190 | Қазақ
Тепловизор
Ұсынылатын зарядтағыш құрылғылар
A) 20–23°C қоршаған орта температурасында және 0,999 шамасынан артық эмиссия дәрежесінде, 0,3 м өлшеу арақашықтығында,
5 минуттан артық жұмыс уақытында, 60 мм апертурада
B) оған қоса қолдануға байланысты ауытқу (мысалы, шағылысу, арақашықтық, қоршаған орта температурасы)
C) пайдаланған аккумуляторға байланысты
D) 20–30°C шамасындағы қоршаған орта температурасында
E) Тек қана тоқ өткізбейтін лас пайда болады, бірақ кейбір жағдайларда еру нәтижесінде тоө өткізу қабілеті пайда болуы күтіледі.
F) VDI 5585 стандарты бойынша
Техникалық мәліметтер жинақтағы аккумулятормен жұмыс істеуге есептелген.
Өлшеу құралының фирмалық тақтайшасындағы сериялық нөмір (2) оны бірмағыналы түрде сәйкестендіруге көмектеседі.
Монтаждау
Қуатпен жабдықтау
Өлшеу құралы стандартты батареялармен не Bosch
литий-иондық аккумулятормен жұмыс істейді.
Батарея адаптерімен (алынбалы) жұмыс істеу
(A және B суретін қараңыз)
Батареялар батарея адаптеріне салынады.
Батарея адаптері тек тиісті Bosch тексеру
u
камерасын пайдалануға арналған болып электр
құралдарымен пайдалануға болмайды.
Батареяларды енгізу үшін батарея адаптерінің
қабын (21) аккумулятор бөліміне (18) кіргізіңіз.
Батареяларды суретте көрсетілгендей қаптағы
жапқышқа (20) салыңыз. Жапқышты қап үстінен
сезілетіндей тірелгенше жылжытыңыз.
Батареяларды шығару үшін
жапқыштың (20) босату түймелерін (19)
басып, жапқышты тартып шығарыңыз.
Батареялардың шығып кетпегеніне көз
жеткізіңіз. Ол үшін өлшеу құралын,
аккумулятор бөлімін (18) жоғары қаратып, ұстаңыз.
Батареяларды шығарывп алыңыз. Іштегі қапты (21)
аккумулятор бөлімінен шығару үшін қапты ұстап алыңыз
да, бүйірлік қабырғасын азғантай басу арқылы өлшеу
құралынан тартып шығарыңыз.
Нұсқау: батареяны шығарып алу үшін бұрауыш сияқты
құрал пайдаланбаңыз. Әйтпесе корпус сынуы мүмкін.
Барлық батареяларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір
өндірушінің және қуаты бірдей батареяларды
пайдаланыңыз.
Өлшеу құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз,
u
батареяны өлшеу құралынан шығарып алыңыз.
Ұзақ уақыт сақтаған жағдайда, өлшеу құралындағы
батареяларды тот басуы және олардың заряды
өздігінен таусылуы мүмкін.
Аккумулятормен пайдалану (C суретін қараңыз)
Нұсқау: Өлшеу құралыңызға арналмаған аккумуляторды
пайдалану өлшеу құралының қате жұмыс істеуіне немесе
зақымдануына алып келуі мүмкін.
Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау
u
құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау
1 609 92A 6KU | (06.10.2021)
құралдары сіздің өлшеу құралыңыздың ішінде литий-
иондық аккумулятормен сәйкес.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін
қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады.
Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
әкелмейді.
Зарядталған аккумуляторды (23) енгізу үшін оны, ол
сезілетіндей тіреліп, өлшеу құралының тұтқасымен
жанасқанша, аккумулятор бөліміне (18) кіргізіңіз.
Аккумуляторды (23) шығару үшін босату
түймелерін (19) басып, аккумуляторды аккумулятор
бөлімінен (18) тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш
салмаңыз.
Пайдалану
Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн
u
сәулелерінен сақтаңыз.
Өлшеу құралына айрықша температуралар немесе
u
температура тербелістері әсер етпеуі тиіс. Оны,
мысалы, автокөлікте ұзақ уақытқа қалдырмаңыз.
Үлкен температура тербелістерінің жағдайында өлшеу
құралын қолданысқа енгізбес бұрын оның
температурасын дұрыс пайдаланыңыз. Айрықша
температуралар немесе температура тербелістерінің
жағдайында өлшеу құралының дәлдігі төмендеуі
мүмкін.
Өлшеу құралының дұрыс акклиматизациясын
u
қамтамасыз етіңіз. Температураның шұғыл
өзгерістері орын алған жағдайда, акклиматизация
уақыты 60 минутқа дейін созылуы мүмкін. Бұл жағдай,
мысалы, өлшеу құралы суық автомобиль ішінде
сақталып, содан кейін өлшеу әрекеті жылы ғимаратта
орындалғанда, орын алуы мүмкін.
Өлшеу құралын қатты соққыдан немесе құлаудан
u
қорғаңыз. Қатты сыртқы әсерлерден кейін және
функциялық қабілетінде ақаулар орын алса, өлшеу
құралын өкілетті Bosch сервистік қызмет көрсету
орталығында тексертіңіз.
Қосу/өшіру
Өлшеу үшін қорғаныш қалпақшаны (1) ашыңыз. Жұмыс
барысында инфрақызыл датчиктің бітелмегеніне
немесе жабылмағанына көз жеткізіңіз.
GTC 400 C
GAL 12...
GAX 18...
Bosch Power Tools