– AFC функциясын іске қосу
AFC түймесін (3) басыңыз.
Бақылау жарық диоды (33) жасыл түспен жанады.
Техникалық күтім және қызмет
Техникалық қызмет көрсету және тазалау
Құрылғыны реттеу, жабдық бөлшектерін
u
алмастыру немесе шаңсорғышты алып қоюдан
алдын айырды розеткадан шығарыңыз. Осы сақтық
шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол
бермейді.
Дұрыс және сенімді істеуі үшін шаңсорғыш пен
u
желдеткіш саңылауларын таза ұстаңыз.
Шаңсорғышты күту немесе тазалауда шаңтұтқыш
u
маскасын киіңіз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Пайдаланушы техникалық қызмет көрсетуі үшін,
сорғышты бөлшектеу, тазалау және оған мүмкіндігінше
қызмет көрсету керек, тек осы жағдайда қызмет
көрсетуші мамандар мен басқа тұлғаларға қауіп төнбейді.
Ықтимал тәуекелдерге жол бермеу үшін сорғышты
бөлшектеу алдында тазалау керек. Сорғышты бөлшектеу
жұмысы өткізілетін бөлме жақсы желдетілуі керек.
Техникалық қызмет көрсету кезінде жеке қорғаныс
жабдығын киіңіз. Техникалық қызмет көрсеткеннен кейін
техникалық қызмет көрсету аймағын тазалау керек.
Жылына кем дегенде бір рет өндіруші немесе тапсырыс
алған тұлға сүзгінің зақымдалуы, сорғыштың
саңылаусыздығы және бақылау құрылғысының жұмысы
сияқты шаңға қатысты тексеру жұмыстарын орындауы
қажет.
Кір айналада тұрған L класындағы сорғыштардың сырты
және барлық агрегат бөліктерін тазалау және
герметикпен өңдеу қажет. Техникалық қызмет көрсету
және жөндеу жұмыстарын орындау кезінде
тазаланбайтын бөліктерді алып тастау керек. Бұл
бөліктерді өткізбейтін қаптарда қалдықтарды жою
бойынша қолданылатын заңдарға сай тастау керек.
– Сорғыштың корпусын мезгіл-мезгіл дымқыл
шүберекпен тазалап тұрыңыз.
– Ластанған зарядтау контактілерін құрғақ шүберекпен
тазалаңыз.
Контейнерді тазалаңыз
– Контейнерді (1) стандартты ысқаланбайтын тазалау
құралымен тазалап кептіріңіз.
Жалпақ қатпарлы сүзгіні шығару/алмастыру (I1−I2
суреттерін қараңыз)
Сору қуаты сүзгі күйіне байланысты болады. Сүзгіні
жүйелі түрде тазалаңыз.
Зақымдалған жалпақ қатпарлы сүзгіні (24) дереу
алмастырыңыз.
Bosch Power Tools
– Пластинаны (16) тартып, сүзгі қаптамасын (34)
ашыңыз.
– Жалпақ қатпарлы сүзгіні (24) қалқасынан ұстап, оны
жоғары қарай шығарыңыз.
– Жалпақ қатпарлы сүзгіні (24) шығару кезінде түсетін
шаң мен кірді ылғалды шүберекпен сүзгі
қаптамасының (34) жиегінен кетіріңіз.
ПЭС және ПТФЭ жалпақ қатпарлы сүзісін су ағынының
астында шаюға болады.
– Жаңа немесе тазаланған жалпақ қатпарлы сүзгіні (24)
орнатып, оның берік және дұрыс орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
– Сүзгі қаптамасын (34) қайтадан жауып қойыңыз
(шерту дыбысымен тірелуі тиіс).
Толтыру деңгейінің датчиктерін тазалау (J суретін
қараңыз)
Толтыру деңгейінің датчиктерін (35) қажетінше
тазалаңыз.
– Құлыптарды (11) ашып, шаңсорғыштың жоғарғы
бөлігін (10) алып тастаңыз.
– Толтыру деңгейінің датчиктерін (35) жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
– Шаңсорғыштың жоғары бөлігін (10) орнатып
құлыптарды (11) жабыңыз.
Керек-жарақтар
Қағаз сүзгі қабы (құрғақ)
Тоқымалы сүзгі қабы (құрғақ)
Ылғал сүзгі қабы (ылғалды)
Қоқыс қабы (ПЭ) (құрғақ/
ылғалды)
Сақтау және тасымалдау (K суретін қараңыз)
– Желілік кабельді кабель ұстағышына (15) ораңыз.
– Керек-жарақтарды өзінің арнайы ұстағыштарына
салыңыз: сору құбырларын (29) - (17)
ұстағыштарына, тесік қондырманы (25) - (18)
ұстағышына, едендік саптаманы (28) - (19)
ұстағышына.
– Сорғыш шланг ұстағышының (5) иілімді таспасын
ашып, сорғыш шлангіні (21) шаңсорғыш жоғарғы
бөлігінің айналасынан ұстағышқа (5) салыңыз.
Иілімді таспаларды қайта іліңіз.
– L-BOXX қорабын патрондарына (9) шертіңіз.
– Шаңсорғышты тасымалдаудан бұрын бел
жарақаттануының алдын алу үшін бүкіл қоқыс қабын
немесе бүкіл шаң жинағыш қапты шешіңіз немесе
алынған сұйықтықтарды босатыңыз.
Шаңсорғышты тек тұтқасынан (8) ұстап тасымалдаңыз.
– Шаңсорғышты құрғақ бөлмеге қойыңыз және
рұқсатсыз пайдаланудан қорғаңыз.
– Басқару дөңгелектерін (14) бекіту үшін басқару
дөңгелектерінің тежегішін (13) төмен басыңыз.
Қазақ | 159
Керек-жарақ нөмірі
2 607 432 035
2 607 432 037
2 607 432 039
2 607 432 043
1 609 92A 73J | (12.11.2021)