Драйверлерді, қызметтік бағдарламаларды және
нұсқаулықтарды жүктеу
Драйверлерді, қызметтік бағдарламаларды және нұсқаулықтарды келесі URL
мекенжайларының біреуінен жүктеуге болады:
Солтүстік Америка тұтынушылары үшін мына веб-торабына өтіңіз:
http://www.epsonexpert.com/ және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Басқа елдер тұтынушылары үшін мына веб-торабына өтіңіз:
http://www.epson-pos.com/
Басқару тақтасы
ҚАҒАЗ БЕРУ түймесі (FEED)
Бұл түйме қағазды береді.
(Қуат) ЖШД
Бұл ЖШД принтер қосулы кезде қосулы болады.
ҚАТЕ ЖШД (ERROR)
Бұл қатені көрсетеді.
ҚАҒАЗ БІТТІ ЖШД (PAPER OUT)
Қосулы болуы қағаз бітуге жақын қалғанын немесе біткенін көрсетеді. Жыпылықтау
күту режимін көрсетеді.
Орнату туралы маңызды ескертпелер
Сериялық интерфейс үшін нөл-модемдік кабельді (сондай-ақ, айқас кабель
❏
деп аталады) пайдалану керек.
Параллельді интерфейс үшін IEEE 1284 үйлесімді кабельдің техникалық
❏
сипаттамаларына сай кабельді пайдаланыңыз.
USB интерфейсі үшін принтерді жалғау алдында принтер драйверін
❏
орнатыңыз.
Принтерді орнату
Бұл принтерді тек көлденеңінен орнатуға болады.
Принтер қақпағын ашқанда және орам қағазды кескенде жылжымауы үшін
принтерді бекітіңіз. Опция ретінде принтерді бекітуге арналған лента қол жетімді.
C суретінде көрсетілгендей, принтерді 3° ең үлкен еңкейтумен орнатыңыз.
Принтерді 3°-тан көбірек еңкейтумен орнату келесі мәселелерді тудыруы мүмкін.
•
Орам қағаздың аяқталуға жақындауын анықтау мүмкін емес.
•
Орам қағазды орнатудан кейін принтер қақпағы жабылмайды.
•
Орам қағазды шығару мүмкін емес.
Қуат қосқышының қақпағын пайдалану
ЕСКЕРТУ:
Егер қуат қосқышы қақпағы бекітілген күйде сәтсіз жағдай орын алса, айнымалы ток
кабелін бірден ажыратыңыз. Әрі қарай пайдалану өртке немесе ток соғуына себеп
болуы мүмкін.
Қамтылған қуат қосқышының қақпағы қуат қосқышының кездейсоқ басылмауын
қамтамасыз етеді. Бұл қақпақты пайдалану үшін D суретінде көрсетілгендей
орнатыңыз.
TM-T70 Пайдаланушы нұсқаулығы 61