Аккумуляторды Орнату - Hilti SC 70W-­A22 Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para SC 70W-­A22:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 22
5.1.2
Аккумуляторды орнату
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі қысқа тұйықталудан немесе аккумулятордың құлауынан!
▶ Аккумуляторды орнату алдында аккумулятор контактілерінде және өнімдегі контактілерде бөгде
заттардың жоқтығына көз жеткізіңіз.
▶ Аккумулятордың әркез дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
1. Аккумуляторды алғаш рет іске қоспас бұрын зарядтаңыз.
2. Аккумуляторды аспап ұстағышына шерту дыбысы шыққанша мұқият салыңыз.
3. Аккумулятордың аспапқа берік бекітілгенін тексеріңіз.
5.1.3
Аккумуляторды шығару
1. Аккумулятордағы құлыптан босату түймелерін басыңыз.
2. Аккумуляторды аспап ұстағышынан шығарып алыңыз.
5.1.4
Төсемді алу
3
ЕСКЕРТУ
Өрт қаупі Ыстық құрал, қыспа фланец не қыспа болттан және өткір ара төсемінің жиектерінен болатын
қауіп.
▶ Ауыстырылатын аспапты ауыстырғанда қорғауыш қолғаптарды қолданыңыз.
1. Аккумуляторды аспаптан шығарыңыз.
2. Ішкі алты қырлы кілтті ара төсеміне арналған тартпа болтқа енгізіңіз.
3. Шпиндельді бұғаттау түймесін басып тұрыңыз.
4. Бүйірлік алты қырлы кілттің көмегімен төсемнің тартпа болтын шпиндельді бекіту түймесі толығымен
тірелмегенше бұрап босатыңыз.
5. Ішкі алты қырлы кілтті айналу көрсеткісінің бағытымен айналдырып тартпа болтты бұрап алыңыз.
6. Тартпа болт пен сыртқы бекіткіш фланецті алып тастаңыз.
7. Араның қайырмалы қоршауын ашып, төсемді шығарыңыз.
Қажет болса, қыспа фланецті тазалау үшін алып тастауға болады.
5.1.5
Ара төсемін орнату
АБАЙЛАҢЫЗ
Зақымдалу қаупі бар! Жарамсыз немесе қате орнатылған ара төсемдері араға зақым келтіруі мүмкін.
▶ Тек осы араға арналған төсемдерді қолданыңыз. Міндетті түрде ара төсеміндегі айналу бағыты
көрсеткісіне назар аударыңыз.
▶ Өнімде көрсетілген жылдамдықтан кем болмайтын, рұқсат етілген жылдамдықтағы ара төсемін
пайдаланыңыз.
Орнатылған төсем техникалық талаптарға сай екеніне және жақсы өткірленгеніне көз
жеткізіңіз. Үшкір өткірленген төсем – мінсіз кесу кепілі.
1. Аккумуляторды аспаптан шығарыңыз.
2. Бекіткіш фланецті және қыспа фланецті тазалаңыз.
3. Қыспа фланецті қозғалғыш шпиндельге тиісті бағдармен кигізіңіз.
4. Қайырмалы қоршауды ашыңыз.
5. Жаңа төсемді орнатыңыз.
6. Сыртқы бекіту фланецін дұрыс бағдармен кигізіңіз.
7. Тартпа болтты салыңыз.
8. Ішкі алты қырлы кілтті ара төсеміне арналған тартпа болтқа енгізіңіз.
9. Шпиндельді бұғаттау түймесін басыңыз.
10. Ішкі алты қырлы кілтті айналу көрсеткісінің бағытына қарсы бұрау арқылы бекіту фланецін тартпа
болтпен бірге бекітіңіз.
➥ Шпиндельді бекіту түймесі енгізіледі.
*2092403*
Printed: 30.04.2019 | Doc-Nr: PUB / 5206193 / 000 / 03
4
2092403
Қазақ
237

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido