Descargar Imprimir esta página

Bosch EasySpray 18V-100 Manual Original página 207

Ocultar thumbs Ver también para EasySpray 18V-100:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 38
Иық белдігін бекіту (B суретін қараңыз)
Өңделетін барлық жазықтықтар қолжетімді және икемді
болуы үшін, негізгі блокқа иық белдігін (26) тағуға
болады.
– Әр ілмекке (27) бір белдік ұшын іліңіз.
Пайдалану
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Жұмыс істеуге дайындық
Суға жақын жерде немесе тікелей әсер ететін
u
жайға жақын жерде бүрку жұмысын орындау
мүмкін емес.
Бояуларды, лактарды және бүрку материалын сатып
u
алуда қоршаған ортаға әсерін ескеріңіз.
Бүрку аймағын дайындаңыз
Бояу себілетін бет таза, құрғақ және майсыз болуы қажет.
– Тегіс беттерді бұдырлап, содан кейін ажарлау шаңын
кетіріңіз.
Пайдаланған кезде, қапталмаған барлық беттер бүріккіш
тұманмен ластануы мүмкін. Сондықтан бояу себілетін
беттің айналасын жақсылап дайындаңыз:
– Еденді, интерьер заттарын, есіктерді, терезелерді
және есік пен терезе жақтауларын және т.б. мұқият
жауып қойыңыз. Еденді жабу үшін, мысалы, бояу
флизелині ұсынылады.
– Жапқыш материалды бекітіңіз. Жеткілікті бекітілмеген
жапқыш материал қатты ауа ағынынан босап қалуы
немесе ұшырып түсірілуі мүмкін.
Розеткалар мен ажыратқыштарды мұқият
u
жабыстырыңыз. Жабыстырылмаған розеткалар мен
ажыратқыштар қысқа тұйықталуды тудыруы мүмкін
және ток соғу қаупін арттырады.
Бүрку материалын дайындау
Сұйылту кезінде бүрку материалы мен
u
сұйылтқыштың үйлесімді болғанына көз
жеткізіңіз. Қате сұйылтқыш пайдаланылған жағдайда,
бүріккіш пистолеттің бітелуіне әкелуі мүмкін кесектер
пайда болуы мүмкін.
Бүрку материалын сұйылтуда қоспаның жану
u
нүстесі сұйылтқаннан соң қайта 55 °C жоғары
Bosch Power Tools
жатқанына көз жеткізіңіз. Мысалы, еріткіш қамтитын
лактарды сұйылтуда жану нүктесі төменделеді.
Бүрку қабілеті туралы, мысалы, нұсқаулықтағы
u
немесе техникалық төлқұжаттағы бояу
өндірушісінің мәліметтеріне назар аударыңыз.
Өндірушінің мәліметтеріне сәйкес жарамсыз
бояуларды бүркімеңіз.
– Бүрку материалын жақсылап араластырыңыз.
Бүрку материалы бөлме температурасында
пайдаланылған кезде, бүрку сипаты жақсырақ болады.
– Қажет болса, бүрку материалын сұйылтыңыз.
Егер сынақ бүрку кезінде жақсы бүрку сипаты пайда
болмаса, оңтайлы бүрку сипатына жеткенше, 5 %
қадам бойынша сұйылту әрекетін орындаңыз.
Бүрку материалы
Сүректі қорғайтын заттар, су,
майлар, жіңішке көкшіл бояулар
Бітегіштер, тот басудан
қорғайтын төсеме бояулар
Еріткішпен немесе сумен
сұйылтылатын (ұсынылады) лак
бояулары, төсеме бояулар,
радиаторларға арналған лактар,
қалың көкшіл бояулар
Сұйылту кестесі
Бүрку
Сұйылтуға арналған сұйылтқыш [мл]
материалы
5%
[мл]
300
15
400
20
500
25
600
30
Бүрку материалын құю (C1–C2 суреттерін қараңыз)
Ескертпе: Бүрку материалын толтырудан алдын ауа
шлангісін (17) алып қойыңыз (найзалы құлыпты (18)
шірек айналымға сағат тіліне қарсы; найзалы құлыпты
(18) қосқыштан (4) тарту).
көлденең нысандарға бүрку
алға, саптама/ауа
жұмыстары үшін
қалпағына қарай
бас үстінен орындалатын
артқа, тұтқаға қарай
бүрку жұмыстары үшін
– Үлкен ыдыстарды пайдаланған кезде бүріккіш
материалды кішірек қотару шелегіне  құйыңыз
(мысалы, 10 л қабырға бояуын 2,5 немесе 5,0 л бос
шелекке).
– Контейнерді (7) бүріккіш пистолеттен бұрап алыңыз.
– Бүрку материалын ең көбі 800 белгісіне дейін
контейнерге (7) құйыңыз.
– Көтергіш құбырды (12) бүрку материалы үздіксіз
дерлік бүркілетіндей етіп бұраңыз:
– Сынақ аймақта бүріккіп көріңіз.
Тиісті бүрку сипатын алғаннан кейін, бүркуді бастай
беруіңізге болады.
Қазақ | 207
Ұсынылған сұйылту
0%
0−5%
кемінде 5%
10%
15%
30
45
40
60
50
75
60
90
1 609 92A 848 | (11.07.2022)

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

0 603 208 000