Күтім жəне техникалық
қызмет көрсету
Құрылғыны өшіру
KZ
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.
Пешті тазалау
! Құрылғыны ешқашан бу тазартқышымен немесе
шаңсорғышпен тазаламаңыз.
•
Пеш есігінің əйнегін ысқышпен жəне қырғыш
емес тазартқыш құралдармен тазалап, жұмсақ
шүберекпен мұқият құрғатыңыз. Қатты қырғыш
затты немесе өткір темір қырғыштарды
пайдаланбаңыз, себебі олар əйнек бетін тырнап,
оның сынуына əкелуі мүмкін.
• Тот баспайтын болат немесе эмальданған сыртқы
бөліктер жəне резеңке тығыздағыштар салқын
малынып, түссіз сабын жағылған губкамен
тазартылады. Қиын дақтарды кетіру үшін арнайы
өнімдерді пайдаланыңыз. Жуып болған соң оны
шайып, мұқият құрғатыңыз. Қатты ұнтақтарды
немесе таттандыратын заттарды пайдаланбаңыз.
• Пештің іші əрбір қолданғаннан кейін жылы кезінде
мұқият тазалануы тиіс. Ыстық су мен тазартқышты
пайдаланыңыз, одан кейін шайып, жұмсақ
шүберекпен құрғатып сүртіңіз. Қырғыш заттарды
пайдаланбаңыз.
• Керек-жарақтар күнделікті ыдыстар сияқты жуылуы
мүмкін, тіпті оларды ыдыс жуғыш машинаға жууға
болады.
• Кір мен майды басқару тақтасынан қырғыш емес
губкамен немесе жұмсақ шүберекпен сүртіп алу
қажет.
Тот баспайтын болатқа оның бетінде ұзақ уақыт
•
тұрған қаттылығы жоғары су немесе құрамында
фосфор бар күшті тазартқыш заттар дақ түсіруі
мүмкін. Болат беттерді жақсылап шайып, мұқият
кептірген абзал.
Пеш тығыздағыштарын тексеру
Пештегі есік тығыздағыштарын жиі тексеріп тұрыңыз.
Егер тығыздағыштар зақымдалған болса, жақын
жердегі Сатудан кейін қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Тығыздағыштар ауыстырылғанға дейін
пешті пайдаланбауды ұсынамыз.
Пеш шамын ауыстыру
пешті токқа қайтадан қосыңыз.
64
1. Пешті токтан ажыратқаннан
кейін шам ұясын жауып тұрған
шыны қақпақты шешіп алыңыз
(суретті қараңыз).
2. Шамды бұрап алып,
оны ұқсас басқа шаммен
ауыстырыңыз: кернеуі 230 В,
қуаты 25 Вт, цоколі E 14.
3. Қақпақты орнына қойып,
Көмек
! Рұқсаты жоқ адамның қызметін ешқашан
қабылдамаңыз.
Келесі мəліметтерді оңай жерде ұстаңыз:
• Туындаған проблема түрі.
• Құрылғының моделі (Мод.).
• Сериялық нөмірі (С/н).
Мəліметтердің соңғы екі бөлігін құрылғының
деректер тақтасынан көре аласыз.