MSA V-GARD 900 Manual De Instrucciones página 63

Ocultar thumbs Ver también para V-GARD 900:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 37
2
Пайдалану
2.1
Шлемді реттеу
Дұрыс қорғанысты қамтамасыз ету үшін шлемді пайдаланушы басының өлшеміне қарай
реттеу қажет. Fas-Trac III бауын пайдаланған кездегі өлшемдері: 52 см - 63 см.
Реттегеннен кейін шлем төңкерілмей немесе жылжымай дәл келуі тиіс.
(1)
Шлемнің жоғары бөлігіне қарай амортизаторды басыңыз.
(2)
Шлемді басыңызға киіп, биіктігі ыңғайлы орныққанша төмен қарай басыңыз.
(3)
Бауларының бастың биіктігімен үйлесімді екеніне көз жеткізу үшін және жоғарыдан
қараған (қарау бұрышының өзгерісі) кездегі қажетті деңгейді алу үшін, шлемді кию
биіктігін қажетінше 1-суретте көрсетілгендей аспалар арасына бау қысқыштарын
қайта орналастыру арқылы реттеңіз.
(4)
Шлем басыңызда болған кезде астынан киілген түзетуші көзілдірік үстіндегі бет
қалқанының дұрыс тұрғанына көз жеткізу үшін, шлемнің көлденең күйін бау
қысқыштарын бас бауы бойымен сырғыту арқылы реттеңіз (2-суретті қараңыз).
(5)
Тіреуіш механизм жолағын ашу үшін тұтқаны максималды өлшеміне дейін бұрыңыз.
Тұтқаны бекітіп, сәйкес келтіру үшін сағат тілі бағытымен бұрыңыз (3-сурет).
(6)
Шлемнің күнқағарын алға қаратып кию керек.
2.2
Бет қалқанын реттеу
(1)
4-суретте көрсетілгендей күнқағарды бір қолыңызбен төмен түсіріңіз.
Күнқағар соңғы қалпына өздігінен жылжиды.
(2)
Күнқағарды көтеру үшін, алдымен оны бетке қарай аздап тартыңыз да, содан соң
күнқағарды білігінің ортасынан бір қолмен ұстап тұрып жоғары қарай (5-суретке
қараңыз) итеріңіз.
2.3
Иек бауын реттеу
Шлем баста болған кезде, иек бауы оңай және жылдам реттеуге мүмкіндік беретін 5 реттеу
нүктесімен жабдықталған.
Жеткілікті қорғанысты сенімді түрде қамтамасыз ету үшін иек бауы былай тағылуы және
реттелуі керек:
(1)
Иек бауының тоғасын жабыңыз.
(2)
Иек бауын ыңғайлы тағылғанға дейін мықтап бекемдеңіз (6-суретке қараңыз).
2.4
Доға ұшқынынан қорғайтын құлақ жапқыштары (қосымша)
Доға ұшқынынан қорғайтын құлақ жапқыштары төмен қаратып киілгенде доға ұшқынынан
қорғайды (7-суретке қараңыз). ECS өкілетті ұйымымен тексерілген. Сынақ есебі сұраныс
бойынша қолжетімді.
Қатерлер орын алмағанда, құлақ жапқыштары күту қалпында киілсе болады (8-суретке
қараңыз). Құлақ жапқыштарын тазалау үшін, ажыратып бөлшектеуге болады: тазалау
жөніндегі ұсыныстарды 3.2-бөлімінен қараңыз. Тазалап болғаннан кейін оларды шлем
тесіктеріне қайта жинау үшін 9-суретке қараңыз.
2.5
Белгі ұстағышы/шамға арналған ұстағыш (қосымша)
Корпусына (қосымша, 10- және 12-суретті қараңыз) белгі ұстағышы/шамға арналған
ұстағыш орнатылған шлемдер үшін келесі элементтер кірістірілсе болады:
Белгі
-
Шам бас бауының белбеулері (10- және 12-суретті қараңыз)
-
3
Күтімі
3.1
Қарап тексеру
Пайдаланбас бұрын және пайдаланғаннан кейін корпусының, бет қалқанының, аспаның
және төсеменің сынбағанын, шытынамағанын, сызат түспегенін, түсінің өзгерген не
өзгермегенін, борға ұқсас сыртқы көрінісін немесе кез келген басқа да әдеттен тыс
жағдайларлдың бар-жоғын тексеріңіз.
Егер осы жағдайлардың қайсыбірі орын алған болса, шлемді тез арада ауыстырыңыз,
себебі бұл жағдайлар шлемнің соққыдан, тесуден және/немесе электр тогының соғуынан
қорғау қабілеттерінің жоғалғандығын көрсетеді.
3.2
Тазарту/Зарарсыздандыру
Шлем және бет қалқаны
Тексеру оңай болуы үшін және шлемді киетін адам денесінің тітіркенбеуі үшін шлемдер мен
бет қалқандарын жиі-жиі тазалап тұру керек. Сабынды су мен жұмсақ шүберекті
пайдаланыңыз. (Жуғыш және еріткіш негізіндегі өнімдерді немесе қажағыш заттарды
пайдаланбаңыз).
Доға ұшқынынан қорғайтын құлақ жапқыштары (қолданылатын болса)
Доға ұшқынынан қорғайтын құлақ жапқыштарын 40 °C
температурада қолмен жууға болады.
V-Gard 950
Пайдалану
KZ
63

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

V-gard 959

Tabla de contenido