Wi-Fi желісі мен желіге жалғау бойынша анықтама мен кеңестер
Бағдарламалық құралды реттеу немесе кейінгі реттеу кезінде принтерді таба алмаса,
мәселені шешу үшін төмендегі шарттарды тексеріңіз.
Wi-Fi желісін қайта орнату
(параметрлерді орнату режимі)
Параметрлерді бастапқы орнату кезінде:
Егер көк Wi-Fi шамы жыпылықтамаса, принтер
Wi-Fi реттеу режимінде болмауы мүмкін. Басқару
тақтасын тексеріп, нұсқау берілсе, «Resume Setup»
(Реттеуді жалғастыру) опциясын таңдаңыз.
Принтерді пайдалану барысында Wi-Fi ажырап қалады:
1. Басқару тақтасында Menu > Settings > Network (Мәзір > Параметрлер > Желі) тармағын
түртіңіз. Restore Network Settings (Желі параметрлерін қалпына келтіру) тармағына жылжып
барып, «Restore» (Қалпына келтіру) түймесін түртіңіз.
2. Принтер Wi-Fi желілерін сканерлеп болғанша күтіңіз. Желіңізді таңдап, құпиясөзді енгізіңіз
де, оған қосылыңыз.
3. Егер болса HP бағдарламалық жасақтамасын ашып, принтерді қайтадан қосыңыз.
Басқа ықтимал ақаулар
Компьютер немесе мобильді құрылғы
принтерден алыс
Компьютер виртуалдық жеке желіге
(VPN) немесе қашықтағы жұмыс
желісіне жалғанған
Компьютерде Wi-Fi өшті
(компьютер Ethernet арқылы
қосылды)
Мобильді құрылғыда Bluetooth және
орналасқан жер қызметтері өшірілген
Анықтама және Қолдау қызметі
Принтер ақауларын жою және видео көру
үшін hp.com/start/4V2M9C сайтына кіріңіз
Бұл құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Компьютерді немесе мобильді құрылғыны принтерге
жақындатыңыз. Құрылғы принтердің Wi-Fi
сигналының ауқымынан тыс болуы мүмкін.
HP бағдарламалық құралын орнатпас бұрын, VPN
желісінен ажыратыңыз. VPN желісіне жалғаулы
кезде Microsoft Store ұсынатын қолданбаларды
орната алмайсыз. Принтердің параметрлерін
орнатқаннан кейін VPN желісіне қайта жалғаңыз.
Ескертпе: VPN желісінен ажырамас бұрын орныңыз
бен Wi-Fi желісінің қауіпсіздігін тексеріңіз.
Егер компьютеріңіз Ethernet арқылы жалғанған
болса, принтердің параметрлерін орнату кезінде
компьютердің Wi-Fi желісін іске қосыңыз. Wi-Fi
арқылы параметрлерді орнату аяқтау үшін Ethernet
кабелін уақытша ажыратыңыз.
Егер параметрлерді мобильді құрылғының көмегімен
орнатсаңыз, Bluetooth пен орналасқан жер қызметтерін
іске қосыңыз. Бұл бағдарламалық жасақтаманың желі
мен принтерді табуына көмектеседі.
Ескертпе: Орныңыз анықталған жоқ және
параметрлерді орнатудың бір бөлігі ретінде HP
компаниясына орын туралы ешқандай ақпарат
жіберілген жоқ.
Шешімі
hp.com/start/4V2M9C
15