AirMaXX SL моделінің əр түрлі үлгілері бар:
•
SL – стандартты үлгі
•
SL-Q – Quick-Fill ағытпасымен
•
SL-M – қысқа ауқымды alphaMITTER таратқышымен
•
SL-3C; 3N – қосымша орташа қысым қосылысы
•
eXXtreme SL – жаттығу кезінде бірнеше қайтара пайдалану
үшін
•
SL-CLICK – alphaCLICK цилиндр адаптерімен
Пайдалану
Əртүрлі үлгілерді пайдалану үшін – AirMaXX SL пайдалану
нұсқаулығын қараңыз.
(1) Тығыздалған ауа цилиндр(лер)ін SCBA аппаратына жалғаңыз.
(2) Артқы пластинаны реттеңіз.
(3) Аппаратты киіңіз жəне пайдаланудан бұрын тексеріңіз.
(4) Тұтас беттік масканы киіңіз жəне бет бөлшегінің бетке тығыз
орналасуын тексеріңіз.
(5) Цилиндр клапан(дар)ын толық ашыңыз.
(6) Өкпеге бағынышты ағымды үлестіру клапанын немесе тұтас
беттік масканы алып тастаңыз.
Пайдалану кезінде
(1) Тұтас беттік маска мен өкпеге бағынышты ағымды үлестіру
клапанының тығыз орналасуын жүйелі тексеріңіз.
(2) Ескерту белгісі немесе шығу бұйрығы шықса, лезде аумақтан
кетіңіз.
Екінші қосылыс пайдаланылған кезде, ауа көбірек жұмсалады
жəне жұмыс уақыты анағұрлым қысқарады.
Пайдаланғаннан кейін
(1) Өкпеге бағынышты ағымды үлестіру клапанын немесе тұтас
беттік масканы алып тастаңыз.
(2) Цилиндр клапан(дар)ын жабыңыз.
(3) Өкпеге бағынышты ағымды үлестіру клапанының тазарту
режимін белсенді етіңіз.
Аппаратты лақтырмаңыз. Бұл клапанды зақымдауы жəне
қалған тығыздалған ауаның қапылыста шығуына əкелуі
мүмкін. Бұл сізге жəне қасыңыздағыларға ауыр жарақат
əкелуі мүмкін.
(4) Тығыздалған ауамен тыныс алу аппаратын алып тастаңыз.
(5) Тығыздалған ауа цилиндр(лер)ін алып тастаңыз.
KZ
Order No.: 10075781/01