Бұл құралды балалар қолданбау керек. Құрал
мен оның сымын балалардың қолы жетпейтін
жерге қойыңыз.
Бұл құрал олардың құралды қауіпсіз қолдануы
туралы нұсқау берілсе немесе басқа адамның
бақылауында болса және олардың туындауы
мүмкін қауіп туралы түсінігі болса, білімі немесе
тәжірибесі жеткіліксіз немесе физикалық, сезу
немесе ойлау қабілеті нашар адамдар қолдануға
арналған.
Құрылғыны тек үй тұрмысында ғана
қолданыңыз. Kenwood компаниясы құрылғыны
дұрыс қолданбау немесе осы нұсқауларды
орындамау нәтижесінде туындаған ақаулыққа
жауапты болмайды.
Өңдеу құралын, блендерді немесе ұнтағышты
дұрыс қолданбау зақым келтіруі мүмкін.
Express Serve
Жылжымалы бөлшектерге қол тигізбеңіз.
Саусағыңызды тағам шығатын саңылауға
салмаңыз.
Ұстағыш табақша орнатылмаған күйде Текшелеп
турағышты немесе Дискілерді пайдаланған
кезде құрылғыны жұмыс істетпеңіз. Егер
ұстағыш табақша орнатылмаған болса, тағам
табақшаның астына тұрып қалып, тағам
шығысынан шықпайды, нәтижесінде саптама
зақымдалуы мүмкін.
Тағам шығысынан шықпаса, сөндіріп, тағамның
диск астында кептеліп қалмағанына және
итергіш пластинаның орнатылғанына көз
жеткізіңіз. Өңдеуді жалғастырмас бұрын, кез
келген қыстырылып қалған тағамды тазалаңыз.
Экспресс қызмет көрсететін саптаманы 2
минуттан артық үздіксіз іске қоспаңыз. Әр
2 минуттық пайдалану арасында 2 минут
суытыңыз.
Тазалау
(суретті қараңыз)
Тазаламас бұрын әрқашан өшіріңіз және токтан
ажыратыңыз.
114