Əркүндік қолдану
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Құрылғыны іске қосу жəне сөндіру
1. Қуат параметрін таңдау үшін қуат
тетігін бұраңыз.
2. Уақытты орнату үшін таймер тетігін
бұраңыз, сонда құрылғы автоматты
түрде қосылады.
3. Құрылғыны сөндіру үшін:
– таймер тетігі "СӨНДІРУ" қалпына
келіп, құрылғы автоматты түрде
сөнгенше күтіңіз.
– таймер тетігін "СӨНДІРУ" қалпына
бұраңыз.
– есікті ашыңыз. Құрылғы автоматты
түрде тоқтайды. Пісіруді жалғастыру
үшін есікті жабыңыз. Тағамды қарау
үшін осы функцияны пайдаланыңыз.
Таймер тетігі "СӨНДІРУ" қалпына
келгенде, дыбыстық сигнал естіледі.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғының ішінде тағам болмаса
іске қоспаңыз.
Таймерді 5 минуттан аз уақытқа қою
үшін, əуелі таймерді 5 минуттан артық
уақытқа қойып, содан кейін тетікті қалаған
уақытқа қойыңыз.
Құрылғыны пайдалануға қатысты
жалпылама ақпарат
Жалпы:
• Құрылғыны сөндіргеннен кейін, тағамды
бірнеше минут қоя тұрыңыз.
• Алюминий қағаздан жасалған орамды,
темір сауыттарды т.с.с. тағам дайындар
алдында алыңыз.
Пісіру:
• Егер мүмкін болса, тағамды
микротолқынға сай келетін
материалмен жауып пісіріңіз. Тағамды
қытырлақ етіп пісіргіңіз келсе, қақпақ
жаппай пісіріңіз
18
• Қуат жəне уақыт параметрлерін тым
жоғары мəнге қойып, тағамды қатты
пісіріп жібермеңіз. Тағам кеуіп, күйіп
кетуі немесе оның кей жерлері жанып
кетуі мүмкін.
• Құрылғыны жұмыртқаны немесе
шырышты қабықтарымен пісіру үшін
пайдаланбаңыз, себебі жарылып кетуі
мүмкін. Жұмыртқаны қуыру үшін əуелі
сарысын тесіп алыңыз.
• "Терісі" немесе "қабығы" бар картоп,
қызанақ, шұжық тəрізді тағамдарды
пісіретін кезде, жарылып кетпес үшін
бірнеше рет шанышқымен тесіп
қойыңыз.
• Тоңазытылған немесе мұздатылған
тағамдарды пісіру үшін ұзағырақ пісіру
уақытын орнатыңыз.
• Тұздығы бар тағамдарды ара-тұра
араластыру керек.
• Сəбіз, бұршақ немесе орамжапырақ
тəрізді тығыз тағамдарды суға салып
пісіру керек.
• Үлкен кесектерді пісіру уақытының
жартысы өткенде аударыстырыңыз.
• Егер мүмкін болса, көкөністерді
кішкенелеп тураңыз.
• Жалпақ, кең ыдыстарды қолданыңыз.
• Фарфор, керамика немесе балшықтан
жасалған мысалы, сабында кішкене
тесігі бар немесе түбі безендірілмеген
ыдыстарды қолданбаңыз. Осы тесікке
енетін ылғал қызған ыдысты жарып
жіберуі мүмкін.
• Шыны пісіру науасы тағам мен
сусындарды қыздыруға арналған. Бұл
микротолқынды пештің жұмысы үшін
қажет.
Етті, құстың етін, балықты жібіту:
• Мұздатылған, оралмаған тағамды
ыдыстың үстіне төңкерілген кішкене
табаққа қойыңыз, сонда жібіген сөлі
ыдысқа жиналады.
www.zanussi.com