орналасса, өлшеу құралының сигнал күші жетіспей, сымды табу
мүмкін болмайды.
Егер үлкен диапазон бойынша жарық сақинасы (5) сары немесе
қызыл түспен жанып тұрса, бұл материалдың электрмен
экрандалғанын білдіреді және кернеу өткізгіш сымдарды іздеу
сенімді болмайды.
– Өлшеу құралы жақсы жерге тұйықталған болуы тиіс. Ол үшін
тұтқа бетінен (1) (қолғапсыз) берік ұстаңыз. Жермен жақсы
байланыстың бар болғанына көз жеткізіңіз. Оқшауланған аяқ киім,
саты немесе платформалар байланысқа кедергі келтіре алады.
Еденнің өзі жерге тұйықталған болуы тиіс, әйтпесе сымның орнын
анықтау мүмкін болмайды.
– Қуат сымының 50–60 Гц сигналы сым арқылы тікелей айналадан
күшті болуы тиіс. Егер қабырға тым құрғақ немесе нашар жерге
тұйықталған болса, сигнал бүкіл қабырға бойынша бірдей күшке ие
болады. Сонда өлшеу құралы үлкен диапазон бойынша сигналдың
табылғанын көрсетеді, алайда сымның орнын дәл анықтау мүмкін
болмайды. Мұндай жағдайда сигналды қабырғадан ығыстыру үшін
бос қолыңызды қабырғадағы өлшеу құралынан 20–30 см аралықта
ұстау көмектесуі мүмкін.
Кернеу өткізгіш сым табылса, жарық сақинасы (5) қызыл түспен жанып,
кернеу өткізгіш сымдардың индикаторы (3) ақ түспен жанады және
дыбыстық сигнал беріледі.
Қабырғаларда, төбелерде немесе едендерде бұрғылау, аралау
u
немесе фрезерлеуден бұрын ток тұтынушыларын өшіріп, ток
өткізгіш сымдарды ажыратыңыз. Барлық жұмыстардан кейін
астыңғы бетте тұрған заттар кернеу көзіне қосылмағанын
тексеріңіз.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Нысандарды белгілеу
Қажет болса, табылған нысандарды белгілеуге болады. Әдеттегідей
өлшеңіз.
Нысанның шеттерін немесе ортасын тапқан болсаңыз, ізделетін жерді
жоғарғы белгілеу көмекші құралында (7) және бүйірлік белгілеу
көмекші құралдарында (6) белгілеңіз. Нүктелерді тік және көлденең
Bosch Power Tools
Қазақ | 249
1 609 92A 8B4 | (02.03.2023)