50 | Қазақ
– Бұрғыны шығарудан бұрын (3) түймесін қайтадан
басып, бағыттауышты (2) тірелгенше сыртқа
тартыңыз.
Бағыттауыш ұзындығын реттеу
(C суретін қараңыз)
Шаңның таза сорылуы және тереңдік
шектегішінің тиісінше реттелуі үшін,
бағыттауышты (2), алдыңғы жақтағы бұрғы
ұштығы шаң саңылауымен (8) беттелетіндей
реттеу қажет.
– Қажетті бұрғыны бұрғылау патронының құрал
бекіткішіне енгізіңіз.
– (3) түймесін, бағыттауышты (2) бұрғы ұзындығына
сәйкес реттей отырып басыңыз.
– (3) түймесін қайтадан жіберіңіз.
Нұсқау: сорғыш құрылғыны сақтау үшін (3) түймесін
басып, бағыттауышты (2) тірелгенше сыртқа тартыңыз.
Бұл ретте бағыттауыш серіппесі босатылып, серіппенің
қызмет ету мерзімі ұзарады.
Бұрғылау тереңдігін реттеу
(D суретін қараңыз)
Тереңдік шектегішін реттеу түймесінің (1) көмегімен
қажетті X бұрғылау тереңдігін белгілеуге болады.
– (1) түймесін басып, түймені бағыттауышқа (2),
көрсетілген X арақашықтығы қажетті бұрғылау
тереңдігіне сәйкес келетіндей жылжытыңыз.
– (1) түймесін қайтадан жіберіңіз.
Шаң саңылауын ауыстыру (E суретін
қараңыз)
Шаң саңылауының қабырғамен жанасу бетінде анық тозу
іздері көрінгенде және сору кезінде шаң сорғыш қылшақ
арқылы шыққан жағдайда, шаң саңылауын (8) ауыстыру
қажет.
– Тоқтатқыш түймені (12) басып, шаң саңылауын (8)
ұстағыштан тартыңыз.
– Жаңа шаң саңылауын, тоқтатқыш түйме шерту
дыбысымен тірелгенше, ұстағышға енгізіңіз.
Шаң жинағыш қорапты босату
(F1−F4 суреттерін қараңыз)
Нұсқау: шаң жинағыш қорапқа техникалық қызмет
көрсеткен және оны тазалаған кезде шаңнан қорғайтын
масканы киіп жүріңіз.
Оңтайлы сору күшін сақтау үшін шаң жинағыш
қорапты (13) жүйелі түрде және жұмыстарды
аяқтағаннан кейін босатып тұрыңыз. Көру әйнегінің (7)
көмегімен шаң жинағыш қораптың толтыру деңгейін
бақылауға болады.
1 609 92A 7WV | (21.02.2023)
– Электр құралын сорғыш құрылғымен көлденеңінен
ұстап, электр құралын бірнеше секундқа қосыңыз.
Осылайша шаң қалдықтары сору каналынан шаң
жинағыш қорапқа (13) сорылады.
– Сол жақ және оң жақ құлыптан босату түймесін (5)
басып, шаң жинағыш қорапты (13) сорғыш
құрылғыдан шығарыңыз.
– Қажет болса, HEPA сүзгісін (14) шаң жинағыш
қораптан шығарып, оны жақсылап қағыңыз немесе
сүзгі қабаттарын жұмсақ қылшақпен сүртіп шығыңыз.
Нұсқау: HEPA сүзгісін сумен немесе оны сығылған
ауамен үрлеу арқылы тазаламаңыз.
– Шаң жинағыш қорапты (13) арнайы қоқыс ыдысына
сілкіңіз.
– HEPA сүзгісін (14) тазалағаннан кейін, шаң жинағыш
қорапқа (13) қайта салыңыз. Содан кейін шаң
жинағыш қорапты сорғыш құрылғыға құлыптан босату
түймелері (5) сырт етіп енгізілгенше бұрыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
– Сорғыш құрылғыны құрғақ, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
Bosch Power Tools