Қауіпсіздік Туралы Ақпарат - GP ReCyko Pro P461 Manual De Instrucciones

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 9
Сипаттамалары
4 жарық диодты индикаторы бар 1-4 дана AA/AAA батареяларын жылдам зарядтау
Қуаттың автоматты түрде өшуі: теріс дельта В, қауіпсіздік таймері жəне температураны өшіруден
қорғау
USB қуат кірісі (5В / 2,0А)
AA 2100 мА-сағ / AAA 850 мА-сағ батареяларының зарядталу уақыты шамамен: 1,3–2,6 сағат
Үздіксіз зарядтау режимі
Батарея сыйымдылығын тексеру функциясы
(i) тікелей USB зарядтау қосылымы немесе (ii) GP 4 ұялы (D451 жəне D461) не 8 ұялы (D851 жəне
D861) зарядтау станциялары арқылы қос зарядтау
Зарядтау бойынша нұсқаулар
Пайдаланудың алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Нұсқаулықты алдағы уақытта қарау
үшін сақтап қойыңыз.
1. Кабельдің micro USB ұшын зарядтағыш құрылғының micro USB портына жалғаңыз (1a суреті).
2. USB кабелінің екінші ұшын 5V / 2A қабырға зарядтағышына қосыңыз (1b суреті) немесе ұқсас USB
портына (оңтайлы жұмыс істеу үшін 5V / 2A GP USB кабелі мен қабырға зарядтағышын пайдаланыңыз).
3. 1–4 дана NiMH батареяларын зарядтағыш құрылғыға батареяның полярлығына сəйкес салыңыз
(2-сурет).
Осы кезде зарядтау басталып, жарық диодты индикаторлар батареялардың зарядтау күйін көрсетеді
(3-сурет жəне 1-кесте).
Батареялар зарядталып жатқанда, жарық диодты индикаторлар жасыл болып жанады.
Нашар немесе бір рет пайдаланылатын батареялар салынғанда, жарық диодты индикаторлар қызыл
түспен тез жыпылықтайды. Бұл батареяларды зарядтағыштан алыңыз.
4. Батарея қуатын тексеру үшін дөңгелек түймесін басып тұрыңыз (4-сурет жəне 1-кесте).
5. Зарядтау станциясы арқылы зарядтау үшін сəйкес СКД дисплейі бар GP 4 ұялы (D451 жəне D461)/8
ұялы (D851 жəне D861) NiMH USB зарядтау станциясының нұсқаулығын қараңыз.
Құрылғының дұрыс жұмыс істеуі жəне қауіпсіз болуы үшін, əрдайым GP NiMH батареяларын
пайдаланыңыз.
Пайдалану бойынша кеңестер
Зарядтау кезінде батареялардың қызып кетуі қалыпты құбылыс, олар толық зарядталғаннан кейін
біртіндеп бөлме температурасына дейін салқындайды.
Егер электр құрылғысы ұзақ уақыт пайдаланылмаса, одан батареяларды алып тастаңыз.
Батареяны сақтау температурасы: -25 ~ + 60°C
Зарядтау температурасы: 0 ~ +35°C
2 батареяны жылдам зарядтау кезінде оларды салқындатуға орын қалдырып, қызып кетуін
болдырмау үшін 1 жəне 3 күйлеріне (немесе 2 жəне 4) қойыңыз (5-сурет).
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Бұл зарядтағыш құрылғы тек NiMH батареясын зарядтауға жобаланған. Басқа батареяларды зарядтау
нəтижесінде жарылыс, батареяның жарылуы немесе жылыстауы, жарақат алу немесе мүліктік залал
пайда болуы мүмкін.
Бұл зарядтағыш құрылғы тек бөлме ішінде пайдалануға арналған. Зарядтағыш құрылғыны жаңбыр,
қар немесе тікелей күн сəулесінің астына қоймаңыз.
Зарядтағыш құрылғыны ылғалды шарттарда пайдаланбаңыз.
Зарядтағыш құрылғы 0 ~ +35°C аралығында пайдаланылғанына көз жеткізіңіз.
Қайта зарядтауға келмейтін, LiFePO4, NiCD немесе литий-иондық батареяларды пайдаланбаңыз.
Батареялар толығымен зарядталғанда, оларды шығарып алып, зарядтағыш құрылғыны қуат көзінен
ажыратыңыз.
Ашасы зақымдалған зарядтағыш құрылғыны пайдаланбаңыз.
Зарядтағыш құрылғыны жерге түсірген немесе зақымдаған соң пайдаланбаңыз. Зарядтағыш
құрылғыны ашпаңыз/бөлшектемеңіз.
Батарея жеңі зақымдалған болса, оны зарядтағышта қолданбаңыз.
Сыртқы жеңді ешқашан батареялардан шығармаңыз.
Зарядтағышты жақсы желдетілетін жерде қолданыңыз жəне қызып кетпес үшін зарядтағышта басқа
заттар жоқтығына көз жеткізіңіз. Зарядтау кезінде бірнеше зарядтағышты жинамаңыз.
Бұл зарядтағыш құрылғы техникалық қызмет көрсетуді қажет етпейді, бірақ оны жүйелі түрде
құрғақ əрі жұмсақ шүберекпен сүртіп тұру керек. Абразивтерді немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Зарядтағыш құрылғыны тазаламас бұрын розеткадан суырып алыңыз.
8 жасқа толған балалар жəне дене, сезім жəне ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тəжірибесі мен
білімі жеткіліксіз адамдар бақыланған немесе бұл құрылғыны қауіпсіз жолмен пайдалану жөнінде
нұсқау алған жəне оған қатысты тəуекелдерді түсінген жағдайда бұл құрылғыны пайдалана алады.
Балалар құрылғымен ойнамауы тиіс. Балалар тазалау жəне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын
бақылаусыз өткізбеуі тиіс.
Бұл құрылғы FCC ережелерінің 15-бөліміне сəйкес келеді. Пайдалану мына екі шартқа бағынады:
(1) бұл құрылғы зиянды кедергі тудырмауы тиіс жəне (2) бұл құрылғы алынған ешқандай кедергілерді,
соның ішінде қалаусыз іске қосылуға əкелуі мүмкін кедергіні қабылдауы тиіс.
Электрлік құрылғыларды сұрыпталмаған қалалық қоқысқа тастамаңыз, бөлек қоқыс жинау
мекемелеріне жіберіңіз. Қолжетімді қоқыс жинау жүйелері туралы ақпарат алу үшін жергілікті
үкіметке хабарласыңыз. Электрлік құрылғылар қоқыс тастайтын жерлерге немесе қоқыс
орындарына тасталса, зиянды заттектер жер асты суларға жылыстап, қоректік тізбекке түсуі
жəне денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін.
KZ

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido