Қолдануға Арналған Маңызды Ескертулер; Қондырмаларды Қолдану - Kärcher SC 4 Deluxe EasyFix Iron Manual De Instrucciones

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 40
6. Бу қазанын сумен толтырып, оны алға-артқа
қатты шайқаңыз. Бұл бу қазанының астында
жиналған əкті шөгінділерді босатады.
7. Бу қазанынан бүкіл суды төгіңіз.
Сурет T
Бу генераторын босату
Бойлердегі суды CLE режимінде ағызуға болады:
1. Су багын шешіп алыңыз.
2. Құрылғыны қосыңыз.
3. Жарықдиодтық шам жасыл түспен
жыпылықтағанша жəне ұзақ дыбыстық сигнал
естілгенше бу қосқышын 3 рет басыңыз.
4. Бу генераторында су таусылғанша бу қол жетімді
болады.
Құрылғыны ұстау
1. Ұзартқыш түтіктерді қондырманың үлкен
тұтқышына салыңыз.
2. Қол қондырмасымен нүктелік шүмектің əрбірін 1-
ұзартқыш түтікке кигізіңіз.
3. Үлкен дөңгелек шөткені нүктелі шүмекке бекітіңіз.
4. Еден қондырмасын тұраққа қою тұтқышына
салыңыз.
Сурет P
5. Кабельді орап, оны қондырғыларға арналған
бөлімде сақтаңыз.
Сурет R
6. Бу шлангісін орап, оны қондырғыларға арналған
бөлімде сақтаңыз.
Сурет Q
7. Кішкентай дөңгелек шөткені жəне тегістеу
шөткесін қондырғыларға арналған бөлімде
сақтаңыз.
8. Құрылғыны құрғақ жəне аяздан қорғалған
орында сақтаңыз.
Қолдануға арналған маңызды
ескертулер
Еден бетін тазарту
Құрылғыны қолдану алдында еденнің бетін
шаңсорғышпен соруға немесе сыпыруға кеңес
беріледі. Осылайша ылғалды тазартудан бұрын
еден лас пен бөтен заттардан тазартылады.
Матаны жаңарту
Құрылғыны пайдаланбас бұрын бүркеулі жерде
матамен үйлесімділігін əрқашан тексеріңіз: Матаны
бумен өңдеп, кептіріңіз, сосын түсінің немесе
пішімінің өзгергенін тексеріңіз.
Көпқабатты немесе лакталған беттерді
тазарту
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Зақымдалған беттер
Бу балауызды, жиһаз лагын, пластик жабындарды
немесе шеттерінің бояуы мен жапсырмасын ерітіп
жібере алады.
Буды желімделген шеттеріне бағыттамаңыз,
жапсырмасы қатпарлануы мүмкін.
Құралды қорғалмаған ағаш немесе паркет
едендерді тазартуға қолданбаңыз.
Құрылғыны боялған немесе пластикпен жабылған
беттерді, асүй немесе үй жиһазын, есіктерді
немесе паркетті тазалауға қолданбаңыз.
1. Осы беттерді тазарту үшін, матаны бумен қысқа
уақыт өңдеп, онымен бетін сүртіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Əйнектің сынуы жəне беттің зақымдалуы
Бу терезе жақтауының жапсырылған бөліктерін
зақымдауы жəне сырт температурасы төмен
болған кезде терезе əйнегі бетіне күш түсуіне
əкелуі, нəтижесінде оның сынуы мүмкін.
Буды терезе жақтауының жапсырылған
бөліктеріне бағыттамаңыз.
Əйнектің бүкіл бетін бумен мұқият жеңіл өңдеу
арқылы əйнектерді сырт температурасы төмен
болған кезде қыздырыңыз.
 Терезенің бетін қондырма-щеткамен тазалап,
микроталшыққа арналған алынбалы майлықты
тазартыңыз. Суды жою үшін, айдауды
пайдаланыңыз немесе бетін құрғатып кептіріңіз.
Қондырмаларды қолдану
Бу пистолетін мына жағдайларда құрамдас
бөліктерсіз пайдалануға болады:
● Ілініп тұрған киімдегі жеңіл қыртыстарды жою
үшін: Киімді бумен 10-20 см қашықтықтан
өңдеңіз.
● Шаңды ылғалмен жою үшін: Майлықты бумен
жеңіл өңдеп, онымен жиһазды сүртіңіз.
Нүктелік шүмекпен қиын қол жететін аймақтарды,
тігістер, фитингтер, суағар, шұңғылша, əжетхана,
жалюзи немесе радиаторларды тазалауға болады.
Нүктелік шүмек ластанған жерге жақын болған
сайын, тазарту əсері жоғары болады, себебі
шүмектен шыққан кездегі температура мен бу
мөлшері ең жоғары. Қатты əк шөгінділерін бумен
тазарту алдында сəйкес келетін жуғыш құралмен
өңдеуге болады. Жуғыш құралды шамамен 5 минут
əрекет етуге қалдырып, бумен өңдеңіз.
1. Нүктелік шүмекті бу тапаншасына ысырыңыз.
Сурет G
Дөңгелек шөтке (кішкентай)
Кішкентай дөңгелек шөтке қатты кірді кетіру үшін
қызмет көрсетеді. Щетка арқылы ескі ластарды жою
оңай.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Зақымдалған беттер
Щетка жұмсақ беттерді сызып тастауы мүмкін.
Жұмсақ беттерді тазартуға арналмаған.
1. Кішкентай дөңгелек шөткені нүктелі тозаңдату
қондырмасына орнатыңыз.
Сурет H
Үлкен дөңгелек шөтке
Үлкен дөңгелек шөтке шұңғылша, себезгі кабинасы,
ванна, ас үй жуғышы сияқты үлкен дөңгелек беттерді
тазалауға қолайлы болып табылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Зақымдалған беттер
Щетка жұмсақ беттерді сызып тастауы мүмкін.
Жұмсақ беттерді тазартуға арналмаған.
1. Үлкен дөңгелек шөткені нүктелі шүмекке бекітіңіз.
Сурет H
Турбо қондырма қатып қалған кірді тазалауға жəне
бұрыштарды, тігістерді жəне т.б. үрлеп тазалауға
жарамды.
Қазақша
Əйнекті тазарту.
Бу тапаншасы
Нүктелік шүмек
Турбо қондырма
189

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Sc 4 deluxe easyfix iron premium

Tabla de contenido