Пайдалану
Маңайда балалар, бөгде адамдар және
1.
үй жануарлары тұрмауы керек. Балалар,
бөгде адамдар және үй жануарлары
кемінде 15 м радиус жерде болуы тиіс.
15 м алшақ тұрғанның өзінде ұшқан
заттардың жарақаттау қаупі болады.
Бөгде адамдардың көзді қорғайтын құрал
тағуы керектігі айтылуы тиіс. Сізге біреу
жақындаса, машинаны тоқтатыңыз.
► Сурет1
2.
Ауаүрлегішті өшіріңіз, аккумулятор
картриджін шығарып алыңыз, барлық
қозғалмалы бөлшектердің толық
тоқтағанына көз жеткізіңіз
•
ауаүрлегішті қалдырған кезде.
бітелген саңылауларды тазалау алдында.
•
ауаүрлегішті тексеру, тазалау немесе
•
онымен жұмыс істеу алдында.
ауаүрлегіш қалыптан тыс дірілдей
•
бастаса.
3.
Ауаүрлегішті күндізгі уақытта немесе жақсы
жасанды жарықпен пайдаланыңыз.
4.
Құралға қарай қатты ұмтылмаңыз және
әрдайым тұрақты және тепе-теңдік
сақтайтын қалыпта тұрыңыз.
5.
Көлбеу жерде болған кезде тұрақты қалыпта тұрыңыз.
6.
Жүгірмей, жай жүріп қолданыңыз.
7.
Барлық суытатын ауа кірістерін
қоқыстардан тазалаңыз.
8.
Қоқыстарды айналадағы адамдарға қарай үрлемеңіз.
9.
Ауаүрлегішті ұсынылған күйде және
тұрақты жерде пайдаланыңыз.
10. Ауаүрлегішті биік жерлерде пайдаланбаңыз.
11.
Ауаүрлегішті пайдаланғанда саптаманы
ешкімге жақыннан бағыттамаңыз.
12. Сору саңылауын және/немесе ауаүрлегіш
шығысын ешқашан бітемеңіз.
•
Шаңды аймақта пайдаланғанда,
сору саңылауын немесе ауаүрлегіш
шығысын шаңмен немесе балшықпен
бітеп тастамаңыз.
•
Makita компаниясы ұсынған
саптамалардан басқа саптамаларды
пайдаланбаңыз.
•
Ауаүрлегішті доптарды, резеңке
қайықты немесе сол секілді заттарды
үрлеу үшін пайдаланбаңыз.
13. Ауаүрлегішті ашық терезеге жақын, т.б.
жерде пайдаланбаңыз.
14. Ауаүрлегішті таңертең ерте немесе түн
ішінде пайдалану адамдардың мазасын
алуы мүмкін, сондықтан оны тек тиісті
уақытта пайдалану ұсынылады.
15. Үрлеу алдында қоқыстарды жинау үшін,
тырма мен сыпыртқыны пайдалану
ұсынылады.
16. Үрлеудің алдында шаңды жерлерде беткі
қабаттарын аздап сулаңыз немесе қажет
болса, су бүріккішін қолданыңыз.
17. Ауаүрлегіш шүмегінің ұзындығын ауа
ағынының жерге жақын орналасуы үшін
реттеңіз.
18. Ауаүрлегіш бөгде заттарға соғылса немесе
әдеттен тыс шу немесе діріл шығара
бастаса, оны дереу өшіріп тоқтатыңыз.
Ауаүрлегішті қайта іске қосып, пайдалану
алдында, аккумулятор картриджін
шығарып, зақымдардың бар-жоғын
тексеріңіз. Ауаүрлегіш зақымдалған болса,
Makita компаниясының өкілетті сервистік
орталығына хабарласып жөндетіңіз.
19. Саусақтарыңызды немесе басқа заттарды
сору саңылауына немесе ауаүрлегіш
шығысына салмаңыз.
20. Кездейсоқ іске қосудың алдын алыңыз.
Аккумулятор картриджін салмас бұрын,
ауаүрлегішті жинамай тұрып немесе
тасымалдамас бұрын, ауыстырып-
қосқышы өшірулі күйде екеніне көз
жеткізіңіз. Саусағыңызды ауаүрлегіштің
ауыстырып-қосқышына қойып тасымалдау
немесе ауыстырып-қосқышы қосулы
ауаүрлегішті қуат көзіне қосу жазатайым
оқиғаға әкеп соғуы мүмкін.
21. Тырнақ, әйнек сынықтары немесе өткір
жүздер секілді қауіпті материалдарды
ешқашан үрлемеңіз.
22. Ауаүрлегішті тұтанғыш материалдардың
жанында пайдаланбаңыз.
23. Ауаүрлегішті температурасы төмен ортада
ұзақ уақыт бойы пайдаланбаңыз.
24. Машинаны жинау немесе реттеу алдында,
моторды өшіріп, аккумулятор картриджін
шығарып алыңыз.
25. Моторды іске қоспас бұрын жеке қорғаныс
құралдарын киіңіз.
26. Моторды іске қоспас бұрын машинада
зақымдардың, бос бұранда/сомындардың
бар-жоғын немесе дұрыс жиналғанын
тексеріңіз. Барлық басқару тетіктері
мен ауыстырып-қосқыштардың оңай
басқарылуын тексеріңіз. Тұтқаларды
тазалаңыз және құрғатыңыз.
27. Машина зақымданған немесе толық жиналмаған
болса, моторды іске қосуға тырыспаңыз.
28. Оператордың дене өлшеміне сәйкес болуы
үшін иық белбеуі мен сапты реттеңіз.
29. Жұмыс кезінде иық белбеуін
пайдаланыңыз. Машинаның оң жағыңызда
берік ұстаңыз.
► Сурет2
30. Алдыңғы тұтқаны сол қолыңызбен
және артқы тұтқаны оңақай не солақай
болғаныңызға қарамастан оң қолыңызбен
ұстаңыз. Саусақтарыңыз және бас
бармақтарыңызбен тұтқаларды ұстаңыз.
31. Ешқашан бір қолыңызбен машинаны
пайдалануға тырыспаңыз. Ие бола алмай
қалсаңыз, жарақатқа әкелуі мүмкін.
32. Машина қатты соғылса немесе құласа,
жұмысты жалғастырмай тұрып, жағдайын
тексеріңіз. Басқару элементтерінде және
қауіпсіздік құрылғыларында ақаулық жоғын
тексеріңіз. Зақым бар болса немесе күмән
пайда болса, өкілетті сервистік орталығымызға
хабарласып тексертіңіз және жөндетіңіз.
231 ҚАЗАҚША