Bosch Professional GLI 18V-2200 C Manual Original página 100

Ocultar thumbs Ver también para Professional GLI 18V-2200 C:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 19
100 | Қазақ
Литий-иондық аккумулятор электрондық элементтерді
қорғау "Electronic Cell Protection (ECP)" арқылы терең
заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятордың тогы бітсе,
қорғау жүйесі аккумуляторлық фонарьды өшіреді.
Автоматты өшуден кейін аккумуляторлық
u
фонарьдің қосқышын/өшіргішін баспаңыз.
Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Аккумуляторлық фонарьді қайта қосу алдында
аккумулятор зарядталып аккумуляторлық фонарь
суығанына көз жеткізіңіз.
Аккумуляторды (14) шығару үшін құлыптан босату
түймесін (13) басып, аккумуляторды аккумуляторлық
шамнан шығарыңыз. Бұл ретте күш салмаңыз.
Кәдеге жарату туралы нұсқауларды орындаңыз.
Түймелі элементті іске қосу (B суретін
қараңыз)
Алғаш рет іске қосу үшін түймелі элемент (11) пен оның
контактісінің арасындағы аралық үлдірді алып тастаңыз.
Ақырғы мобильді құрылғы аккумуляторлық шамды
аккумулятор (14) салынбаған кезде де анықтай алуы
үшін, шам түймелі элементпен жабдықталған.
Аккумулятор қақпағының бекіткішін (2) босатып,
аккумулятор қақпағын (3) ашыңыз.
Батарея бөлімі қақпағының бұрандасын (9) босатып,
батарея бөлімінің қақпағын (10) шығарыңыз.
Түймелі элемент контактісінің үлдірін алып тастап,
батарея бөлімінің қақпағын бұрандамен қайтадан жауып
қойыңыз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Аккумулятор қақпағының (2) ысырмасын босатып
аккумулятор қақпағын (3) қайырыңыз.
Зарядталған аккумуляторды (14) (4) жарық басына
бекітілгенін және жарық басына (4) тығыз тиіп тұрғанын
сезгенше салыңыз.
Аккумулятор қақпағын (3) жабып сосын аккумулятор
қақпағының (2) ысырмасын жабыңыз.
Аккумулятор қақпағын жапқан кезде резеңке шеті
u
дұрыс орналасқанына көз жеткізіңіз. Әйтпесе шаң
мен шашыраған судан қорғау қамтамасыз етілмейді.
Орнату
Тіреуіш аяқты (5) абайлап ашып, аккумуляторлық шамды
түбіне қойыңыз. Берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Штативте бекіту
(7) штативтік патронмен аккумуляторлық фонарьді
штативте бұрап бекітіңіз.
5/8" бұрандаларын берік бекітіңіз. Штатив қатты тұруына
көз жеткізіңіз.
1 609 92A 6TX | (01.09.2021)
Жарық басын қайыру (A суретін қараңыз)
(4) жарық басы (8) тұтқасында бекітілген. Жарық басын
тұтқа көмегімен бес күйде реттеу керек.
Қосу/өшіру
Пайдалануға ендіру үшін аккумуляторлық фонарьдың
қосқышын/өшіргішін (1) басыңыз.
Аккумуляторлық фонарьды өшіру үшін қосқышты/
өшіргішті (1) қайтадан басыңыз.
Жарықты реттеу
Қосқыш/өшіргішті (1) қысқа басып, аккумуляторлық
фонарьді максималды жарықтықпен қосыңыз. Керекті
жарық көлемі жетілгенше қосқыш/өшіргішті (1) 2
басқышта басып, ұстап жарықтықты сәйкестендіріңіз.
Артық жүктемеден жылу қорғанышы
Рұқсат етілген жұмыс температурасынан өту алдымен
жарықтықты төмендетіп, сосын аккумуляторлық
фонарьді қорғау үшін өшіреді. Аккумуляторлық
фонарьды суытып қайта қосыңыз.
Түймелі элементті алмастыру (B суретін қараңыз)
Шығарған кезде батарея бөлімінің (12)
u
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Түймелі элементтің плюс полюсі жоғары қарап
u
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Түймелі элемент (11) толығымен істен шыққанша,
қолданбада ескерту көрсетіледі.
Түймелі элементті (11) алмастыру үшін аккумулятор
қақпағының бекіткішін (2) босатып, аккумулятор
қақпағын (3) ашыңыз.
Батарея бөлімі қақпағының бұрандасын (9) босатып,
батарея бөлімінің қақпағын (10) шығарыңыз.
Заряды таусылған түймелі элементті шығарып, жаңасын
салыңыз.
Батарея бөлімінің қақпағын бұрандамен қайтадан
жабыңыз.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторындағы жасыл
түсті жарық диодтары аккумулятордың заряд деңгейін
көрсетеді. Қауіпсіздік үшін зарядталу күйін тек
аккумуляторлық шам өшірулі кезде ғана тексеруге
болады.
Зарядталу күйін көрсету үшін заряд деңгейі
индикаторының
немесе
түймесін басыңыз. Мұны
аккумулятор шығарылғанда да орындауға болады.
Заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені
басқаннан кейін ешқандай жарық диоды жанбаса, бұл
аккумулятордың ақаулы және оны ауыстыру керек
екендігін білдіреді.
Аккумулятор түрі GBA 18V...
Жарық диодтары
Үздіксіз жарық 3× жасыл
Қуаты
60−100 %
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Gli 18v-2200 c professional

Tabla de contenido