Makita EY403MP Manual De Instrucciones página 322

Accesorio para sierra de extensión
Ocultar thumbs Ver también para EY403MP:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 61
Қайрау шарттары:
ЕСКЕРТУ:
Кесу жиегі мен тереңдік өлшегіш
арасындағы шамадан тыс қашықтық кері
соққының пайда болу қаупін арттырады.
► Сурет22: 1. Кескіш ұзындығы 2. Кесу жиегі
мен тереңдік өлшегіші арасындағы
қашықтық 3. Минималды кескіш
ұзындығы (3 мм)
Барлық кескіштің ұзындығы бірдей болуы
қажет. Әр түрлі кескіш ұзындықтары ара жүзінің
бірқалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді
және ара жүзінің сынуына әкелуі мүмкін.
Кескіш ұзындығы 3 мм немесе одан қысқа
болған кезде, шынжырды қайрамаңыз. Жаңа
шынжырмен ауыстыру қажет.
Жоңқаның қалыңдығы тереңдік өлшегіш
(дөңгелек тұмсығы) пен кесу жиегінің
арасындағы қашықтық арқылы анықталады.
Кесу жиегі мен тереңдік өлшегіш арасындағы келесі
қашықтық арқылы кесуді өте тиімді орындауға болады.
Шынжыр жүзі 90PX : 0,65 мм
Шынжыр жүзі 91PX : 0,65 мм
► Сурет23
Барлық кескіштердегі қайрау бұрышы бірдей
30° болуы қажет. Әртүрлі кескіш бұрыштар
шынжырдың бірқалыпты және біркелкі жұмыс
істемеуіне, тез тозуына және үзілуіне әкеледі.
Тістерге қатысты тиісті қайрау бұрышын сақтау
үшін қолайлы дөңгелек егеуді пайдаланыңыз.
Шынжыр жүзі 90PX : 55°
Шынжыр жүзі 91PX : 55°
Егеу және егеуді бағыттау
Шынжырды қайрау үшін ара шынжырларына
арналған арнайы дөңгелек егеуді (қосымша
керек-жарақ) пайдаланыңыз. Қалыпты дөңгелек
егеулер сай келмейді.
Әр ара шынжырына арналған дөңгелек егеудің
диаметрі келесідей:
Шынжыр жүзі 90PX : 4,5 мм
Шынжыр жүзі 91PX : 4,0 мм
Егеу кескішке тек алдыңғы жүріс арқылы енуі керек.
Кері жүріс кезінде егеуді кескіштен көтеріп алыңыз.
Алдымен ең қысқа кескішті қайраңыз. Содан
кейін осы ең қысқа кескіштің ұзындығы
ара жүзіндегі барлық басқа кескіштер үшін
стандартты болады.
Егеуді суретте көрсетілгендей бағыттаңыз.
► Сурет24: 1. Егеу 2. Ара шынжыры
Егеу ұстағышын (қосымша керек-жарақ)
қолданған жағдайда, егеуді бағыттау оңай
болады. Егеу ұстағышының 30° дұрыс қайрау
бұрышына (ара шынжырына белгілерді
қатарластырып туралаңыз) арналған белгілері
бар және кіру тереңдігін (егеу диаметрінің 4/5
бөлігіне дейін) шектейді.
► Сурет25: 1. Егеу ұстағыш
Шынжырды қайрап болғаннан кейін, шынжыр
өлшегіш құралын (қосымша керек-жарақ)
пайдаланып, тереңдік өлшегішінің биіктігін
тексеріңіз.
► Сурет26
Арнайы тегіс егеудің (қосымша керек-
жарақ) көмегімен кез келген шығып тұрған
материалды, тіпті кішкентай болса да,
жойыңыз.
Тереңдік өлшегіштің алдыңғы жағын қайта
дөңгелектеңіз.
Бағыттауыш білікті тазалау
Жоңқалар мен үгінділер бағыттауыш біліктің
ойығына жиналады. Олар білік ойығын бітеп,
май ағынын нашарлатуы мүмкін. Ара шынжырын
қайраған немесе ауыстырған кезде, әрқашан
жоңқалар мен үгінділерден тазалаңыз.
► Сурет27
Тісті барабан қақпағын тазалау
Жоңқалар мен үгінділер тісті барабан қақпағының
ішінде жиналады. Құралдан тісті барабан қақпағы
мен ара шынжырын алыңыз, содан кейін жоңқалар
мен үгінділерден тазалаңыз.
► Сурет28
Май ағызу саңылауын тазалау
Жұмыс істеу кезінде май ағызу саңылауына ұсақ
шаң бөлшектері жиналуы мүмкін. Бұл шаң мен
бөлшектер май ағынына кедергі келтіріп, тұтас
ара жүзінің жеткіліксіз майлануына әкелуі мүмкін.
Бағыттауыш біліктің жоғарғы жағында майдың
жеткізілуі жеткіліксіз болған кезде, май ағызу
саңылауын келесідей тазалаңыз.
1.
Құралдан тісті барабан қақпағы мен ара
шынжырын алыңыз.
2.
Оймакілтекті бұрауышты немесе сол секілді
құралды пайдаланып, ұсақ шаңды және бөлшектерді
алып тастаңыз.
► Сурет29: 1. Оймакілтекті бұрауыш 2. Май ағызу
саңылауы
3.
Аккумулятор картриджін қуат блогына
орнатыңыз немесе оталдыру білтесінің қақпағын
қуат блогына бекітіңіз. Май ағызу саңылауында
жиналған шаң мен бөлшектерді шынжыр майымен
бірге ағызып жіберу үшін, ауыстырып-қосқыш
шүріппесін тартыңыз.
4.
Аккумулятор картриджін қуат блогынан алыңыз
немесе оталдыру білтесінің қақпағын қуат блогынан
алыңыз. Құралға тісті барабан қақпағы мен ара
шынжырын қайта орнатыңыз.
Тісті барабанды ауыстыру
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
ара шынжырын зақымдайды. Бұл жағдайда
тісті барабанды ауыстырыңыз.
Жаңа ара шынжырын орнатпас бұрын, тісті
барабанның жағдайын тексеріңіз. Тісті барабан
тозса немесе зақымдалса, ауыстырып беруге
байланысты Makita өкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
► Сурет30: 1. Тісті барабан 2. Тозатын аймақтар
322 ҚАЗАҚША
тозған тісті барабан жаңа

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

191t38-7

Tabla de contenido