Тасымалдау Кезіндегі Қорғаныс (A Суретін Қараңыз); Жылжымалы Тұтқаны Бұғаттау - Bosch GCM 12 GDL Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GCM 12 GDL Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 61
304 | Қазақ
Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және сіз
өңдейтін материалға сәй аралау дискілерін
пайдаланыңыз. Бұл аралауда ара тістерінің қызып кетуіне
жол бермейді.
Аралау дискісін шешу
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Бұғаттау бұрандасын (42) тарту механизмі (43) еркін
асылып тұрғанша қолмен бұрап орнатыңыз.
– Бекіткіш бұранданы (44) (шам. 2 айналым) алты
қырлы дөңбек кілтпен (4 мм) (17) босатыңыз.
Бұранданы толық бұрап шығармаңыз.
– Бекіткіш бұранданы (45) (шам. 6 айналым) алты
қырлы дөңбек кілтпен (4 мм) (17) босатыңыз.
Бұранданы толық бұрап шығармаңыз.
– Қаптама тақтаны (46) бекіткіш бұрандадан (45) алға
және төменге тартып алыңыз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы (4) артқа қайырып,
маятниктік қорғаныш қаптаманы осы күйде ұстаңыз.
– Тарту механизмін (43) саңылауын бекіткіш
бұрандаға (45) қаратып іліңіз.
Осылай тербелуден сақтау қаптамасы ашық күйде
сақталады.
– Ішкі алты қырлы бұранданы (48) алты қырлы дөңбек
кілтпен ( мм) (17) бұрап, дәл сол мезетте шпиндель
бекіткішін (47) тірелгенше басыңыз.
– Шпиндель бекіткішін (47) басып тұрып, ішкі алты
қырлы бұранданы (48) сағат тілінің бағытымен бұрап
шығарыңыз (сол жақ ойма!).
– Қысқыш фланецті (49) алып тастаңыз.
– Ара дискісін (40) шығарыңыз.
Аралау дискісін орнату
Орнатуда тістер кесу бағыты (аралау дискісінде
u
көрсеткі бағыты) қорғағыш қаптама көрсеткі
бағытымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз!
Керек болса барлық орнатылатын бөліктерді тазалаңыз.
– Жаңа аралау дискісін қысқыш фланецке (50)
орнатыңыз.
– Қысқыш фланец (49) пен ішкі алты қырлы дөңбек
бұрандаманы (48) орнатыңыз. Шпиндель бұғаттауын
(47) тірелгенше басып алты қырлы дөңбек
бұрандаманы сағат тіліне қарсы бұрап бекітіңіз.
– Тарту механизмін (43) бекіткіш бұрандадан (45)
босатып тербелуден сақтау қаптамасын (4) төменге
қайта апарыңыз.
– Қаптама тақтаны (46) қайта бекіткіш бұрандама (45)
астына жылжытып қойыңыз.
– Бекіту бұрандаларын (45) мен (44) қайта тартып
бекітіңіз.
– Тарту механизмін (43) алғашқы күйіне жылжытып
бұғаттау бұрандамасын (42) қолмен қайта тартып
қойыңыз.
1 609 92A 5RR | (02.07.2020)
Пайдалану
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тасымалдау кезіндегі қорғаныс
(A суретін қараңыз)
Тасымалдау кезіндегі қорғаныс (31) электр құралын
әртүрлі жұмыс орындарына тасымалдау кезінде қолайлы
пайдалануға көмектеседі.
Электр құралын қорғауышынан босату (жұмыс күйі)
– Жылжымалы тұтқышты (28)(1) аз төмен басып
тасымалдау қорағауышын (31) босатыңыз.
– Тасымалдау қорғағышын (31) толық сыртқа тартыңыз.
– Жылжымалы тұтқаны (28) жай жоғарыға бағыттаңыз.
Электр құралын қорғауышын орнату (тасымалдау
күйі)
– Жылжымалы тұтқаны (28) толығымен артқа
жылжытып, осы күйде бекітіңіз.
– Жылжымалы тұтқаны тасымалдау кезіндегі қораныс
(31) толықтай ішке кіргенше төмен жылжытыңыз.
Қосымша нұсқаулар: (қараңыз „Тасымалдау
(Z суретін қараңыз)", Бет 310)
Жылжымалы тұтқаны бұғаттау
Жылжымалы тұтқаның (28) жылжыту механизмін
қысқыш тұтқыш (25) көмегімен бұғаттауға болады. Онда
жылжымалы тұтқада екі күй болады:
– Жылжымалы тұтқаны толығымен арқаға жылжытылған
(жоғарыдан кесу үшін)
– Жылжымалы тұтқаны толығымен алға тартылған (тұтас
тасымалдау күйі үшін)
Жылжыма тұтқышты шығару (B1 суретін қараңыз)
Жылжымалы тұтқаның (28) бұғаттауын ашқаннан соң
толық жылжыту механизмін пайдалануға болады.
– Қысқыш тұтқышты (25) төменге тірелгенше басыңыз.
– Қысқыш тұтқыштың қысқыш сынасы жылжымалы
тұтқаның төменгі екі топсасын босатады.
Жылжыма тұтқаны бекіту (B2 суретін қараңыз)
Жылжымалы тұтқа толығымен арқаға жылжытылған:
– Жылжымалы тұтқаны (28) тірелгенше арқаға
жылжытыңыз.
– Жылжымалы тұтқаның екі жоғарғы топсасы енді тегіс
тұрып жабық болып тұр.
– Қысқыш тұтқышты (25) жоғарыға қысқыш сына
жылжымалы тұтқаның екі төменгі топсаларының
арасында орнатылғанша тартыңыз.
– Арқаға жылжытылған жылжымалы тұтқа (28) осылай
бұғатталады.
Жылжымалы тұтқа толығымен алға тартылған:
– Жылжымалы тұтқаны (28) тірелгенше алға
жылжытыңыз.
– Жылжыту механизмі енді толығымен шығарылған.
Autogoods "130"
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido