Descargar Imprimir esta página

Bosch GFZ Professional 16-35 AC Manual Original página 104

Publicidad

OBJ_BUCH-594-004.book Page 104 Friday, April 29, 2016 4:50 PM
104 | Қaзақша
Ара полотноларын орнату (I – J суреттерін қараңыз)
Электр құралын тірек тақтамен жоғарыға бұраңыз.
Керек болса, сору каналын 8 алып қойыңыз („Сору
каналы" 104 бетінде қараңыз).
Әрдайым алдымен ара полотносы қысқышы 17
қозғалтқышқа жақын тұратын ара полотносын орнатыңыз.
Ескертпе: Ара полотносы қысқыштары 17 әр өшіруден
соң басқа күйде тұрады. Суреттер ықтимал күйді
көрсетеді.
 Ара полотносының 12 жазбасы әрдайым сыртқа
көрсетіп, түсі ара полотносы қысқышының 17
түсіне сай болуы керек.
SDS пернесін 9 басып ұстаңыз. Осылай бұғаттау
ысырмасы 18 кері тартылып, ара полотноларын асу
мүмкін болады.
Сәйкес ара полотносын 12 қозғалтқышқа ең жақын тұрған
ара полотносы қысқышына 17 асыңыз (). Ара
полотносын ара полотносы бағыттауышына 19 қайырып,
ара полотносының дөңес жерін пышақтағы 1 тесікке
салыңыз.
Екінші ара полтносын бос ара полотносы қысқышына 17
асыңыз (). Ара полотносын ара полотносы
бағыттауышына 19 қайырыңыз. SDS пернесін 9 жіберіңіз.
Жоғарыдан екінші ара полотносына 12 ара полотносының
дөңес жері пышақтағы 1тірелгенше салыңыз.
 Ара полотноларының бекем тұрғанына көз
жеткізіңіз. Босаң ара полотносы жарақаттауы мүмкін.
Ара полотносы қорғағышын 11 ара полотноларына 12
орнатыңыз.
Ара полотноларын алып қою
(K–L суреттерін қараңыз)
SDS пернесін 9 басыңыз. Екі ара полотноларын 12 бір
уақытта ара полотноларының қысқыштары 17 биіктігіне
ара полотносы бағыттауышынан тартыңыз ().
Ара полотноларын 12 ұзындыға бойы бір бірінен
жылжытып (), оларды бір бірінен соң ара полотносы
бағыттауышынан 19 () тартып алыңыз. Бір уақытта
алынса ара полотнолары бір бірін бұғаттайды.
Шаңды және жоңқаларды сору
 Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
1 609 92A 2PW | (29.4.16)
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Сору каналы (F суретін қараңыз)
Сору каналын 8 корпустағы қолтұтқа 6 астында асып
жұдырықшаға 10 тіретіңіз.
Сору каналын 8 шешу үшін оны 10 жұдырықшасында
ажыратып арқаға шешіңіз.
Шаңсорғышты қосу
Сорғыш шлангты (диметрі 35 мм, жабдық) аспирациялық
келте құбырға 7 орнатыңыз. Сорғыш шлангты шаңсорғына
қосыңыз (жабдықтар).
Осы нұсқаулықтар ақырында түрлі шаңсорғыштарға қосу
әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
 Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Қосу/өшіру
 Ара полотнолары электр құралы қосылғанда
жатпауы немесе ештеңе тимеуі тиіс.
Электр құралын қосу үшін қосу бұғаттауышына 4 сол
немесе оң жағынан басып ұстаңыз сосын қосқыш/
өшіргішті 5 басыңыз.
Өшіру үшін қосқыш/өшіргішті 5 жіберіңіз.
Аз жүрістер санында ұзақ уақыт электр құралды пайдалану
оның қатты қызуын тудыруы мүмкін. Ара полотноларын
алып электр құралын салқындату үшін шам. 3 минут
максималды жүріс санында істетіңіз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Жүріс санын алдын ала таңдау
Жүрістер санын таңдайтын реттеуші 3 арқылы қажетті
жүрістер санын пайдалану кезінде да реттеу мүмкін.
1–2:
төмен жүріс саны
3–4:
орташа жүріс саны
5–6:
жоғары жүріс саныl
Қажетті жүрістер саны дайындама және жұмыс
жағдайларына байланысты болуы мүмкін.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading