Descargar Imprimir esta página

Bosch 3 601 JC31 Manual Original página 166

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 33
OBJ_BUCH-1715-002.book Page 166 Wednesday, July 24, 2013 2:28 PM
166 | Қaзақша
Ескертпе: Су мен қатты заттек қосындысын соруда оңай
қоқысқа тастау үшін ылғал сүзгі қабын (жабдық)
пайдаланыңыз, ол сұйықтықты қатта заттектерден
ажыратады.
– Резеңке жиектерін едендік қондырмаға орнатыңыз
(„Резеңке жиегін орнату" 164 бетінде қараңыз).
– Автоматты сүзгі тазалауды (AFC) өшіріңіз („AFC өшіру"
166 бетін қараңыз).
Шаңсорғыш толтыру сенсорлерімен 37 жабдықталған.
Максималды толтыру биіктігіне жетсе, шаңсорғыш өшеді.
Пайдалану түрлері ауыстырып-қосқышын 7 „Өшіру"
белгісіне жылжытыңыз.
Ескертпе: Тоқ өтпейтін сұйықтықтарды соруда (мысалы
бұрғылау эмульсиясы, майлар) шаңсорғыш толық
контейнер күйінде өшпейді. Толу күйін жүйелік ретте
тексеру керек болып контейнерді өз уақытында босату
керек.
Ылғал шаңсоруда акустикалық сигнал дыбыс шығарса,
шаңсорғыштың жұмыс істеу қауіпсіздігі төменделмейді.
Осы ақаулықты жою шаралары керек емес.
– Шаңсорғышты тасымалдау үшін тығынды 2 шланг
патронына 3салыңыз.
Ылғал шаңсорудан соң тот басуын алдын алу үшін:
– Жалпақ қатпарлы сүзгіні 26 шешіп оны әбден
кептіріңіз.
– Шаңсорғыш жоғарғы бөлігін 12 шешіп сүзгі
қаптамасын 36 ашып екеуін әбдін кептіріңіз.
Сүзгі тазалау
Автоматты сүзгі тазалау (H суретін қарау)
Автоматты сүзгі тазалауда (AFC = Automatic Filter Cleaning)
жалпақ қатпарлы сүзгі 26 толық15 секунд ауа қағулары
арқылы тазаланады (жүріс дыбысы).
Сору қуаты жетерлік болмай қалса сүзгі тазалауды
орындау қажет.
Сүзгі тазалауды жүйелік түрде пайдалану үшін сүзгінің
пайдалану мерзімі ұзарады.
Идеалды сүзгі пайдалану мерзіміне жету үшін автоматты
сүзгі тазалауды тек ерекше жағдайда ғана өшіріңіз,
мысалы, таза сұйықтықты соруда немесе қағаздық сүзгі
қабын пайдалануда.
Беті ластанған жалпақ қатпарлы сүзгі толық істейді.
Жалпақ қатпарлы сүзгіні қағып немесе үрлеп тазарту
керек емес, ол және сүзгіні зақымдау мүмкін.
Ескертпе: Автоматты сүзгі тазалау зауытта қосылады.
Автоматты сүзгі тазалауды тек құрылғы қосулы болғанда
қосу/өшіру мүмкін.
– AFC өшіру
AFC түймешесін басыңыз 9.
Бақылау жарық диоды 35 өшеді.
– AFC белсендету
AFC түймешесін басыңыз 9.
Бақылау жарық диоды 35 жасыл жанады.
1 609 92A 0D0 | (24.7.13)
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
 Барлық жұмыстардан алдын шаңсорғыш айырын
розеткадан шығарыңыз.
 Дұрыс және сенімді істеуі үшін шаңсорғыш пен
желдеткіш саңылауларын таза ұстаңыз.
 Шаңсорғышты күту немесе тазалауда шаңтұтқыш
маскасын киіңіз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды
тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының
авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету
орталықтарында орындаңыз.
Жылына бір рет өндіруші немесе тапсырыс алған адам
шаңдық тексеруді орындауы қажет, мысалы сүзгінің
зақымдалуын, шаңсорғышқа ауа кірмейтіндігін және
бақылау құрылғысының жұмыс істеуін.
Лас орталықта тұрған М сыныпындағы шаңсорғыштардың
сырты және барлық машина бөліктері тазаланып,
герметикпен өңделуі керек. Қызмет көрсету және жөндеу
жұмыстарын орындау кезінде тазаланбайтын бөліктерді
алып тастау керек. Бұл бөліктерді өткізбейтін қаптарда
қалдықтарды жою бойынша қолданылатын заңдарға сай
тастау керек.
Шаңсорғышты қызмет көрсететін қызметкерлер мен өзге
адамдарға қауіп тудырмайтын ретте ажырату, тазалау
және қызмет көрсету керек. Ажыратудан алдын мүмкін
қауіптерді болдырмау үшін шаңсорғышты тазалау керек.
Шаңсорғыш ажыратылатын бөлме жақсы желдетілуі
керек. Қызмет көрсету кезінде жеке қорғаныс
жабдықтарын киіңіз. Қызмет көрсетуден соң қызмет
көрсету жайын тазалау керек.
Жалпақ қатпарлы сүзгіні шешу/алмастыру
(I1 –I2 суреттерін қараңыз)
Зақымдалған жалпақ қатпарлы сүзгіні 26 бірден
алмастырыңыз.
– Пластинаны 18 тартып сүзгі қаптамасын 36 ашыңыз.
– Жалпақ қатпарлы сүзгінің 26 қалқасынан ұстап оны
жоғарыға шығарыңыз.
– Жалпақ қатпарлы сүзгіні 26 алуда түсетін шаң бен ласты
ылғалды шүберекпен сүзгі қаптамасының 36
шеттерінен жойыңыз.
PES мен PTFE- жалпақ қатпарлы сүзіні су ағынында шаю
мүмкін.
– Жаңа немесе тазаланған жалпақ қатпарлы сүзгіні 26
орнатып дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
– Сүзгі қаптамасын 36 қайта жабыңыз (дыбыс шығарып
тірелуі керек).
Контейнер
Контейнерді 1 стандартты ысқаланбайтын тазалау
құралымен тазалап кептіріңіз.
Сұйықтық толтыру сенсорлары (J суретін қараңыз)
Толтыру сенсорлерін 37 тазалап түріңіз.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Professional gas 35 m afc3 601 jc3170