалау
құралдарын, спирт, жанармай немесе ацетон тәріздес
сұйықтықтарды қолданбаңыз.
- Қайта зарядталатын батареяны немесе адаптерді ылғалды
қолдарыңызбен ұстамаңыз.
- Роботты зарядтау үшін тек жинақтағы адаптерді және қайта
зарядталатын батареяны пайдаланыңыз.
ҚАЗАҚША
49