Hilti SC 70W-­A22 Manual Original página 237

Ocultar thumbs Ver también para SC 70W-­A22:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 22
тыс зарядтамаңыз. Қате зарядтау немесе рұқсатты температура ауқымдарынан тыс зарядтау
аккумуляторды бұзуы және өрт қаупін арттыруы мүмкін.
Қызмет
▶ Электр құралын жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті
қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Бұл электр құралын қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз
етеді.
▶ Зақымдалған аккумуляторларға ешқашан қызмет көрсетпеңіз. Аккумулятордың толық күтімін
тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету орталықтары орындауы тиіс.
2.2
Барлық аралармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
Аралау
ҚАУІПТІ: Қолдарды аралау орнынан және аралау төсемінен ары ұстаңыз.
қолыңызбен қосымша тұтқышты немесе мотор корпусын ұстаңыз. Егер араны екі қолмен
ұстасаңыз, аралау төсемі қолдарыңызды жарақаттауы мүмкін.
▶ Өңделетін бұйымды астынан ұстап алмаңыз. Қорғауыш қалпақ бөлшек астында аралау төсемінен
қорғай алмайды.
▶ Кесу тереңдігін бұйым қалыңдығына сай орнатыңыз. Бөлшек астында аралау төсемі бір тістен
көбірек шықпауы керек.
▶ Аралап жатқан бөлшекті ешқашан қолда немесе аяқ үстінде ұстамаңыз. Бөлшек берік тіректе
жатуы керек. Денеге тию, аралау төсемінің сыналануы немесе бақылауды жоғалту қаупін барынша
азайту үшін бөлшекті бекіткен жөн.
▶ Кесетін аспап жасырын электр сымдарын кесуі мүмкін жұмыстарды орындап жатсаңыз,
құрылғыны тек изоляцияланған тұтқаларынан ұстаңыз. Кернеу бар сымдарға тию құрылғының
металл бөліктерінде кернеу тудырады және электр тогының соғуына әкеледі.
▶ Бойлай аралау кезінде әрқашан тіректі немесе түзу бағыттауыш жиекті қолданыңыз. Бұл кесу
дәлдігін жақсартады және аралау төсемінің сыналану мүмкіндігін азайтады.
▶ Әрқашан дұрыс өлшемдері мен сәйкес бекіту тесігі (мысалы, жұлдызшалы немесе дөңгелек)
бар аралау төсемдерін пайдаланыңыз. Бекітулерге сай келмейтін аралау төсемдері біркелкі
айналмайды және аспапты бақылауды жоғалтуға әкелуі мүмкін.
▶ Аралау төсемдері немесе бұрандалар астына ешқашан зақымдалған немесе сай емес астына
салатын сақиналарды қолданбаңыз. Аралау төсемдері немесе бұрандалар астына салатын
сақиналар араңыз үшін арнайы жасалған және оларды қолдану ең жақсы нәтижеге және жұмыс
қауіпсіздігіне кепіл береді.
Кері соққы - себептері және тиiстi нұсқаулар
Кері соққы – бұл ілінетін, сыналанатын немесе дұрыс емес тексерілген аралау төсемінің салдарынан
болатын күтпеген реакция; ол бақыланбайтын араның бөлшектен оператор бағытында шығуына
әкеледі;
егер аралау төсемі матасатын араланған жерде ілініп қалса немесе сыналанса, онда мотор күші
құрылғыны артқа оператор бағытында ұшырып шығарады;
егер араланған жерде аралау төсемі қисайса немесе дұрыс емес тексерілсе, онда араны артқы
жиегінің тістері бөлшек бетіне соқтығуы мүмкін. Бұл аралау төсемінің аралау орнына шығуына және
араның оператор бағытында кенет ұшып шығарылуына әкеледі.
Кері соққы араны дұрыс емес немесе қате қолданудың салдары болып табылады. Оны төменде
сипатталған тиісті сақтық шараларымен болдырмауға болады.
▶ Араны екі қолмен берік ұстаңыз және бұл кезде қолдарды кері соққы күшіне қарсы тұра
алатындай орналастырыңыз. Әрқашан аралау төсемінен ары тұрыңыз, ешқашан аралау
төсемін денеңіздің осі бойынша жүргізбеңіз. Кері соққы кезінде ара артқа ыршуы мүмкін,
алайда тиісті шаралар қолданылса, оператор кері соққы күшіне қарсы тұра алады.
▶ Аралау төсемі сыналанғанда немесе кесу басқа себеппен үзілсе, сөндіргішті жіберіңіз және
араны бөлшекте жай, аралау төсемі толық тоқтағанша ұстаңыз. Айналып жатқанда немесе
кері соққы пайда болуы мүмкін болса ешқашан аралау төсемін бөлшектен шығаруға, артқа
жіберуге тырыспаңыз. Аралау төсемінің сыналану себебін табыңыз және сәйкес шаралармен
кетіріңіз.
▶ Бөлшекте тұрып қалған араны қайта қосқыңыз келсе, алдымен аралау орнында аралау
төсемін ортаға келтіріңіз және төсем тістерінің еркіндігін тексеріңіз. Сыналанған аралау төсемі
араны қайта қосқанда бөлшектен шығуы немесе кері соққы тудыруы мүмкін.
▶ Аралау төсемі сыналанғанда кері соққы қаупін азайту үшін үлкен тақталар тіректерде жатуы
керек. Үлкен тақталар өз салмағынан майысуы мүмкін. Тақталар тіректерде екі жақта да, аралау
орнының жанында да, жиекте де жатуы керек.
*2092403*
Printed: 30.04.2019 | Doc-Nr: PUB / 5206193 / 000 / 03
2092403
Екінші
Қазақ
231

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido