1.5
Сәйкестілік декларациясы
Өндіруші осы нұсқаулықта сипатталған өнімнің қолданыстағы заңнамаға және қолданыстағы
стандарттарға сәйкес екендігін толық жауапкершілікпен жариялайды. Сәйкестілік декларациясының
суреті осы құжаттаманың соңында орналасқан.
Техникалық құжаттама мына жерде сақталған:
Hilti Entwicklungsgesellschaft mbH | Zulassung Geräte | Hiltistraße 6 | 86916 Kaufering, DE
2
Қауіпсіздік
2.1
Қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқаулар
ЕСКЕРТУ Бұл өнімге арналған барлық қауіпсіздік нұсқауларын, нұсқауларды, суреттерді және
техникалық деректерді оқып шығыңыз. Төменде берілген нұсқауларды орындамау электр тогының
соғуына, өртке әкелуі мүмкін және/немесе ауыр жарақаттарды тудыруы мүмкін.
Қауіпсіздік бойынша барлық нұсқауларды және жалпы нұсқауларды келесі пайдаланушы үшін сақтап
қойыңыз.
Кез келген жағдайда бекітілген электр құралының қызмет көрсету бойынша нұсқаулығын
орындаңыз.
Жұмыс орны
▶ Жұмыс орнындағы тазалықты және тәртіпті қадағалаңыз. Жұмыс орнындағы ретсіздік және
нашар жарық сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
▶ Тұтанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң бар жарылғыш аймақта өніммен жұмыс істемеңіз.
Жұмыс кезінде электр құралдары ұшқындар шығады және ұшқындар шаңды немесе буларды
тұтандыруы мүмкін.
▶ Балаларды және бөгде адамдарды жұмыс істеп тұрған өнімнен алшақ ұстаңыз. Назарыңыз
басқа нәрсеге ауса, өнімді басқару мүмкіндігін жоғалтуыңыз мүмкін.
▶ Өнімді кию кезінде қоршаған ортаға назар аударыңыз және айналаңызда адамдар жоқ
екеніне көз жеткізіңіз. Консольді зақымдап, адамдарды жарақаттауыңыз мүмкін.
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Ұқыпты болыңыз, әрекеттеріңізге көңіл бөліңіз және электр құралымен жұмыс істеуге дұрыс
қараңыз. Шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь не дәрі қабылдаған соң электр құралын
қолданбаңыз. Электр құралын қолданған кездегі зейінсіздік ауыр жарақаттарға апарып соғуы
мүмкін.
▶ Электр құралының кездейсоқ қосылуын болдырмаңыз. Аккумуляторды қосу, ұстау немесе
тасымалдау алдында, өнімнің өшірулі екеніне көз жеткізіңіз. Сақтамау жазатайым оқиғаларға
әкелуі мүмкін.
▶ Жұмыс кезінде ыңғайсыз қалыптарға тұрмауға тырысыңыз. Үнемі тұрақты күйді және тепе-
теңдікті сақтаңыз. Бұл күтпеген жағдайларда электр құралын жақсырақ басқаруға мүмкіндік
береді.
▶ Берілген электр құралын пайдалану кезінде тұрақты беріктікті қамтамасыз етіңіз. Кенет
жарылу нәтижесінде тепе-теңдігіңіз бұзылуы мүмкін!
▶ Кез келген уақытта бекітілген электр құралының салмағын көтере алатын күйде болыңыз.
Қолайсыз жағдайларда сымарқан үзілуі немесе қозғалтқыш / тежегіш істен шығуы мүмкін, бұл
тепе-теңдігіңізді жоғалтуға әкеледі.
▶ Арнайы киімді киіңіз. Өте бос киімді немесе әшекейлерді кимеңіз. Шашты, киімді және
қолғапты электр құралының айналатын түйіндерінен сақтаңыз. Бос киім, әшекейлер және ұзын
шаш оларға ілінуі мүмкін.
▶ Өнімді пайдаланған кезде әрдайым қорғауыш аяқ киімді, дулығаны киіңіз және көзді қорғау
құралдарын тағыңыз. Жеке қорғаныс құралыңызды бекітілген электр құралына қажет барлық
элементпен толықтырыңыз (мысалы, шуылға қарсы құлаққап, шаңнан қорғайтын маска).
▶ Өнімді дұрыс кию әдісі туралы нұсқауларды орындаңыз. Барлық қолданыстағы белдікті
жабыңыз. Белдіктерді дұрыс тақпаған жағдайда, тасымалданатын салмақ дұрыс үлестірілмей,
нәтижесінден жарақат алуға әкелуі мүмкін.
▶ Өз мойныңызға қате қауіпсіздік сезімін алмаңыз және электр құралына арналған қауіпсіздік
ережелерін бұзбаңыз, тіпті электр құралын жиі қолданатын тәжірибелі пайдаланушы
болсаңыз. Мұқиятсыз қолдану бірнеше секундта ауыр жарақаттануға апарып соғуы мүмкін.
▶ Өнімді қолданбаған немесе үзіліс жасаған жағдайда қойып қойыңыз. Қажеттілікке сай кимеу
жазатайым оқиғалар мен жарақаттануға әкелуі мүмкін.
318
Қазақ
2375781
*2375781*