Электр құралы автоматты өшкеннен соң қосқыш/
u
өшіргішті енді басушы болмаңыз. Әйтпесе
аккумулятор зақымдануы мүмкін.
– Аккумуляторды (4) шығару үшін аккумуляторды
босату түймесін (3) басып, аккумуляторды электр
құралынан артқа қарай шығарыңыз. Осы кезде күш
салмаңыз.
Құралды алмастыру (A суретін қараңыз)
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Алмалы-салмалы аспапты орнату
– Бекіту төлкесін (2) алға тартып, алмалы-салмалы
аспапты тірелгенше аспап патронына (1) жылжытып,
бекіту төлкесін (2) жіберіп, алмалы-салмалы аспапты
бекітіңіз.
– Тек шарлық ысырмасы бар бұрауыш биттерді (8) (DIN
3126-E6.3) пайдаланыңыз. Басқа бұрауыш биттерді
(9) шарлық ысырмасы бар әмбебап бит ұстағышы (10)
арқылы орнатыңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз
– Бекіту төлкесін (2) алға қарай жылжытып, алмалы-
салмалы аспапты алып тастаңыз.
Пайдалану
Функционалды жұмыс істеу әдісі
Аспап патроны (1) алмалы-салмалы аспаппен электр
қозғалтқыштан беріліс пен қағу механизмі арқылы
жүргізіледі.
Жұмыс барысы екі фазаға бөлінеді:
Бұрап бекіту және Тарту (қағу механизмі жұмыс істейді).
Қағу механизмі бұранда қатып қозғалтқыш жүктелгенде
іске қосылады. Қағу механизмі де осылай қозғалтқыш
күшін бір қалыпты бұрап қағуларға айналдырады.
Бұранда немесе сомындарды босатуда бұл әдіс керісінше
орындалады.
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (5) ұяшыққа
бекітілгенін және ұяшыққа берік тиіп тұрғанын сезгенше
салыңыз. Зарядталған аккумуляторды (4) разъемға
бекітілгенін және разъемға тығыз тиіп тұрғанын сезгенше
салыңыз.
Бұрау бағытын реттеу (B суретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (5) көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті (6) басқанда бұл мүмкін емес.
Bosch Power Tools
Оң жаққа айналу бағыты: бұрандаларды бұрап кіргізу
және сомындарды тарту үшін айналу бағытының
ауыстырып-қосқышын (5) солға тірелгенше басыңыз.
Сол жаққа айналу бағыты: бұрандалар мен
сомындарды босату немесе бұрап алу үшін айналу
бағытының ауыстырып-қосқышын (5) оңға тірелгенше
басыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралын іске қосу үшін ажыратқышты (6) басып
тұрыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (6) жіберіңіз.
Айналу моментін орнату
Қосқышты/өшіргішті (6) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті (6) жай басқанда, электр құрал
төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші
күшейгенде айналу саны артады.
Артық жүктемеден жылу қорғанышы
Тағайындалуына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралы
артық жүктелмейді. Асқын жүктелгенде немесе
аккумулятор температурасы ұйғарынды мөлшерден асып
кетсе, электроника электр құралын тиісті температура
аймағына қайту үшін автоматты өшіреді.
Пайдалану нұсқаулары
Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
u
күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары
сырғып кетуі мүмкін.
Бұрау моменті қағу ұзақтығына байланысты. Максималды
бұрау моменті барлық қағулар арқылы жетілген бұрау
моменттерінің қосындысынан шығады. Максималдық
бұрау моменті 6 - 10 секундтық қағу ұзақтығынан соң
жетіледі. Бұдан былай тарту, бұрау моменті минималды
көлемге көтеріледі.
Қағу ұзақтығын әрбір талап етілген тарту бұрау моменті
үшін есептеу керек. Дәл жетілген тарту бұрау моментін
әрдайым динамометрлік кілтпен тексеріңіз.
Қатты, иілгіш немесе жұмсақ тіректі біріктірулер
Сынауда бір қағу әдісінде жетілген бұрау моменттері
өлшеніп диаграммаға өткізілсе бұрау моменті әдісінің
қисық сызығы пайда болады. Қисық сызық биіктігі
максималды жетілетін бұрау моментіне сай, құламалығы
жетілетін уақытты көрсетеді.
Бұрау моментінің әдісі төмендегі факторларға
байланысты:
– Бұранда/сомындардың қаттылығы
– Тіректің түрі (шеңбер, дискілік серіппе, тығыздауыш)
– Бұралатын материал қаттылығы
– Бұрандалы қоспаның майланғаны
Сай ретте төмендегі пайдалану жағдайлары пайда
болады:
– Қатты тірек металдан металға біріктіруде төсемдік
шеңберлерді пайдаланғанда пайда болады. Қысқа қағу
уақытынан соң максималды бұрау моментіне жетіледі
Қазақ | 115
1 609 92A 7UC | (25.05.2022)