Маңызды қауіпсіздік ақпараты
Бұл бөлім осы өнімді қауіпсіз және тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге арналған
маңызды ақпаратты ұсынады. Бұл бөлімді мұқият оқыңыз және оны қол жетімді
орында сақтаңыз.
Нышандар кілті
Осы нұсқаулықтағы нышандар төменде белгіленген маңыздылық деңгейі арқылы
анықталады. Өнімді қолдану алдында мынаны мұқият оқыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Ауыр дене жарақатының алдын алу үшін ескертулерді мұқият сақтау керек.
САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ:
Жеңіл дене жарақатын, жабдық зақымын немесе деректердің жоғалуын болдырмау
үшін сақтық шараларды сақтау керек.
Қауіпсіздік сақтық шаралары
Бұл бөлімде TM-T70 принтерін қауіпсіз және тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге
арналған ескертулер мен сақтық ескертулер сипатталған. Осы өнімді қауіпсіз және
тиімді пайдалану туралы басқа ескертулер мен сақтық ескертулер нұсқаулықтың
басқа бөлімдерінде сипатталған.
ЕСКЕРТУ:
Егер TM-T70 түтін, оғаш иіс немесе әдеттен тыс шу шығарса, TM-T70 принтерін
өшіріңіз, айнымалы ток кабелін розеткадан бірден суырыңыз, содан кейін кеңес алу
үшін дилерге немесе Epson сервистік орталығына хабарласыңыз. Пайдалануды
жалғастыру өртке немесе ток соғуына әкелуі мүмкін.
Бұл өнімді өз бетіңізбен жөндеуге мүлдем әрекеттенбеңіз. Дұрыс жөндемеу қауіпті
болуы мүмкін.
Бұл өнімді мүлдем бөлшектемеңіз немесе өзгертпеңіз. Бұл өнімді шұқу жарақатқа
немесе өртке әкелуі мүмкін.
Көрсетілген қуат көзін пайдаланыңыз. Тиісті емес қуат көзіне қосу өрт тудыруы мүмкін.
Жабдық ішіне бөгде заттардың түсіп кетпеуін қадағалаңыз. Бөгде заттардың енуі өртке
әкелуі мүмкін.
Егер су немесе басқа сұйықтық осы жабдық ішіне төгіліп кетсе, TM-T70 принтерін
өшіріңіз, TM-T70 принтерінің қуат сымын дереу ажыратыңыз және кеңес алу үшін
дилерге немесе Epson сервистік орталығына хабарласыңыз. Әрі қарай пайдалану өртке
немесе ток соғуына әкелуі мүмкін.
DIP қосқышының қақпағын ашсаңыз, DIP қосқышын реттеуден кейін қақпақты
жабыңыз және бұранданы бекемдеңіз. Бұл өнімді қақпағы ашық түрде пайдалану өртке
немесе ток соғуына әкелуі мүмкін.
Осы өнімнің ішіне немесе айналасына құрамында жанғыш газ бар аэрозоль
бүріккіштерін пайдаланбаңыз. Бұл әрекет өртке әкелуі мүмкін.
САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ:
Кабельдерді осы нұсқаулықта аталғаннан өзге жолмен жалғамаңыз. Өзге жолмен
жалғау жабдық зақымына немесе өртке әкелуі мүмкін.
Осы жабдықты қатты, тұрақты, көлбеу бетке орнатыңыз. Өнім құласа сынып кетуі
немесе жарақатқа әкелуі мүмкін.
Бұл өнімді жоғары ылғалдылық немесе тозаң деңгейлері бар орындарда
пайдаланбаңыз. Артық ылғалдылық және тозаң жабдықтың зақымдалуына немесе
өртке әкелуі мүмкін.
TM-T70 Пайдаланушы нұсқаулығы 59