Descargar Imprimir esta página

Bosch EasySpray 18V-100 Manual Original página 210

Ocultar thumbs Ver también para EasySpray 18V-100:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 38
210 | Қазақ
Қосалқы контейнер (керек-жарақ) (J суретін
қараңыз)
Қақпағы бар қосалқы контейнерде (8) бүрку материалын
кейінгі қолданыс үшін саңылаусыз сақтауға болады.
Су негізіндегі бояуларды пайдаланғаннан кейін
тазалау (K суретін қараңыз)
Бүріккіш пистолетті және бүрку материалының
контейнерін әрдайым жылы сумен тазалаңыз.
Бүріккіш пистолеттің саптама және ауа саңылауларын еш
жағдайда үшкір заттармен тазаламаңыз.
– Негізгі блокты (19) өшіріп, ауа шлангісін (17) бүріккіш
пистолеттен (1)шығарыңыз.
– Контейнерді (7) бүріккіш пистолеттен (1)босатыңыз.
Контейнерді (7) көтергіш құбырдың (12) астында
ұстап тұрып, бүрку материалы контейнер ішіне ағуы
үшін, бүріккіш пистолеттің басқару қосқышын (6)
басыңыз.
– Контейнерді (7) толықтай босатыңыз.
Бүрку материалын кейінірек пайдалану үшін тығыз
жабылған бояу контейнерінде сақтауға болады. Ол
үшін, мысалы, қақпағы бар қосалқы контейнерді (8)
немесе түпнұсқа бүрку материалының контейнерін
қолданыңыз.
– Контейнерді (7) тазалаңыз.
– Көтергіш құбырды (12) контейнер
тығыздауышымен (14) бірге бөлшектеп, жақсылап
шайыңыз.
Көтергіш құбырды (12) контейнер
тығыздауышымен (14) бірге бүріккіш пистолетке
қайтадан бекітіңіз.
– Контейнерді (7) жылы сумен толтырып, бүріккіш
пистолетке (1)қайтадан бекітіңіз.
– Ауа шлангісін (17) бүріккіш пистолетке (1)қайтадан
жалғаңыз.
– Таза су ғана шыққанша бүркіңіз. Қажет болса,
контейнерді жылы сумен қайтадан толтырыңыз.
– Ауа шлангісін (17) негізгі блоктан (19) да, бүріккіш
пистолеттен (1)де шығарып алыңыз.
– Қажет болса, негізгі блокты ылғалды шүберекпен
тазалап, содан кейін негізгі блокты (19) және ауа
шлангісін (17) тікелей тазалау аймағынан алып
тастаңыз.
– Жаппа гайканы (3), ауа қақпағын (2), тығыздауыш
шайбаны (11), саптама қалпағын (9) тығыздауыш
сақинасымен (10) бірге және көтергіш құбырды (12)
контейнер тығыздауышымен (14) бірге бөлшектеңіз.
Бұл ретте тығыздауыш сақина (10) саптама
қалпағында қалғанына көз жеткізіңіз.
– Жылы су құйылған шелекте барлық бояу өткізетін
бөлшектерді әдеттегі шаю қылшағымен тазалаңыз.
Сондай-ақ бүріккіш пистолеттің (1)бояу каналын (16)
тазалаңыз.
– Көтергіш құбырда (12) контейнер
тығыздауышымен (14) бірге бүрку материалының
жоқтығына және зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
1 609 92A 848 | (11.07.2022)
– Желдету саңылауын (15) жарамды тазалау
қылшағымен тазалаңыз.
– Контейнерді (7) және бүріккіш
пистолетті (1)сыртынан суланған шүберекпен
тазалаңыз.
– Құрастырудан бұрын барлық бөліктерді жақсылап
кептіріңіз.
– Майда бүріккіш жүйені кері реттілікпен қайтадан
монтаждаңыз.
Контейнер тығыздауышын (14) көтергіш
құбырдың (12) ойығына қайтадан жоғары қарай
жылжытыңыз.
Бүріккіш пистолетті тиісінше тығыздау үшін контейнер
тығыздауышы көтергіш құбыр ойығының айналысында
дәл орналастырылғанын қамтамасыз етіңіз.
Көтергіш құбырды (12) міндетті түрде бояу
каналының (16) үстіне тірелгенше қайта жылжытыңыз.
Еріткіш негізіндегі бояуларды пайдаланғаннан кейін
тазалау (K суретін қараңыз)
Бүріккіш пистолетті және бүрку материалының
контейнерін әрдайым пайдаланылған бүрку материалына
арналған тиісті сұйылтқышпен тазалаңыз.
Бүріккіш пистолеттің саптама және ауа саңылауларын еш
жағдайда үшкір заттармен тазаламаңыз.
Еріткіштермен және еріткіш негізіндегі бояулармен
тазалау жұмыстарын өткізген кезде арнайы қолғап киіп
жүріңіз.
– Негізгі блокты (19) өшіріп, ауа шлангісін (17) бүріккіш
пистолеттен (1)шығарыңыз.
– Қажет болса, негізгі блокты сұйылтқышпен
дымқылданған шүберекпен тазалап, содан кейін
негізгі блокты (19) және ауа шлангісін (17) тікелей
тазалау аймағынан алып тастаңыз.
– Контейнерді (7) бүріккіш пистолеттен (1)босатыңыз.
Контейнерді (7) көтергіш құбырдың (12) астында
ұстап тұрып, бүрку материалы контейнер ішіне ағуы
үшін, бүріккіш пистолеттің басқару қосқышын (6)
басыңыз.
– Контейнерді (7) толықтай босатыңыз.
Бүрку материалын кейінірек пайдалану үшін тығыз
жабылған бояу контейнерінде сақтауға болады. Ол
үшін, мысалы, қақпағы бар қосалқы контейнерді (8)
немесе түпнұсқа бүрку материалының контейнерін
қолданыңыз.
– Контейнерді (7) тазалаңыз.
– Көтергіш құбырды (12) контейнер
тығыздауышымен (14) бірге бөлшектеп, жақсылап
шайыңыз.
Көтергіш құбырды (12) контейнер
тығыздауышымен (14) бірге бүріккіш пистолетке
қайтадан бекітіңіз.
– Контейнерді (7) жартысына дейін еріткішпен
толтырып, бүріккіш пистолетке (1)қайтадан бекітіңіз.
– Бүріккіш пистолетті бірнеше рет шайқаңыз.
Бұл ретте сұйылтқышты сеппегеніңізге көз жеткізіңіз.
Жарылыс қаупі бар.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

0 603 208 000